Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Дененің массасы мен тығыздығы тақырыбына жаңа технология элементтерін пайдаланып есептер шығару. -

Дененің массасы мен тығыздығы тақырыбына жаңа технология элементтерін пайдаланып есептер шығару.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1893 | Размер: | Автор: гость
. Жарасбаева Бибизада Азиевна
«Достық» Шағын жинақталған жалпы орта мектебінің
физика пәні мұғалімі
ОҚО, Түркістан қаласы
Сабақтың тақырыбы: Дененің массасы мен тығыздығы тақырыбына жаңа технология элементтерін пайдаланып есептер шығару.

Мақсаты:
1.Білімділік
Дененің массасы мен тығыздығын түсіну,
формула түрінде өрнектеп, есептерді шығаруда
қолдана білу.
2. Тәрбиелік:
Тұрмыста және техникада дененің
массасы мен тығыздығын түсіну.
3. Дамытушылық:
Оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып дененің
массасы және тығыздығы жөнінде түсінігін,
танымын, қызығушылығын арттыру.

Сабақтың әдісі: деңгейлеп оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, есеп карточкасы, үлестірмелі кеспелер, анықтама материал.
Техникалық құралдар: кодоскоп, жылжымалы экран, көлемі әртүрлі қатты денелер, физикалық құрал-жабдықтар.

1-тапсырма

Деңгейлік топтардың белгіленуі
А-тобы Б-тобы С-тобы

Аталуы белгіленуі өлшем бірлігі формуласы
Дененің массасы Заттың тығыздығы Көлемі
Жылдамдық
Орын ауыстыру
Уақыт

2-тапсырма (Ауызша есептер орындау).
(оқушылар бөлінген деңгейлік топтары бойынша тапсырмаларды орындайды.)
1г-..................кг 1т-....................1000кг
1г-..................кг 1кг-..................0,01ц

1кг-................кг

Қайталау жұмыстарын орындау нәтижесінде оқушыларға келесі деңгейлік тапсырмаларды орындауға қажетті көмекші құрал жасалады. Бұл көмекші құрал оқушыларға беріледі.

3-тапсырма. Жаңа материалды қалай түсінгенін тексеру.
Әр топқа деңгейлері бойынша есептер шығару.

А тобы-сапалық есептер

1. Дене массасының өлшем бірлігі:
2. А.ДЖ. В.М С.кг
3. Дене 100г; 50г; 10; 1г жүктер жиынтығымен теңестірілген .Дененің массасы қандай?
4. Тығыздықтың бірлігі:
5. Акг/м. В.м Акг

Бтобы- сандық есептер

1.Массасы 3кг, ал көлемі 200см3 металдық тығыздығы
қандай?
2. Ұзындығы 8см, ені 4см, қалыңдығы 2см алтын кесегінің массасы анықтаңдар.
3. Табанының ауданы 0,4х 0,2м2 тік бұрышты параллелипед түріндегі аквариум 0,15м биіктігіне дейін сумен толтырылған.
Аквариумдегі судың көлемін анықтаңдар. Осы судың массасы қандай? Судың тығыздығы 1000кг/м3.

С-тобы эксперименттік есептер.

1. Стаканға толтыра құйылған судың, сүттің, күнбағыс майының массасы анықтаңдар. Өлшеуіш стаканның көлемі 200см3.
2. Өз бөлмелеріңдегі ауаның массасын анықтаңдар.

3. Мектеп таразысын пайдаланып, келесі денелердің массаларын анықтаңдар.
4. мектеп таразысын пайдаланып, келесі денелердің
массаларын анықтаңдар:
а) мата қиындысының.
ә) бұршақтың
в) өздеріңді қызықтыратын басқа денелердің.

4.Үйге тапсырма. Қорытындылау.
Қайталау. Деңгейлік тапсырмалар.

1. Массалардың төменде берілген мәндерін килограмм арқылы өрнектеңдер: шыбынның қанатын 0,00005г,
теннис добы 2,5г, футбол добы 400г, автомобиль 1,45т.

2. Өздерің тұратын үйдегі нәрселер әр түрлі заттардан жасалған. Қай нәрсенің массасы ең үлкен (ең кіші )? Қай заттың тығыздығы ең көп (ең аз)?

3. Бөлменің өлшемі: ұзындығы 4м., ені 2,5м.,
биіктігі 2м. Егер осы бөлмедегі ауаның тығыздығы
1,3кг/м3 болса, онда бөлмені толырып, тұрған ауаның,
массасы қандай?

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.