Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Денің сау болса, қандай тамаша! -

Денің сау болса, қандай тамаша!

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1118 | Размер: | Автор: гость
. «Қызылорда ОІІДЕБҚКБ тарапынан жарияланған сайысқа»

Денің сау болса, қандай тамаша!

Қандай жақсы денің сау боп күн кешкен,
Қандай жақсы табиғатпен үндессең.
Таза ауа, жанға жайлы табиғат –
Сайран салып, қырынан қызыл гүл терсең.

Жидегін теріп, жемістеріне тамсанып,
Жұпары аңқыр жарты ғаламға жар салып.
Жайқалып тұрса жап-жасыл құрақ жағада
Жаныңа басқа керегі де жоқ қамың.

Ата-анаң аман, бауырың бүтін – міне бақ.
Өмірден алар ең басты байлық сол болмақ.
Қадірін біліп, қасірет пенен қайғыны
Көрсете көрме жаман әдетке ұрынып.

Еліктеп кетпей есірткінің буына
Азғындама адамның еріп қуына.
Алланың берген аманатын аялау –
Өйткені жалғыз өзіңнің ғана қолыңда!

Қызылорда қаласы
Сұлтан Бейбарыс №5
№ 264 мектеп – лицей
8 «Б» сынып оқушысы
Абдуап Мадина
Сынып жетекшісі: Мұратаева Маия

Бабамыз деген,
Жаманнан жирен,
Аулақ бол темекі, шылым шегуден.
Наша мен апиын,
Ашытып миын,
Болыпты қиын.
Қас болып есірткімен,
Қылмыстың құрығына түсірген,
Санаңды сан-соққа тіреген,
Бойды аулақ тастап зиянды әдеттен
Дос болайық салауатты өмір салтымен
Біз қазақ, мәңгілік ел саналы жастары!

Денсаулық зор байлық,
Нашақорлық-өмір қорлық,
Жадырасын жас құмыр,
Жадыңа түй, адамзат ойы толық!
(Жарнамалық ұран сөз)

Қызылорда қаласы
Сұлтан Бейбарыс №5
№ 264 мектеп – лицей
8 «Б» сынып оқушысы
Райбекова Сағыныш
Сынып жетекшісі: Мұратаева Маия
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.