Меню
Назад » » »
Денсаулық- зор байлық.
загрузка...

загрузка...
Денсаулық- зор байлық.
Ғайша Досалиева
Биология және валеология пәнінің мұғалімі.

«Ақбастау» жалпы орта мектебі,
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Ақбастау ауылы.

8-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Денсаулық- зор байлық.
Сабақтың мақсаты : білімділік: оқушыларға зиянды әдеттердің ағзаға әсері туралы түсіндіру, зиянды әдеттердің алдын алу жолдарын ұғындыру;
дамытушылық: оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту;
тәрбиелік: оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, сызбалар, тест сұрақтары т. б .
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі .
Мұғалім: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» халыққа жолдауында : «Бәздің болашағымыздың сара бағыты, яғни болашақ ғасыр иелері -дені сау , терең білімді , жат қылықтардан аулақ болуы керек. Қазақстанның өркениетті елдер қатарына қосылуы үшін аянбай еңбек ету - әрқайсымыздың міндетіміз» ,- деген болатын. Міне, біз осы мақсатта
8-сыныпта «Денсаулық- зор байлық» тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырып отырмыз.
Интербелсенді тақтадан көрсету:
Зиянды заттар жайлы бағдарламалық карта

түрлері тәуелділік ағзаға әсері нәтижесі
Темекі,
насыбай достары арқылы,
ата-аналарына еліктеу Ішкі мүшелерге : ас қорыту , қан айналу, жүрек аурулары .
Жүйке жүйесіне : көру, есту, ұғу, түсті ажырату қабілеті төмендеп, оқуы нашарлайды Жылына дүние жүзінде 3,5 мың адам қайтыс болады. Қазақстанда 20-25 мың адам өледі. Отбасы жағдайына әсер етеді.
Сыра, арақ, шарап

өзін жақсы сезіну, проблеманы ұмыту, батыл болу үшін пайдаланып, психикалық-физикалық тәуелділікке соқтырады Ми қыртысын тежейді, кеміс ұрпақ дүниеге келеді, адамның ойлау қабілеті нашарлайды, жүрек , бауыр ауруларын туғызады. Улану , өрт, құқық бұзушылық , жол апаты, ұрлық, өзін өлтіруі, кісі өлтіру , жанұя ұйытқысын бұзу т . б .
Апиын, героин, кокоин, морфий. анаша Бір рет пайдаланып көру психикалық-физикалық тәуелділікке соқтырады. Жүйке қызметінің бұзылуы, ессіздік, физикалық әлсіздік, инфекциялық аурулар – ЖИТС –ке әкеліп соқтырады. Ешнәрседен тайынбау, бүлдіру , тонау, өзіне қол жұмсау, кісі өлтіру , жанұядан . оқудан , жұмыстан айырылу.
Тәжірибе жұмысын бақылау
Орындайтын : Алпысов Д
Жұмыс барысы: бөтелке алынады, оның ішіне мақта салынады, аузы жабылады. Қақпағына тесік жасалып, темекі орнатылады. Бөтелкені қысу және босату арқылы бөтелке бөтелке аузындағы темекі тұтатылып, тартылады. Нәтижесінде: бөтелке- шылымқор адам есебінде , ал бөтелкеге салынған мақта - өкпе ретінде қарастырылады. Не байқалды: мақта сарғаяды, бөтелке ішіне толған жағымсыз иіс және темекі майының қалдығын көруге болады.
Айдана: Адам болу, ел болудың жолы да,
Оңай емес ойлау керек оны да
Ел қатарлы тіршілік етіп, кем болмау,
Бақыт құсын қондыру өз қолыңда

Ақмарал: Бәрі-бәрі , бар арманың, үмітің,
Жарқыным-ау , сені алда тұр күтіп.
Дұрыс тұрып, дұрыс егер жүрмесең,
Алуың да мүмкін оны үркітіп.

Жалпы сұрақтар
Жаны саудың , ...............
Денсаулықтың қадірін....................
Насыбай деген не?
Никотин деген не?
Адам неге шылым шегеді?

Көрініс «Кім кінәлі»
Жұмбақ кейіпкер: -Мен жағдайы әжептеуір отбасында дүниеге келдім. Ештеңеден таршылық көргенім жоқ. Ірі сөзбен айтқанда ерке болып өстім.Әке-шешем бар дегенімді жасады. Анда-санда әкем мен тентек болған кезде айғайлап ұрыса бастаса анам: «Ойбай, жалғыз балада нең бар? ,- деп ара түсетін.
Әлпештеп алды анам алдымнан шығып,,
Қасымнан кетпес қиғаш қадам басып.
Ата-ана , перуана боп перзенті үшін,
Күн кешер көрсетпе деп жаманшылық.
Ардақтап ата-анаңды сол секілді,
Түседі еске кей кез бала кезім,
Бала кезім кетуші ем дала кезіп.
Ақ қайыңға шайқалған қараушы ем,
Қараушы еді мөлдіреген қара көзім.

-Иә, ата-ананың еркелеткені мені одан әрі құтырта түсті. Тәртіпсіздігім үшін жетінші сыныпқа дейін екі-үш мектепке ауысып үлгердім. Бір күні көрші подъезге жаңа отбасы көшіп келді. Мен секілді ұлы бар екен. Сонымен, «іздегенге сұраған» дегендей, екеуміздің жұбымыз жазылмайтын болды. Оның менен айырмашылығы , наша деген пәленің дәмін ерте татқан екен. Енді мен де шеге бастадым. Нашаның адам баласына әкелетін қасіретін ол кезде кім білген? Егер білген болсам тіріде жолаймын ба?!
Тамырын умен суарып ,
Денсаулық деген егістің .
Шірітіп апсың біразын,
Болашақ қымбат жемістің.
Көк түтінмен уланып,
Ащы суды неге іштің?
Төсекке асыл азамат,
Ауру меңдеп құлайсың.
Дәрігерлерді мазалап ,
Не үшін енді жылайсың?!
Содан арада екі—үш жыл өткенде мен есірткісіз тұра алмайтын халге жеттім. Әкем жол апатынан қайтыс болған еді. Жалғыз анамның жиған –тергені есірткінің айырбасына кетті. Мен осылай СПИД ауруына шалдықтым...
Жаратылыс! О, дүние! Кеш мені! Бұған кім кінәлі? Балалық па, шалалық па, әлде еркелік пе? Өкініш ішімді өртейді. Бәрі кеш енді.
Бұл тірлікте не тындырдым, не көрдім,
Құрбанымын СПИД деген кеселдің.
Ақтамай-ақ кетіп барамын,
«Жалғыз балам деп өсірген анамның»
Кім кінәлі, аялаған анам ба?
Тек қана өзім кінәлімін сол үшін.
Өздеріңе өлер кезде айтып кету борышым,
Ауырсаңдар бұл кеселмен,
Дәрігер де бере алмайды қол ұшын.
Ауруды меңдеп құлайсың,
Дәрігерлерді мазалап,
Не үшін енді жылайсың?..

«Адам ағзасына зиянды заттар» Жылқыбай А

Құрбан А: Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғасырдың обасы атанған СПИД дертіне дауа жоқ деп, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін қиған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір-түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде-бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ. Бұл дерттің қара бұлты жер шарын
Басып келеді. Сондықтан осы аурудың белгілері, одан сақтану жолдарын білгеніміз жөн.

Ермек Б: СПИД қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты (ВИЧ-1) 1983 жылы француз ғалымы Л. Монпанье ашты. Ал1984 жылы америкалық ғалым Р. Галло вирустың барлық қасиеттерін тексерді.

Жұмбақтар
Жасырып шегесің,
Батпандай зардабы.
Белгілі ар жағы
Бұл не?
(наша)

Ашық шексең айыбы жоқ,
Бірақ анадай пайдасы жоқ.
Бұл не? (темекі)

Леонид тойдыра алмады,
Михаил қойдыра алмады.
Бұл не? (арақ-шарап)

Ситуациялық сұрақтар
1. Айгүл Ермекті қатты ұнатады. Бір күні кешке Ермек Айгүлді кешке қыдырып қайтуға шақырды. Сол күні кеште Ермек арақ ішіп отырады да, Айгүлдің де арақ ішуін талап етеді...
2. Сыныптағы балалар темекі шегеді. Ал Арман шекпейді. Сабағы да, тәртібі де жақсы. Анасы болса жұмыссыз, ол анасына көп көмектеседі.Бірде достары Арманды темекі шекпегені үшін мазақтайды...

Ән. «Әрқашан күн сөнбесін»
Орындайтындар: Ермек Б
Сауытова Ұ

Қорытынды. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Денсаулық- зор байлық. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 295 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar