Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Дене тәрбиесі - денсаулық кепілі -

Дене тәрбиесі - денсаулық кепілі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1544 | Размер: | Автор: гость
. «№2 Кеген орта мектеп мектепке дейінгі
шағын орталығымен және Түменбай
бастауыш мектебімен» КММ
Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі
Маметаев Ерғанат Шаймерденұлы
Дене тәрбиесі - денсаулық кепілі
Сау дене,азат ақыл,адам көңіл,үшеуімен болады бақытты өмір - деп сыршыл ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай мектептің басты міндетті – бастапқы білім берумен қаттар жан-жақты жарасымда жүйелі интеллектуалды рухани тәрбие беру және оларды денсаулығы мықты етіп өсіру.Қазіргі таңда дене тәрбиесі пәнін оқыту өзіндік жүйесімен ерекшеленеді. Соған байланысты игерту мақсатында ең бірінші ерекшелік - ол сабақ беруде оқытудың басты ұйымдастыру формасы болып табылады.
Оқушы таңертең жаттығу жасаса,күні бойы сергек жүреді.Сондықтан да әрбір адамның өз қуат-күшіне орай жаттығу жасау өмір жасының ұзақ болуына,еңбекке алғырлық танытып,көңілді жүруіне жол ашады. Соған орай ең әуелі оқушының дене тәрбиесіне ерекше маңыз аударғаны орынды.Оның ең оңай түрі - дене шынықтыру гимнастикалары.ол негізінен түрлі жаттығулардың басын құрайды.Гимнастика жасөспірімнің бұлшық еттерінің бірқалыпты жетілуіне, салмағын реттеп отыруына денесінің сергек болуына көмектеседі. Міне, осындай қарапайым жаттығулардың түрі - жүгіру. Бұл да баланың дамуына, бойының ширақ аяқ бұлшық еттерінің қатая түсуіне зор әсер етеді.
Дене тәрбиесі мұғалімінің даярлық кезеңі әрбір сабақты жекелей және оқу-тәрбие процесін тұтастай сапалы жүргізу жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған.Ол оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмыстарының жоспар - графигін әр тоқсанның жұмыс жоспарын әр сабақтың сабақ конспектісін жасауды оқытудың әдістері мен құралдарын іріктеп алуды қарастырады.
Атап айтқанда
-Негізгі жетекші және арнайы жаттығуларды анықтау
-әрбір жаттығудың қайталану санын белгілеу
-жекеленген жаттығулардың орындалу ұзақтығын белгілеу
-сөздік\айту,түсіндіру,баяндау\көрнекілік\суреттерді,плакттарды,кинограммаларды көрсету,қозғалыс пен қимылдың мұғалімнің өзінің көрсетуі\секілді үйһретудың жалпы педогогикалық әдістерін және тұтас немесе бөлшектенген құрылымдағы арнайы жаттығуларды іріктеу
-оқытудың әдістері мен құралдарын уақытқа бөлу.
1.Мұғалімнің негізгі міндеттері:оқушылардың білімін дұрыс бағалай білу
2.оқушылардың дене тәрбие сабағында және спорттық ойындарда санитарлық -гигиеналық талаптарды орындауға,жарақаттың болмауына аса көңіл аудару
Басқасын айтпағанда балалардың сабаққа қатысуының өзі мұғалімнің беделіне байланысты.Оқушылар әдетте әсіресе жоғарғы сынып балалары сабаққа көбірек өз бетінше еркін ойнағанды жақсы көреді. Сондықтан да оларға еркіндік беріп,керек уақытта ғана ақыл кеңес айтуға болады.
Өзімнің іс-тәжірибем бойынша Комплексті сабақ өткізудің тиімділігі негізге тәсілдерінің бірі сабақ үстінде әсіресе гимнастика бөлімінде жаңа тапсырмалар өткенде оқушыларды мүмкіндік болғанша көбірек топқа бөлемін
Сабақ үстінде спорттық дайындығы жақсы оқушы басқа оқушылармен жұмыс жасап пән мұғаліміне көмек тигізеді.Сабақты комплекстеу түрде өткізудің тиімділігі негізінен оны өткізудегі әдістемелік тәсілдерге байланысты.Әр жаттығуды орындағанда оның адам ағзасына қаншалықты пайдасы бар екендігін оқушылар біліп отырса,олардың жаттығуға белсенділігі артады. Нәтижесінде оқушылардың спорттық шеберліктері шыңдала түседі өз беттерімен спорттық жекеленген бір түрімен шұғылдануына себепкер болады.
Мұғалім мектепте қандай жұмыс орындамасын оқушылардың алдында үлгі тұтарлықтай болуы керек. Дене тәрбиесі мұғалімінің басқа пәндерінің мамандықтарымен салыстырғанда орны бөлек. Себебі, әр уақытта шәкірттің ұстазға еліктейтінін жақсы білеміз. Сондықтан да мұғалім сабақ үстінде яғни көрсету тәсілін қолданғанда өзі үлгі болады. Менің педагогикалық шеберлігіммен дене жаттығуларына деген сүйіспеншілігім былайша айтқанда шәкіртті қызықтыра білумен ынталандыру керек. Спорт немесе дене қимылы қалай болғанда да тынымсыз жұмыс істейді.
Әрбір оқушының дене тәрбиесі пәнінің басқа спорттық бағыт-бағдары мұғалімнің мойнында оның шеберлігі мен еңбекқорлығында.Әрине ,бағдарламадағы сабақты беріп,қол қусырып отыруға да болады. Бірақ жеткіншек ұрпақ бізден тәрбиенің өтімді жолдарын сұрайды.Олай болса дене шынықтыру пәнінің мұғалімі - жаттықтырушы міндеттерін атқарса және оны абыройымен жүргізсе шәкірттің де өзінің де мектептің де мәртебесі өсері хақ
Қорыта келгенде дене тәрбие сабағында т
1.Мұғалімнің теориялық білімі жоғары,білім деңгейінің басымдылығы
2.Жоғары деңгейде,қиындықта оқыту
3.Алға шапшаң жылжу
4.Оқушының оқу үрдісін ұғыну
5. Оқушының өзіндік қабілетін дамытуға кеңшілік жасау парыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.