Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. Кулахмедова Гулжан Алдабергеновна
№90 жалпы орта мектебі
Бастауыш сынып мұгалімі. Шымкент қаласы


Тақырыбы: Дельфин

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мәтінді мәнерлеп оқуға,
мазмұнын айта білуге дағдыландыру,
дельфин туралы түсінік беру.
Дамытушылық:Пәнге деген қызығушылығын ,
зейінін арттыру,сөздік қорын,
байқампаздық қабілетін дамыту,
Тәрбиелілік: Адамгершілікке,мейірімділікке,су
жануарларын қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың типі: Дамытушылық ,сайыс сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер,слайд, АКТ.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,ой қозғау,әңгіме-дебат жеке,топтажұмыс,
Джигсо әдісі,идеяны бейнелеу.
Пәнаралық байланыс: дүниетану,музыка, бейнелеу.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
-Оқушылармен сәлемдесу,кезекші арқылы оқушыларды түгелдеу.
-оқу құралдарын реттеу.
-психологиялық дайындық.
-Оқушыларды топқа бөлу.
-Әр топ өз есімдерін қорғайды.

Мұғалім:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы күн балалар,
Қайырлы күн қонақтар!
-Балалар, мен бүгін өте көңілдімін.
-Сендер ше?
-Бізде көңілдіміз.
-Олай болса ,сабағымызды «Шаттық шеңбері» арқылы алақан жылуымен бастайық.
-Кәне ,иманды да шыншыл болыңдар!
-Аспанымыз ашық болсын! т.б. оқушылар жылы тілектерімен жалғастырады.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау, тексеру:
- Жамбыл Жабаев туралы эссе жазу.
- «Алатау» өлеңін мәнерлеп оқу.
-Алатаудың табиғаты туралы салған суретін қорғау.

ІІІ. Ой қозғау.
-Суда тіршілік ететін жануарлар мен жәндіктерді ата.
- Дельфин жайында не білесіңдер ?
-Дельфиннің қандай қасиеті бар?

ІҮ. Мақсат қою:Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Дельфин жайында бейнежазбадан көрсету
Ой түйін әдісі:
-Бейнебаяннан не байқадыңдар?
-Дельфин туралы не білесіңдер?

Есіңе түсір!
Мөлдір суым бұлағым,
Енді қайтсем жетемін?
Қадіріңді білмедім,
Неге шалқып жүрмедім?-деп өкінген не? (Балық)
Дельфин де балықтың бір түрі ,сусыз өмір сүре алмайды.

Жаңа сабақ: Спидирон Ванчели.Дельфин
(молдаван жазушысы)
Оқулықпен жұмыс.
-Мәтінді бөлімдерге бөліп іштей оқу.
-Жеке, жұпта жұмыс жүргізу.
-Қонаққа келесі топқа бару,ой бөлісу.
-Өз тобына оралу,не біліп,нені ұқты тобында әңгімелеу,талдау.
-Әр топтың бір мүшесі ретімен ортаға шығып, өздеріне берілген бөлімнен түсінгенін айтып береді.



Сергіту сәті. «Қызыл өрік»
Дельфин туралы мәлімет беру. Слайд.
Дельфиндердің елудей түрі бар. Бұлардың дене пішіні жұмыр, ұзындығы бір – он метр Көпшілік түрлерінің басы жұмыр және тұмсығы алға қарай шығыңқы келеді. Кей түрлерінің арқасында орақ тәрізді арқа қанаты бар. Жалпақ құйрық қанаты денесімен горизонталь бағытта орналасқан. Алдыңғы аяғының сүйектері қысқарып, саусақ сүйектері тұтасып ескекке айналған. Артқы аяғы мүлдем жойылған. Дельфиндер ескекаяқтарымен суда өте жеңіл әрі жылдам (сағатынаелукилометргедейін) жүзеді. Жалғыз танау тесігі төбесінен ашылады, сол арқылы дельфиндер оқтын-оқтын су бетіне көтеріліп, ауамен тыны салады. Етті еріндер іжақсы жетілген. Тістері көп. Терісінде түктері болмайды, терісі өт есерпімді келеді. Тері астындағы май қабаты жақсы дамыған. Дельфиннің қанының құрамында гемоглобиннің, бұлшық еттеріндегі ерекше
ақуызды зат – миоглобиннің көп болуыденесіндегі газ алмасуға қолайлы жағдай жасап, су астында ұзақ уақыт тыныс алмай тіршілік етуіне септігін тигізеді. Олардың жүйке жүйесі өте жақсы дамыған. Миы үлкен, Дельфиндерде әртүрлі дыбыс толқындарын шығаратын және қабылдайтын өте күрделі есту жүйесі (эхолокация) жақсы дамыған. Олар өздерін ен өте нәзік ультрадыбыс толқындарын шығарып, оның кері қайтқан жаңғырығын қабылдай алады. Сол арқылы қорегін ұстайды, өз үйірін табады, судағыәртүрлі кедергілерді алдынала сезеді. Дельфиндер екі жылда бір-ақ рет ұрпақ береді. Ірі түрлері елу, ұсақтары отыз жылға жуық тіршілікетеді. Қолға тез үйренеді, адам үйреткен жаттығуларды шебер қайталайды. Дельфин туралы жазылған аңыздар, деректер (адамды судан құтқарған, кемелер мен қатар жүзіп серуендеген, т.б.) көп. Ертедегі грек, италия теңгелерінде дельфиннің бейнесі соғылған. Аспандағы жұлдыздардың бірі дельфин аталады. Мұның бәрі дельфинмен адамарасындағы жақын қарым- қатынасты аңғартады.
ҮІ. Сабақты қорытындылау:
-Адамгершілік, мейірімділік туралы мақал-мәтел айту.
-Сабақ барысында түсінгендерін постер жасау,оны қорғау арқылы қорытындылау.

ҮІІ.Үйге тапсырма: 236-237 беттегі мәтінді түсініп оқу, идеяны бейнелеу.
ҮІІІ.Кері байланыс:
Бағалау критерийлерінің қорытындысы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.