Меню
Назад » » »
Дені саудың жаны сау.
загрузка...

загрузка...
Коммуналдық қазыналық мемлекеттік кәсіпорын
№8 «Ақбота» шипа-жай типті бөбекжай - балабақшасы
тәрбиеші Сейталиева Гульнара Амангельдиевна, Атырау қаласы.
Денсаулық әліппесі
Тақырыбы:!Дені саудың жаны сау.
Мақсаты:Қимыл-қозғалыс арқылы баланың денсаулығының дене түзілісінің дұрыс жетілілуіне ықпал ету.Бір-біріне деген сыйластық қамқорлық қарым-қатынасын нығайту,қимыл әрекетін ойынға деген белсенділіктерін арттыру.Ептіліктерін батылдықтарын,жылдамдықтарын жетілдіру.

I.Мәдени гигиеналық машықтарды орындау. Судың адам денсаулығына тигізер пайдасы жайында әңгімелеу.
Сылдырайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолынды жу,
Жуынсансай әрдайым,
Таза бетін мандайын.
Тазалықтың досы,
Су дегенім осы.
II.Ертеңгілік жаттығу.
Бірінің артынан бірі қатармен жүру.
1.Тік тұру, қолдарын төмен, жоғары,алдына,екі жағына созу.Отыру,аяқтары бірге,қолдарын алдына созу.кері тұру.тәрбиешінің.
жоғары көтеру,төмен түсіру.соңынан шеңбермен аяқтың ,ұшымен жүру.
Тәрбиешінің соңынан жәймен жүру,дем алу,дем шығару.
Мұндай жаттығулар балалардың дене бітімінің,тұзу сымбатты сұлу болу үшін маңыздылығын әңгімелеу.
III.Ертеңгілік ас !
Күнделікті белгілі бір уақытта дұрыс жүйелі тамақтануымыз қажет.Денсаулықтарыныз мықты болсын десендер-дұрыс тамақтану тәртібін сақтау керек.
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
IV.Қ\о: «Асық жинау»
Мақсаты: Балаларды асықты дорбаға жинай білуге үйрету. Жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулу.
Қ\о: «Кедергілерден аттап өт»
Мақсаты:Балаларды кедергілерден өтуге үйрету,дене кимыл козғалыстарын жетілдіру,шапшандыкка ,жылдамдыкка баулу.
Қ\о: «Допты домалату»
Мақсаты:Допты арқан астынан домалатып өткізуге жаттықтыру.
-Балалар бүгін денсаулық күні. «Дені саудың, жаны сау» дегендей өз денсаулығымызға қөзіміз жауапкершілікпен қарау , уақытында тамақтанып, демалуымыз керек. Әрқашан таза да тиянақты болып жүруіміз қажет.
Сендердің жылдам епті, ұйымшыл және көңілді күйлеріңді көру үшін біз үшін үлкен қуаныш.Сендер еңбекқор күшті, батыл болғыларың келсе спортпен шұғылданыңдар.
Денсаулық ол шыныққан,
Барлық дене мүшесі.
Денсаулық ол тыныққан,
Жүйке тамыр жүйесі.
V. Бақылау. «Ағаштарды бақылау»
1.Балаларға табиғат туралы түсінік беру. Табиғат және оның адам денсаулығына қалай әсер ететіндігін жөнінде әңгіме өткізу. Табиғат-адамды қоршаған әлем. Ағаштар, шөптер, аспан, ай, күн т.б осының барлығы табиғат құбылыстарына жатады.Табиғат адамдарға ғажайып сыйлықтар сыйлайды, оның бірі –таза ауа. Таза ауа адам ағзасына пайдалы.Адамдар ауасыз өмір сүре алмайды. Таза ауада демалу өте пайдалы.Сонымен қатар су, күн сәулесі де адамдар ағзасына да өте пайдалы. Су мен күннің пайдасын әңгімелеу.
Босаңсытып денеңді,
Бей – жәй күйге ен енді.
Басты көтер тік ұста,
Қ\о: « Кім жылдам» ,«Асық жинаймыз»
Мақсаты: Балаларды асықты дорбаға жинай білуге үйрету. Жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулу .
4.Жеке жұмыс: Дидактикалық ойын:«Жануарларды ажырат»
Мақсаты: Үй жануарлары ит пен мысықты ажыратып тани білуге үйрету.
5.Еркін ойын.
Мақсаты: Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
VI.Түскі ас.Дұрыс тамақтану мәдениетін игеруді жалғастыру. Тамақтану адам денсаулығына маңыздылығын және дәрумендерге бай сусындар ішуге, көкөністер мен жеміс түрлерін атау.
Тамақтанғаннан кейін ауыз қуыстарын жылы сумен шаю.
Ұйқының адам денсаулығына маңыздылығын айту.Ұйқы кезінде адамның миы тынығып демалады.

VII.Ұйқыдан біртіндеп ояту. Жуыну, шайыну процедурасын орындау.
Өз сүлгілеріне сүртінуге үйретуді жалғастыру.
1.Шынықтыру – сауықтыру шараларын орындау.Бұдыр тақтайшамен жүру.

VIII.Бесін ас.
Дәрумендер тірегің,
А, В, С, Д деп аталасың.
Жетіспесе бірі оның,
Ауырып сен қаласың.

Астан соң балалар ризашылық білдіру.
«Р-а-х-м-е-т»

Ұлттық ойын: «Арқаннан еңбектеп өт»
Мақсаты: Ұлттық ойын туралы түсінік беру.Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.

ІІ серуен:
Таза ауада серуендеу.
Сәби шақтан бастап біз
Шынығуды сүйеміз
Ашық күнмен достасып
Ауада жиі жүреміз

Босаңсытып денеңді,
Бей – жәй күйге ен енді.
Басты көтер тік ұста,
Ойын ойнап тыныста.
Қимылды ойын: «Маған қарай жүгіріңдер»
Мақсаты: Жүгіру шапшаңдықтарын арттыру,ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Денсаулық ол – күлуің,
Көңіл – күйің жадырай.
Денсаулық ол – жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.

«Ас дәмді болсын»
Мәдени гигиеналық шаралар.
Қ\о: «Допты себетке жинау»
Мақсаты:Балаларды шапшаңдыққа,ептілікке баулу,тәрбиешінің берген белгісін тыңдай білуге үйрету. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Дені саудың жаны сау. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 385 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar