Меню
Назад » » »
Дені сау бала
загрузка...

загрузка...
Елеуова Рахила Рустемовна,
Түркістан медицина колледжінің балалар аурулары пәнінің оқытушысы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы
Сабақтың тақырыбы: Дені сау бала

Сабақтың түрі: Модульдік оқыту технологиясы бойынша теориялық ашық сабақ.
Тақырыптың мотивациялық сипаттамасы:
Педиатрия (гректің «paid» - сәби, бала және «iatria» - емдеу) – балалар туралы ілім, ол балалардың туылған кезінен бастап, ересек жасқа дейінгі дамуын, өсу заңдылығын, бала ауруларының себептері мен дамуы, оларды анықтау, емдеу және алдын-алу әдістерін оқытады.
Бала ағзасы ересек адамның кішірейтілген түрі емес екені, бала өмірі әртүрлі кезеңдерге бөлініп, әр кезеңге тән анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктері мен аурулары кездесетіні мәлім болып отыр. Балалардың денсаулығы болшақтағы дені сау қоғам кепілі, бала кезден денсаулықты күту, дене тәрбиесін дамыту болашақта дені сау азамат қалыптасуының басты шарты.
Педагогикалық мақсат:
М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді, өзін және өзгені де бағалауға үйретеді.
Модульдік оқыту технологиясының негізі – модуль. Модуль дегеніміз – қандайда бір жүйенің, ұғымның нақтылайтын, біршама дербес бөлігі. Модульдік оқытудың негізгі идеясы – жаңғырту. Оның мазмұны:
1. оқытудың жалпы мақсатын қою;
2. жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
3. оқушылардың білім деңгейін алдын-ала бағалау;
4. оқу әрекеттерінің жиынтығы;
5. нәтижені бағалау.
Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу және қорытынды бөлімдерінен тұрады. Модульдік оқыту технологиясын қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып ғана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балалар ауруханасының негізгі жұмыстарын, баланың физикалық дамуымен, бала өмірінің кезеңдерін оқып үйрену;
Дамытушылық: Студенттердің логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз мамандығына және пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқу іздену, өзін-өзі дамыту.
Тәрбиелік: Студенттерді өз міндеттерін атқарғанда жауапкершілікке, ұқыптылық пен сабырлыққа тәрбиелеу, этика және деонтологиялық принциптерді сақтауға баулу.
Студент білуі керек:
1. Педиатрия туралы ұғым, қысқаша тарихын;
2. Балалар емдеу-профилактикалық мекемесінің, құрылымын, жұмыс істеу принциптерін;
3. Балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды;
4. Сау және науқас баланың анамнезін жинау және оларды қарап тексеру әдістемесін;
5. Балалық шақ кезеңдерін;
6. Баланың физикалық дамуын. Антропометрияны. Акселерация туралы түсінікті;
Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар:
• интерактивті технологиясы;
• модульді оқыту технологиясы;
• ақпараттық технология;
• кәсіптік бағдар беру технологиясы;

Сабақтың хронокартасы:

Р/с Кіріспе. Дені сау бала. Теориялық сабақ – 90 минут
1 Ұйымдастыру кезеңі 3 минут
2 Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау 2 минут
3 Тақырыпты түсіндіру (қажет мәліметтерді күнделікке жаздыру) 45 минут
4 Пысықтау 20 минут
5 Интерактивті тапсырмаларды орындау 10 минут
6 Қорытындылау 5 минут
7 Үй тапсырмасы 5 минут

Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекі құралдар: кестелер, плакаттар
Сабақты жүргізуге қажетті заттар: медициналық таразы, көлденең бой өлшегіш, сантиметрлік лента;
Үлестірме материалдар: тесттер, манипуляцияға қажетті стандарттар;
Техникалық оқу құралдары: интерактивті тақта, телевизор, DVD, интерактивті тапсырмалар, электронды оқулық.

Ашық сабақты ұйымдастыру:
Отанымыз Қазақстан халқының үштен бірі балалар екені белгілі. Олар біздің болашағымыз, баланы аман сақтап өсіріп, ауруларына жол бермеу, науқастың дер кезінде диагнозын қойып, тиімді емдеу педиатрия ғылымының, бала дәрігерінің, денсаулық сақтау жүйесінің, қоғамның басты міндеті.
Балалар емдеу-профилактикалық мекемесі, құрылымы, жұмыс істеу принциптері.
Балаларға емдеу – алдын - алу арқылы көмек көрсетудің тиімділігі кезеңдер бойынша: емхана – стационар – санаторий жолымен қамтамасыз етіледі. Балалар емханаларында мамандандырылған кабинеттер, балалар ауруханаларында салалық бөлімшелер немесе ересектерге арналған ауруханаларда балалар үшін мамандандырылған бөлімшелер мен палаталар (балалар хирургиясы, отоларингология, офтальмология, неврология және басқалар) құрылды. Емханалар қызмет ететін аудан балалар санына қарай учаскелерге бөлінеді. Учаскедегі бүкіл емдеу – алдын-алу жұмысын педиатр және орта медицина қызметкерлері жүргізеді.
Балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру 3 түрлі бағытта жүргізіледі:
1. аурулардың алдын-алу (профилактика);
2. емдеу жұмыстарын ұйымдастыру;
3. санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу.
БАЛАНЫ ТЕКСЕРУ ӘДІСІ
1. Субъективті әдіс 2. Объективті әдіс

Шағымы Қарау

Өмір анамнезі Пальпация

Ауру анамнезі Перкуссия

Аускультация

Зертханалық
тексеру

Мүше мен жүйенің зақымдалуы жөнінде қорытынды
(алғашқы диагноз)
- Балалық шақ кезеңдері.

Балалық шақ бала туылғаннан бастап 14 жас 11 ай 29 күнге созылады. Бала организмінің ересектерден ерекшелігі – ол әрдайым өсіп, жетіліп отырады. Бала ағзасында болып жатқан өзгерістерге қарай, оның дамуында келесі этаптарды ажыратамыз: құрсақ ішіндегі және құрсақтан тыс (постнаталды). 1. Құрсақ ішіндегі кезең – 36 – 40 апта –аналық жасушаның ұрықтанғаннан бастап бала туылғанға дейін. Бұл кезеңнің ерекшелігі – ұрық тез өседі, ол өсіп дамуына қажетті заттарды ана ағзасы арқылы алады.
Құрсақтан тыс (постнаталды) кезеңге кіреді:
2. жаңа туылған нәресте кезеңі – 0 – 29 күн;
3. емізулі кезең – 1 айдан – 12 айға дейін;
4. мектеп алдындағы кезең: сәбилік – 1 – 3 жас; балабақша – 3 – 6 жас;
5. төменгі сынып кезеңі – 6 – 12 жас;
6. жоғарғы сынып кезеңі – 12 – 17 жас.
Өсіп дамудың әрбір кезеңінде бала сол кезеңге лайықты анатомиялық–физиологиялық, психикалық ерекшеліктерімен сипатталады.

- Баланың физикалық дамуы. Антропометрия. Акселерация туралы түсінік.
Баланың туылғаннан дене салмағын, бойын, бас және көкірек шеңберлерін өлшеу және арнайы кестелер (кесте №1, центиль кестелері) бойынша жасына сәйкестігін анықтау. Баланың физикалық дамуын анықтау арқылы оның жетілуін, тамақтануын бағалауға болады. Физикалық дамуын бағалауды антропометрия дейміз. Физикалық дамуы бойынша келесі диагноздар қойылады: жасына сай салмағы бойынша – нормотрофия, гипотрофия, паратрофия; бойы бойынша – нормосомия, гиперсомия (гигантизм), гипосомия (нанизм), басының көлемі бойынша – микроцефалия, гидроцефалия т.б.
Балалардың физикалық дамуы мен жыныс мүшелері жетілуінің жеделдей түсуін акселерация деп аталады. Балалардың денесінің ұзындығы мен салмақ қосуының өсу қарқыны әсіресе препубертаттық және пубертаттық кезеңдерде арта түседі. Негізгі себебі әлеуметтік және тұрмыс жағдайының өзгеруі деп санайды.

Сабақты төмендегі кесте бойынша қорытындылаймын:

Р/с Студенттің аты-жөні «Миға шабуыл» Интерактивті тапсырмаларды орындау Белсенділігі Қорытынды баға
1
Дайындалуға арналған тапсырмалар:
Педиатрия туралы ұғым, қысқаша тарихы жайлы интернет жүйесінен мәліметтер жинақтау;
Тақырып бойынша тесттер құрастыру
Балалар емдеу-профилактикалық мекемесінің құрылымымен және жұмыс істеу принциптерін білу үшін, тікелей аурухана мен емханаға барып танысу. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Дені сау бала можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 405 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar