Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Деңгейлеп оқыту технологиясының тиімділігі -

Деңгейлеп оқыту технологиясының тиімділігі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2483 | Размер: | Автор: гость
. Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Тобанияз атындағы орта мектеп
физика пәні мұғалімі
Алдабергенова Айжан

Деңгейлеп оқыту технологиясының тиімділігі

Ұстаздық деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кеткелі көңілдегі арман толастамай, тоқу мен қуаныш қатар аралып мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келе жатырмыз.
Қай заманда, қандай реформа болсын мектептің басты тұлғасы –мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салты, көзқарасы шыққан түп-тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзат өз ұрпағын тәрбиелеуге қолданып келеді.
Сондықтан сабақ процесінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілі, деңгейлеп-саралап оқыту педагогикалық технологиясын таңдап алдым.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.
Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы:
- оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
- оқушының ынталандыруға;
- оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;
- оқушының өз білімін өз бағалай білуіне;
- баға әділдігіне;
- білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.
Білім мен дағдыны жоғарғы сатыға көтеру, деңгей боынша тапсырмала.
1 деңгей -------------------репродуктивті деңгей (еске түсіру)
2 деңгей ------------------- алгаритмдік деңгей (қалыпқа түсіру)
3 деңгей ------------------- эвристикалық деңгей (алғырлық деңгей) бойынша жүргізіледі.

Деңгейлеп оқыту технологиясын қолданған сабақтармның үлгісін ұсынамын.
Сабақтың тақырыбы: 7 сынып. Қатынас ыдыстар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қатынас ыдыстар деп қандай ыдыстарды айтатынын, оның заңдылықтарын, түрлерін, қолданатын жерлерін танысты
Дамытушылық: оқушылардың өткен қысым, Паскаль заңы, ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдардағы болатын қысым тақырыптарынан түсініктерді дамыту.
Тәрбиелік: қатынас ыдыстардың заңдылығын дұрыс түсініп, оны өмірде қолдана білу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақты оқыту әдісі: түсіндірмелі илюстрациялық тәсіл, жаңа технология деңгейлік
тапсырма.
Сабақ типі мен түрі: өткен материялдардан алған білімдеріне сүйеніп деңгейлік тапсырма арқылы білімді меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі: қатынас ыдыстар сызбалары, 111-сурет, 112-сурет, 113-сурет, 114-
сурет сұлбалары. Түрлі формадағы қатынас ыдыстар, әртүрлі сұйықтар.
1 кезең Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Сынып оқушыларын кезекші арқылы түгендеу, кабинеттің, оқушылардың сабақты бастауға дайын екенін тексеру, қажетті құрал-жабдықтардың толық болуына назар аудару.
2 кезең Жаңа сабақ.
Жаңа сабақты бастамас бұрын өткен тақырыпқа шолу.
1.Қысым дегеніміз не?
2.Пакаль заңы.
3. Аурлық күші әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым формуласы қандай?
4. Судың 2м биіктіктегі ыдыс түбіне түсіретін қысымын есепте.
Pсу = 1000кг/м3
P=pсұйықgh
P=1000кг/м3 * 9.8H/кг * 2м=20000 Па
5.Қысым шамасының бірлігі қандай?
Жаңа саба.
1.Сабақтың мақсатын айту.
а) қатынас ыдыстар деп қандай ыдыстарды айтады?
ә) қатынас ыдыстарға құйылған сұйықтардың деңгейлерінің орналасу заңдылығы.
б) қатынас ыдыстарға құйылған сұйықтардың деңгейлерінің орналасуы және заңдылығы p1/p2=h1/h2.
в) қатынас ыдыстардың өмірдегі мысалдары мен қолдалынатын жерлері.
2. қатынас ыдысқа анықтама беру.
3. 111, 112, 113-сурет бойынша қатынас ыдыстарға құйылған біртектес сұйық деңгейлерінің бірдей болатындығын тәжірибе жүзінде көрсету және оқушыларға төмендегі сұрақты қою.
а) ыдыстардағы сұйық деңгейлері қалай орналасқан?
ә) ыдыстардағы сұйық деңгейлерінің ,бірдейлігін қалай түсіндіресің? Оқулықтағы суреттер бойынша.
4. 114-сурет. Қатынас ыдысқа глицилин, су құйып тәжірибе көрсету және алдн-ала, егер қатынас ыдыс ішіне әуелі су құйып, үстіне киросин құйсақ не болар еді?
5. неге керосин құйылған жағының деңгейі жоғары болады?
6. қатынас ыдыстардың өмірде қолданылатын жерлері туралы.
7. қатынас ыдыстардың бу қазандары, шлюз, су құбырлары т.б. туралы.
3 кезең Жаңа сабақты қорытындылау.
Жаңа сабақ бойынша қысқаша сұрақтар қою.
1.Қатынас ыдыстар деп қандай ыдыстарды айтамыз?
2.Қатынас ыдыстарға құйылған біртектес сұйықтардың және әртүрлі сұйықтардың деңгейлері туралы не айтуға болады? Бұл қандай заңдылыққа негізделген?
3.Табандарының аудандары әртүрлі қатынас ыдыстарда неліктен сұйық деңгейлері бірдей болады?
Жаңа сабақ және өткен тақырып бойынша бір нұсқа мен тест берілдеді.
1.Қысымның формуласын көрсет.
а. P=gm
ә.P=FS
б.F=gphs
2.Қысымның өлшем бірлігі.
а.1 Н ә.1Па б.1 Н/кг
3.Егер әсер күштері бірдей болса, аудандары
а. 0,1 м2 ә. 0,2 м2 б. 0,02 м2 беттердің қайсысына көп қысым түседі?
4.Көлемдері мен биіктіктері бірдей ыдыстарға
а. азот ә. ауа б. оттегі құйылған, қай газдың ыдыс табанына түсіретін қысымы көп?
5.Қай ыдыстағы мөлшерлері бірдей біртектес газдың түсіретін қысымы көп?
а. 0,5 м3 ә. 0,1 м3 б. 0,2 м3
6.Қай температурадағы бірдей ыдыстарға құйылған бірдей мөлшердегі газдың қысымы көп?
а.200С ә. 1000С б. 800С
7.Биіктіктері бірдей
а. Су ә. машина майы б. мұнай қайсысының табанына түсіретін қысымы көп?
8.Кірпішті жалпағынан және тігінен қойса, қайсысында қысым көп болады?
а. жалпағынан ә. тігінен
9.Берілген қатынас ыдысқа араларын бекітіп, бірдей мөлшерде су, керосин, шикі сүт, бензин құйып араларын ашса, қай сұйықтың деңгейі төмен болады?
а. су ә. киросин б. шикі сүт

тест жұмысы жиналғаннан кейін деңгейлік тапсырма таратылады.(деңгейлік тапсырма орындалып жатқанда тест жұмысы тексеріледі)

Білім мен дағдыны жоғарғы сатыға көтеру, деңгей боынша тапсырмалар беріледі .
1 деңгей -------------------репродуктивті деңгей (еске түсіру)
2 деңгей ------------------- алгаритмдік деңгей (қалыпқа түсіру)
3 деңгей ------------------- эвристикалық деңгей (алғырлық деңгей)

1 деңгей оқулықтағы тақырып бойынша.
1.қатынас ыдыстар деп қандай ыдысты айтады?
2. қатыныас ыдысқа қандай ыдысты жатқызуға болады?
3. қатынас ыдыстарды тұрмыста қай жерлерде қолданады?
4. қатынас ыдысқа құйылған судың деңгейлері қандай болар еді?
5. қатынас ыдысқа анықтама бер.
2 деңгей есептер мен жаттығыулар жиынынан.
1. қатынас ыдысқа анықтама бер.
2. қатынас ыдыстың біріне су, екіншісіне керосин құйылған. Керосин құйылған жағында
деңгейі жоғары болады. Неліктен?
3. қатынас ыдыстарға құйылған әртүрлі сұйықтардың деңгейлері туралы не айтуға болады?
4. асфалть төсеуде қолданылатын машина катог тірегінің ауданы 1500 см2 түсіретін 300кПа
екені белгілі. Катогтың салмағы қандай?
5. газдарды беті ашық ыдыста неге сақтауға болмайды? Жауапты дәлелде.
3 деңгей есептер мен жаттығулар жинағы.
1.қатынас ыдысқа құйылған судың деңгейлері қандай болар еді?
2.массасы 300 кг токарь станогы табанына төрт аяғымен тіреліп тұр. Егер әр аяқтың ауданы 50 см2 болса, станогтың табанына түсіретін қысымы қанда?
3.Төменде берілген қысымдардың қайсысы ең үлкені?
6кН м2; 60Нсм2; 600 Па
4.Мұз 90кПа қысымды көтереді. Массасы 5,4 т шынжыр табанының жалпы ауданы 1,5м2 трактор осы мұздан өте ала ма?
(деңгейлік тапсырма тексеріледі 2,3 деңгейден бір-бір оқушы шығып сұрақтарды ауызша, есептерді тақтаға орындайды. Ал 1 деңгей тапсырмасы осы кезде оқушылардан ауызша сұралып, дәптерлерінен тексеріледі.)
4 кезең Өткен сабақты пысықтау.
Сөзжұмбақ «Қатынас ыдыс» шешіледі.
Бағалау: Тест бойынша, деңгейлік тапсырма бойынша бағаланады.
Үйге тапсырма: Қатынас ыдыстар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.