Меню
Назад » » »
Дене шынықтыру сабағында «Волейбол» ойынның тәрбиелік мәні
загрузка...

загрузка...
Ақтөбе облысы,
Темір ауданы
№2 Шұбарқұдық қазақ-орыс орта мектебінің
дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі
Ыңғаев Сағынтай Асылбекұлы
Сабақтың тақырыбы: Дене шынықтыру сабағында «Волейбол» ойынның тәрбиелік мәні

Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды волейбол ойынына қызықтыру.
Оқушыларды топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: оқыту сабағы.
Өтетін орны: спорт зал
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: волейбол доптары, сетка, ысқырық, кадоскоп, слайдтар.
р/с Сабақтың мазмұны уақыты Әдістемелік нұсқаулар
І. Дайындық бөлімі 10-15 мин
1 Сапқа тұру, рапорт беру 1’-2’
2 Сабақтың мақсатын түсіндіру 1’ Сабақтың мақсатын түсінікті етіп баяндау, техника қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
3 Залды айналып жүргенде бір лектен екі,үш,төрт лекке кайта сапка тұру. 1’ Жаттығулар саптық жарлығының талабына сәйкес өткізеді.
4 а) Қолды белге қойып аяқтың ұшымен
ә) Қолды желкеге аяқтың өкшесімен жүру
б) Қолды белге аяқтың сыртымен жүру
в) Қолды белге аяқтың ішімен жүру
г) Қолды белге жартылай отырып, толық отырып жүру. 2’-3’ Денені, түзу ұстап, басты көтере, белді түзу ұстап жүру.
5 Жүгіру жаттығулары
а) Қолды созып, тізені жоғары көтере
ә) Қолды жамбасқа қойып, аяқты артқа серпе
б) Сол иықтан алға қарап 2’-3’ Еркін демалып, бір қалыпта жүгіру
Тек сол иықпен қарап алға жүгіру.
Әрбір жаттығуда талапқа сай әдемілеп орындау.
6 Қозғалыстағы жаттығулар
а) Сол қол жоғарыда, оң қол төменде, қолдарды серпиартқа. 1-2 сол қол жоғарыда, 3-4 оң қол
ә) Б.Қ. қол иықта 1-2 қолды алдыға айналдырамыз, 3-4 қолды артқа айналдырамыз
б) Б.Қ. саусақтарды айқастырамыз 1-2 алдыға айналдырамыз, 3-4 артқа айналдырамыз.
в) Б.Қ. қол кеудеде 1-2 бүгілген қол артта,3-4 ашылған қол артқа серпе қозғау 8-10р
6-8 р
6-8 р
8-10 р Денені түзу ұстап, қолды иықтың деңгейінде ұстау
7 Орында орындалатын жаттығулар
а) Б.Қ. қол алда, аяқ иық деңгейінде1-4 қолды қайшылау
ә) Б.Қ.қол желкеде 1- кеудені солға бұру, 2-кеудені оңға бұру. 3-4 қайталау.
б) Б.Қ. қол алда, аяқ иық деңгейінде 1-отыру, 2- Б.Қ. 3-4 қайталау.
в) Б.Қ. қол белде, аяқ иық деңгейінде 1-2 белді солға айналдыру, 3-4 белді оңға айналдыру
г) Орында секіру 6-8 р
6-8 р
6-8 р
6-8 р
0,5′ Басты жоғары көтеріп денені түзу ұстау
ІІ. Негізгі бөлім 25-30 мин .Техникалық құрал-жабдықтар пайдалану «кадоскоп».
Допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдауды меңгерту.
1 Оқушылар бір-біріне бетпе-бет қарама - қарсы қашықтық 6-7 м, допты жоғары лақтырып, қайтадан қабылдап, арықарай қарсыласына көтеріп беру. 10-12 р Жаттығулардың дұрыс орындалуына назар аударамыз, допты лақтыру және қабылдау тәсілдері слайдтармен көрсетіледі.
2 Бір оқушы допты жоғары көтеріп, қарама-қарсы құрбысына береді. Құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап, қайта береді. Арақашықтық 7-8м. 10-12 р Допты қарсыласының қолына дәл беру слайдтармен көрсетіледі
3 Оқушы допты еденге ұрып құрбысына береді, құрбысы допты жоғарыдан қабылдап, ұстап қайта еденмен береді. 12-14 р Допты еденге ұрып, құрбысына тура беру слайдтармен көрсетіледі
Доптытөменненқабылдаудымеңгерту
4 Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын үйрету 2′-3′ Қол түзу тізені бүге сол немесе оң аяқты жарты қадам алға слайдтармен көрсетіледі
5 Бір оқушы құрбысының қолына береді, ол допты төменнен екі қолмен қабылдап, қайта береді. 10-12 р Допты дұрыс қабылдауын қадағалау.
6 Арақашықтық 8-10 м оқушылар қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушылар допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі оқушылар допты төменнен қабылдау. 10-12 р Жоғарыдан және төменнен қабылдауды слайдтармен көрсетіледі
7 Ережемен волейбол ойнау 10’-12′
ІІІ Қорытынды бөлім 4-5 мин
1 Спорт залда жай жүгіру, сапқа тұру. 1′
2 Өткен сабаққа қорытынды жасап, оқушыларды бағалау. 2’
3 Үйге тапсырма. Үйде доппен жаттығулар жасау. Ұлдар тартылу 8-10 рет, қыздар дене көтеру 25-30 рет. 1’
4 Оқушылардың сұрақтарын тыңдап, жауап беру. 1’
Дене тәрбиесі пәнінен «Денешынықтыру сабағында «Волейбол» ойынның тәрбиелік мәні.«тақырыбында өткен ашық сабағының өзіндік талдауы.
Сабақта алдыма мынандай мақсаттар қойдым:
Оқушыларды волейбол ойынына қызықтыру.
Оқушыларды топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу.
Көрнекіліктерден волейбол доптары, сетка, ысқырықты, кадаскоп пайдаландым.
Ашық сабақ спорт залда өтті. Спорт залдың санитарлық жағдайы жақсы, талапқа сай безендірілген, қажетті құрал-жабдықтар дер кезінде әзірленіп қойылды. Сабақ үш бөлімнен тұрды.
І бөлім. Дайындық бөлімі 10–15 мин.
ІІ бөлім. Негізгі бөлім 25–30 мин.
ІІІ бөлім. Қорытынды бөлім 4–5 мин
Дайындық бөлімінде оқушылар сапқа тұрғызылып, кезекшінің рапорты тыңдалды. Сынып оқушыларының барлығы сабаққа дайындалып келген, спорттық киімдері бар. Оқушыларға сабақтың мақсаттары баяндалып, қозғалыс қасиеттерін дамыту мақсатында дайындық жаттығуларын орындаттым. Олар жүру жаттығулары: денені түзу ұстап, басты көтере белді түзу ұстап жүру; жүгіру жаттығулары: еркін демалып, бірқалыпты жүгіру, тек сол иықпен қарап алға жүгіру, әрбір жаттығуды талапқа сай әдемілеп орындау; қозғалыстағы жаттығулар: денені түзу ұстап, қолды иықтың деңгейінде ұстау; орында орындалатын жаттығулар: басты жоғары көтеріп денені түзу ұстау. Дайындық жаттығулары бірнеше рет орындалды.
Негізгі бөлімінде, волейбол ойнын ойнау кезеңінде допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдауды, допты төменнен қабылдауды үйреттім. Допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдауды үйрету үшін, оқушыларды бір-біріне арақашықтығы 6–7 метрден бетпе-бет қаратып, допты жоғарылақтырып, қайтадан қабылдатып, арықарай қарсыласына көтеріп бергіздім. Арақашықтығы 7–8 метрден оқушы допты жоғары көтеріп құрбысына берді, құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап, қайта берді. Келесі кезеңде оқушыларға допты еденге ұрып құрбысына беруді, құрбысы допты жоғарыдан қабылдап, ұстап қайта еденмен беру жаттығуларын орындаттым. Жаттығулар слайдтармен көрсетіледі.
Допты төменнен қабылдауды үйрету үшін, оқушының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын көрсетіп, келесі жаттығуларды орындаттым. Оқушы құрбысының қолына допты беріп екі қолмен қабылдап, қайта берді. Оқушылар арақашықтығы 8–10 м жерден қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушы допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі оқушы допты төменнен қабылдауды үйренді.Жаттығулар слайдтармен көрсетіледі.
Сабақ соңына қарай оқушылар ережемен волейбол ойнады.
Сабақта түсіндірмелі-иллюстративті әдісті қолдандым, оқушыларға жаттығуларды көрсетіп тұрып, орындатып отырдым. Бұл тиімді әдіс болды деп айта аламын, себебі жаңа сабақты түсінбеген оқушылар болған жоқ. Оқушылар сабаққа қызығушылықпен белсенді қатысты. Жаттығулар дұрыс іріктеліп алынды, оқушылардың жүктемесі өзмүмкіндіктерінен асқан жоқ. Тапсырманы орындау саны мен ұзақтығынормаға сай өткізілді. Сабақ процесінде қауіпсіздік шаралары сақталды. Сыныпта арнайы дәрігерлік топқа жататын оқушылар жоқ. Сабақ биология, физика, АӘД пәндерімен тығызбайланыста өтті. Жаттығуларды орындау барысында, қауіпсіздік ережелерін сақтау, денсаулыққа, яғни адамфизиологиясына қауіптөндіретіндігі жөнінде мағлұмат бере отырып биология пәнімен байланыстырып кеттім. АӘД пәнімен саптық жүріскезінде байланыс болса, допты қабылдау кезіндегі доптың траекториясы физика пәніне байланысты екендігі айтылды. Сабақ процесінде волейбол добын, ысқырық, сетканы, кадаскоп пайдаландым.
Қорытынды бөлімде оқушыларды спорт залда жай жүгіртіп, демдерін алғызып, сапқа тұрғызып, сабақты қорытындыладым. Үйге тапсырма ретінде доппен жаттығулар жасау және ұлдарға 8–10 рет тартылу, қыздарға 25–30 рет дене көтеру жаттығуларын бердім. Сабақта уақытты тиімді пайдалана алдым, қоңырауға дейін жоспарлаған жаттығуларымды толық өткіздім. Сабақта алдыма қойған мақсаттарыма толық жете алдым деп ойлаймын. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Дене шынықтыру сабағында «Волейбол» ойынның тәрбиелік мәні можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 522 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar