Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Өңдеу жұмыстарына қатысты өлшеуіш  құралдары» -

«Өңдеу жұмыстарына қатысты өлшеуіш құралдары»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1632 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы
М.Мәметова атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі,
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тақырыбы: «Өңдеу жұмыстарына қатысты өлшеуіш
құралдары»

Секция: Технология
Пәні: Технология



Сыныбы: 6
Орнындаған: Ж. Арқабаев

Байтоғай-2014 ж.
Пікір

Арқабаев Жайлаудың технология пәнінен «Өңдеу жұмысына қатысты өлшеуіш құралдары» тақырыбындағы баяндамасы
әдістемелік бірлестік отырысында талқыланып қаңтар педогогикалық кеңесіне ұсынылды. Арқабаев Жайлау сабағында өлшеуіш құралдарын өз орнымен дұрыс ұқыптылықпен пайдаланып, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыра білді.
Сабақта жаңа технология элементтерін пайдалана отырып оқушыларды сауаттылыққа, үнемшілдікке үйретті.
Жайлау ізденімпаз, іс тәжірибесі мол мұғалім, өз жауапкершілігін сезіне отырып, оқушылардың ұлттық салт - дәстүрін, мінез – құлқын қалыптастыра отырып отан сүйгіштікке, ізденімпаздыққа тәрбиелейді.
Оқушылардың ой - өрісін дамытып, білім дәрежесін арттыру үшін әртүрлі шаралар ұйымдастырады.

Бірлестік жетекшісі: Сыпа Г.


Жоспары:
1.Кіріспе.
А). Оқушылардың теориялық білімін нақтылау үшін өткен сабақтарға шолу. Сұрақ жауаптар беру, үлестірме қағаздар тарту.

Б). Заттың сапалы болуына үнемшілдікке баулу, оқушының ой - өрісін дамыту.

В). Өлшеуіш құралдарының түрлерімен таныстыру және оны орнымен пайдалануға түсініктер беріп іс жүзінде көрсету.

2. Негізгі бөлім.
А). Оқушыларды дұрыс өлшеуге, дәл өлшеуге сызба өлшемдерін дұрыс қоюға үйрету.

Б). Әр түрлі бұйымдардың сызбасын дәптерлеріне өлшемдерін дұрыс үйрену.

3.Қорытынды бөлім.
А). Заттың сызбасы бойынша өлшемдерін дұрыс белгілеп қорғау.
4. Пайдаланған әдебиеттер.

«Өңдеу жұмысына қатысты өлшеуіш құралдары».
Сабақтың мақсаты: Өлшеуіш құралдарының түрлерімен, оқушыларды таныстыру;
Білімділік: Өлшеуіш құралдарымен дұрыс, дәл өлшеуге үйрету;
Дамытушылық: оқушының ой- өрісін дамыту, сабаққа деген қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: Әдемілікке, ұқыптылыққа, ыңғайлылыққа,үнемдеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: Математика, бейнелеу,география.
Сабақтың көрнекілігі: метрлік темір сызғыш, бұрыштама темір сызғыштар, жиналмалы метр, рейсмус, штангенциркуль, чертилка, рулетка, циркуль, әртүрлі дайын бұйымдар.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың сабаққа қатысуымен түгелдеп, оқушылардың назарын аудару, оқу құралдарын көріп шығу.
II.Үй тапсырмасын сұрау. Металды кешенді өңдеу:
Оқушыларға бір – біріне сұрақтар бергізіп үй тапсырмасын сұрадым.
1)Кеңістікте белгілеу әдісі дегеніміз не?
Дайындаманы немесе бұйымды бірнеше жағынан белгілеуді кеңістікте белгілеу әдісі деп атаймыз.
2) Кеңістікте белгілеу қандай өлшеуіш құралдарын пайдаланамыз.
Кеңістікте белгілеу құралдарына бұрыш өлшегіш, малка, бұрыш үлгілерін пайдаланамыз.
3) Тесіктің қабырғаларын қандай құралдармен өңдейміз?
Тесіктің қабырғаларын әртүрлі егеулермен өңдейміз.
4) Егеулердің қандай түрлерін білесіңцер';'
Егеулер жалпақ, дөңгелек, үшқырлы, төртқырлы, майда және ірі жүзді
болады.
5) Бұрғылау дегеніміз не?
Бұргыны айналдыру арқылы толық немесе жартылай тесік жасауды
бұргылау деп атаймыз.
6) Бұрғының қандай түрлерін білесіһщер?
Қол бұрғы, бүрандалы бүрғы, спиральды бұрғы, электрлік бұргылар
болады.
7) Өткен сабақта жуқа қаңылтырдан топса жасағанда қандай құралдар
пайдаландық?
Қаңылтыр, өлшеуіш қуралдары, чертилка, балға, төс, қайшы, топсаның
сызбасы.
Өткен сабақтарға шолу жасау үшін балаларға улестірме қағаздары таратылды.

1. Ағаш, металл және басқа конструкциялық материалдарды бір-біріне
қүрастырып- біріктіруде қандай әдістер қолданамыз?
Бір-біріне құрастырып- біріктіруге шеге, бұрама шеге, бұрандалар
пайдаланамыз.

2. Ойма дегеніміз не? (метчик)
Ойма дегеніміз цилиндрдің бойына бұрама шығаруды айтамыз.

3. Бұранда болттың неден тұратынын атап шық.
Ол қалпақтан, өзектен, оймадан тұрады.

4. Оймалауыш қандай бөліктерден тұрады?
Оймалауыш құйрық, жырашық, жұмыс бөлігі, оймадан тұрады.

5. Ойманың сыртқы диаметрі дегеніміз не?
Ойманың сыртқы диаметрі деп оның сыртын өлшегендегі ең үлкен
диаметрінің өлшемін айтады.

6. Ақаулары бар қандай ойма болуы мүмкін?
Ақаулары бар үзілген ойма, толық емес ойма, қисық ойма болады.

7. Ойманың қандай түрлері бар?
Ойманың екі түрі бар: сыртқы және ішкі.

8. Бұрандалықтардың қандай түрлерін білесің?
Олардың алты қырлы, шаршы, тәж, қосқұлақ түрлері бар.

III. Жаңа сабақ: Кез-келген зат өлшеммен жасалады. Өлшем дұрыс
болмаса, істеген затымыз дұрыс шықпайды.
Жалпы ағаш ,темір ,үй құрылысы, киім-кешек, машина жасау
салаларына байланысты әрқайсысының өзіне ыңғайлы, төзімді арнайы
өлшеуіш құралдары пайдаланылады.
Біз еңдеу жұмысына метр, темір сызғыштар, бұрыштама, жиналмалы
метр, рулетка, циркуль, рейсмус, чертилка, штангенциркуль пайдаланамыз.

Метрлік темір сызғыш- өлшемдерді ауытқусыз дәл өлшеп белгілеуге
болады. Қолдануға қолайлы төзімділігі жоғары.
300-500 мм- лік сызғыштар- ұсақ-түйек өлшемдерге арналған. Темір
сызғыштардың үшбұрышты. Тікбұрышты түрлері болады.
Циркуль- шеңбер сызуға арналған құрал.
Штангенциркуль - Станоктармен жұмыс істегенде бұйымдардың сыртқы, ішкі және тереңдіктерін дәл табуға арналған. Мысалы: тостаған, стакан, келі - келісап т.б. Бұл құралдармен өте нақты, дәл өлшем бірліктерін анықтауға болады.
Рейсмус - белгіленген орында параллель бір және бірнеше дәл өлшеммен
сызықтар жүргізуге арналған.
Жиналмалы өлшеуіш метр - үй құрылысында, техникаларда көптеп
қолданылады. Ол қалтаға салып жүруге ыңғайлы. Олар 1 метрден 5,10
метрге дейін және одан да көп болады.
Оқушыларға жұмыс барысында қолдануға болмайтын өлшеуіш
құралдары,
сабақта қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсініктер бердім.


а) Мерлік темір сызғыш ә) Темір сызғыштар


б) Рулетка в) Жиналмалы е) Штанген өлшеуіш циркуль

г) Рейсмус
IV. Өзіндік жұмыс. Енді балалар жаңа сабақты пысықтау үшін әр қайсысына әртүрлі заттар беріледі. Әр түрлі дайындамалар
(чертилка, кубик, үшбұрыш, тақтайша, қаңылтыр топса, шегелер,
темір труба) берілді.
Осы заттардың сызбасын дәптерлеріңе түсіріп өлшемдерін
ретімен белгілеп қоясыңдар. Заттың түрлеріне, ыңғайына қарай
әрбір бала әртүрлі өлшеу құралдарын алады. Өзіндік жұмыста
балаларды аралап жүріп түсініктер кеңестер беремін.

V. Сабақты қорытындылау және бағалау. Оқушылардың өзіндік
жұмыстарын тексеріп дұрыс емес өлшемдерін көрсетіп үй
тапсырмасындағы теориялық білімдерін ескеріп әрбір оқушыны
өзімен бірге күнделігіне және журналға бағаладым.
VI. Үйге тапсырма. Өңдеу жұмыстарында дұрыс өлшеуді білу
олардың аттарын есте сақтау.


Пайдаланған әдебиеттер:

1. Технология 6-сынып К.Өстеміров, Н.Адамқулов

2. Мектептегі технология журналы. №10-11 2007ж

3. Қазақ дәстурлі мәдениетінің анықтамалығы.
Аюбай Құралұлы Алматы 1998ж

4. Практикум по дерево - обработке Г.А.Громов 1977г.

5. Үлестірме қағаздар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.