Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Денсаулық-басты байлық -

Денсаулық-басты байлық

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1461 | Размер: | Автор: гость
. №9 орта мектебі
«Денсаулық-басты байлық»
«Балдырған» тобы

Өткізген: Н Тажигулова Шағын топ тәрбиешісі

2015-2016 оқу жылы
«Денсаулық-басты байлық»
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата-анамен бала арасындағы спорт мәдениетін кең тарату. Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекі құралдар:

Кіріспе:
Жүргізуші: Шынықсаң шымыр боласың
Сауығып айдай толасың
Спортты серік ете біл
Жақсы азамат боласың
Жеңімпаз болу оңай ма?!
Болмасаң да ұқсап бақ
Жарысқа түсіп қалайда
Құрметті тәрбиешілер, ата-аналар және балалар «Балдырған»тобының ұйымдастыруымен «Денсаулық –басты байлық» атты спорттық шараға қош келдіңіздер!
Әр таңды бақытпен аттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Спортшы отбасыларын шақырамыз.
(Көңілді жарысқа 3 топ қатысады, әр топ үш адамнан (әкесі, анасы, баласы) тұрады. Әр отбасы орындарына келіп тұрады)
Жүргізуші: Ал, құрметті халайық
Жарысты енді көріңдер
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңдер.
Қазылар алқасымен, ойын-сауық ережелерімен таныстыру.
____________________________________________________________________________________________________________________________________
- Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар
алқасымен таныстырайық. Спорттық сайысымыз 5 болдық жүйемен бағаланады. Сайыстың бағдарламасы 4 кезеңнен тұрады. Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! Сайысымызды бастаймыз.
1. « » отбасын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін»
2. « » отбасын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: «Біз әрқашанда мықтымыз, бәрін жеңіп шығамыз»
3. « » отбасын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: «Біз шымыр сергек денеміз, өнер сүйер өренбіз»

Қол шапалақтап, қошемет көрсету.
Жүргізуші:
Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.
Сайыс бағдарламасы төрт бөлімнен тұрады:
Негізгі бөлім
1 кезең «Кедергілердің арасынан өту»
Шарты: Әр отбасы мүшесі екі аяқ ортасына допты қыстырып, он қадамдай қашықтықта тұрған жолаушылардың арасынан бір-бірден айналып келу.
Тапсырманы кезегімен орындау, бірінші болып тапсырманы орындаған отбасы жеңіске жетеді.
2 кезең. «Кенгуру»
Шарты: Үлкен батут резеңке доптың үстіне отырып, секіріп жарысу (әкелер әкелермен, аналар бір-бірімен, балалар бөлек жарысу) Ата-аналардың тілегі,
Адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі,
Адал болып өскенің.
3 кезең «Жеміс-жидек пен көкөністер жинау жинау» :
Шарты: Шеңбер ішіне алма шашылады, шашылған алманы кедергілер арасынан өтіп барып, себеткуе жинап алу керек. Жемістерді көп жинаған отбасы жеңіске жетеді.
4 кезең «Мәреге кім бұрын жету»
Шарты: Мұнда қатысушылар шапшаңдықпен жүгіріп, қойылған кедергілер арасымен айналып өтеді. Бірінші болып аяқтаған топ жеңіске жетеді.

Қорытынды бөлім:
Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау,
Біреу артта қалады
Тараса бізге жарады – демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды анықтаймыз. Сайыскерлерді ортаға шақырамыз. Әділқазы мүшелері сайыстың төрт бөліміне баға беріп, жалпы ұпай санын санағанша «Жүректен- жүрекке» шеңберіне тұрайық. «Балдырған» тобының орындауында «балапан»әнін қабыл алыңыздар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.