Меню
Назад » » »
Дашамен табиғатқа саяхат.
загрузка...

загрузка...
Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Құрық ауылы
«Құлыншақ» балабақшасы тәрбиешісі
Шыңғысбай Балжан Сағатбекқызы

Дашамен табиғатқа саяхат.
Мақсаты: Балалардың табиғат әлеміне деген сүйіспеншілігін ояту арқылы экологиялық тәрбие беру.Ойын тапсырмалар арқылы ойлау белсенділігін дамыту, өз ойын еркін айта білу дағдысын қалыптастыру.
Әдіс-тәсілі: Саяхат,түсіндіру,сұрақ-жауап,ТРИЗ әдісі,аралас оқу іс –әрекеті.
Көрнекілігі:АКТ,бауырсақ, қоян,Даша,аю, түлкі киімдері , табиғат көріністері, орман.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Топқа әндетіп балалар кіреді.
Біз кішкентай балдырған,
Сескенбейміз жаңбырдан.
Төбемізде қол шатыр,
Алдымызда жол жатыр.
Балалар: Балжан Сағатбекқызы біз қайда келдік?
Тәрбиеші: Балалар шынында да мен түсінбей қалдым.Бізге бүгін қонақтар келуі керек еді.Бұл уақытта біз балабақшада болуымыз керек.Жан-жағымызға жақсылап қарайықшы. Біз қайда келдік?
Ширма ашылады, орман көрінісіне назар аударады.
Балалар : Біз орманға келдік.
Тәрбиеші : Мұнда не көріп тұрсыңдар?
Балалар: Орман аңдарын, табиғаттың кереметтігін, ағаштар көріп тұрмыз.
Тәрбиеші: Қандай ағаш көп екен?
Балалар: Шырша ағашы көп екен.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар ендеше табиғат –анамызбен амандасу үшін таңғы шаттық шеңберіне тұрайық
Таңғы шаттық шеңбері:
Қуанайық шаттанайық балақай
Аспанда күн жарқырайды алақай!
Атқан таңға иіліп сәлем беріп,
Бақыт тілейік баршамызға осындай.
Қайырлы таң ! Қайырлы күн!
Тәрбиеші: Балалар жарайсыңдар. Қараңдаршы бүгінгі күн қандай тамаша! Ендеше бүгінгі күніміз жақсы өтсін деген тілекпен бір-бірмізге ішкі жүрек жылуымызды сыйлап,осы орманға табиғат аясына саяхаттап қайтайық.
(Осы кезде ішке Даша келеді) .
Тәрбиеші: Good morning Dasha .What is you happend? ( Саған не болды?).
Даша: Хелоу чилдрен Ай ем лукиң фо май френд Джинджер бред мэн!
Сәлеметсіңдерме балалар.Мен досым бауырсақты іздеп жүрмін
Тәрбиеші: Балалар Даша өзінің досы бауырсақты іздеп жүр екен.Оның айтуынша бауырсақ орманға кеткен содан оралмаған.
Уи а хелп ,чилдрен?
Балалар : Yes
Тәрбиеші: Балалар бауырсақты орманда түлкі жеп қоюы мүмкін ?Ендеше табиғатқа саяхатымызды Дашаның досы бауырсақты табумен бастайық.
Балалар сендер білесіңдерме осы орманда серуендеп жүріп біздер табиғат анамыздың 4 бірдей кереметін көретін боламыз .Олар жер, су, ауа, күн екен.
-Балалар табиғатқа саяхатқа шыққанда табиғат ережелерін сақтап жүруіміз қажет. Қандай ережелер бар?
Ізбасар: Орман тыныштығын ,тазалығын сақтауымыз қажет.
Каусар: Аңдар мен құстарға қамқор болуымыз керек.
Ақжарқын: Ағаштарға қамқор болумыз қажет.
Алдарынан қоян шығады .
Тәрбиеші: Салеметсің бе қоян.
Қоян:Саламатсыңдарма балалар.Мұнда қайдан жүрсіңдер?
Тәрбиеші: Біз табиғатқа серуендеп әрі Дашаның досы бауырсақты іздеп келеміз.
Балалар: Ия қоян сен бізге бауырсақтың қайда екенін айтпаспа екенсің?
Қоян:Бауырсақ дейсіңдерме? Мен оны расында да көрдім ол маған ән айтып берді.Бірақ сендер менің тапсырмамды орындамасаңдар мен қайда кеткенін айтпаймын.
Мен сендерге жұмбақ жасырамын , сендер шешімін табыңдар
Жұмбақ
Ақ шапанын үстінен
Алты ай бойы шешпейді
Қара шапанын үстінен
Алты ай бойы шешпейді- шешуі не ?
Балалар : Жер
Даша: Ес , ай ноу Итс лэнд!
Асланбек: Жер –біздің ортақ үйіміз. Ол дөңгелек.
Әмина: Жерде адамдар ,аңдар, жануарлар мекендейді.
Жаннұр: Жердің көп бөлігін су алып жатыр.
Қоян:Дұрыс таптыңдар. Балалар мен мына суреттердің мағынасын түсінбей отырмын маған түсіндіріп беріңдерші.(экологиялық белгілері бар суреттер көрсетеді)
Балалар:
1Каусар:. Ағашты сындырма!
2.Асланбек: Аң-құсты атпа!
3.Ақжарқын: Көк шөпті жұлма!
4.Жаннұр: Ұяны бұзба!
Тәрбиеші:Қоян біздің балалар сенің үйшігіңнің айналасын әп сәтте гүлдендіріп береді. Қане балалар қоянға қоршаған ортаны қалай гүлдендіруді үйретейік.
Екі топқа бөлініп жерге гүл, ағаштар отырғызып қоянның жерін көркейту .
Қоян: Рахмет сендерге балалар мен сендерге жол көрсетейін .
Даша:Ай маст файнд май френд Джинджер бред мэн?
Тәрбиеші: Yes y mast. Йес ю маст
Балалар Дашамен қоянмен ары қарай саяхатын жалғастырады.
Тәрбиеші: Міне балалар біз қоянның арқасында табиғат анамыздың бірінші кереметі жер туралы да білдік.
Алдарынан Аю шығады.
Тәрбиеші: Сәлеметсіңбе аю.
Аю: Саламатсыңдарма балалар.
Тәрбиеші: Аю мырза біз Дашаның досы бауырсақты іздеп жүрміз.Сіз оны көрмедіңізбе?
Аю: (Шар ұстап тұрады) . Мен бауырсақты көрдім, бірақ мен сендерге айтпаймын . Сендер маған мына шардың қалай ұшып тұрғанын түсіндіріп берулеріңді сұраймын. Тәрбиеші балаларға жетелеуші көмек ретінде жұмбақ жасырады
Балалар мен сендерге көмектесіп жіберейін.
Барма жоқпа оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
Балалар : Ауа
Ақжарқын: Я знаю «ауа» это по русский будеть воздух.
Даша : Иес ай ноу итс эйр!
Шармен ауаның барына тәжірбие жасату. Мұрнын қысып тәжірбие жасау.
Аю рахметін айтып жол көрсетіп бірге ары қарай жол жүреді.
Балалар Дашамен қоянмен ,аюмен ары қарай саяхатын жалғастырады.
Алдарынан қасқыр шығады.
Тәрбиеші: Саламатсыңба қасқыр.
Қасқыр : Саламатсыңдарма балалар. Сендер мұнда қайдан жүрсіңдер
Тәрбиеші: Біз Дашаның досы бауырсақты іздеп келеміз, сіз оны көрмедіңізбе?
Қасқыр: Жаңа ғана ән салып домалап кеткен бауырсақпа ? мен оны көрдімСендер алдымен менің сұрақтарыма жауап беріңдер .Мына су қайдан пайда болады соны айтып беріңдер.
Тәрбиеші: Балалар су –өмір бойы айналымда болады екен.Ол жаңбырмен жерге түседі,арық болып ағып,өзенді құрайды,ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып қайтадан оралады екен.Жаңбырдан аққан кішкентай сулар ,жылғалар болып үлкен теңізді құрайды .
Ернар: Су түссіз ,дәмсіз болады.
Мәрзия: Су тіршіліктің нәрі.Оны күнделікті өмірде қолданамыз.

Тәжірбие жасап көрсету. (Судың түсін ,дәмін өзгерту).
Сергіту сәті
Сылдырлайды мөлдір су
Мөлдір суға қолыңды жу
Жуынсаң сен әрдайым
Аппақ бетің маңдайың
Тазалықтың досы
Су-дегенің осы.
Қасқыр рахметін айтады.
Түлкіге барады интерактивті тақтадан түлкі тапсырма береді
Жұмбақ
Үлкен алтын табақтан
Әлемге нұрын таратқан
Күн орысша ағылшынша айту
Түлкіге бауырсаққа ұқсайтын бірақ одан да жылы нәрсе беретінін айтып .шуағына мейірімді сөздер жазылған күннің макетін сыйлау .
Бауырсақтың макетін Дашаға қайтарып береді
Топқа оралу.
Топқа әндетіп балалар қайтады.
Біз кішкентай балдырған,
Сескенбейміз жаңбырдан.
Төбемізде қол шатыр,
Алдымызда жол жатыр.
Тәрбиеші:Балалар міне біз табиғатқа саяхаттап Дашаның досы бауырсақты тауып бердік және өзімізге де көптеген достар таптық.Ендеше балалар осы саяхаттан көрген бейнелеріңді ,алған әсерлеріңді маған қағаз беріне түсіріп беріңдерші.
Акварельмен жұмыс.
Қорытындылау
Балаларды мадақтау. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Дашамен табиғатқа саяхат. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 342 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar