Меню
Назад » » »
Дінтану негіздері курсынан тест сұрақтары
загрузка...

загрузка...
«Дінтану негіздері» курсынан тест сұрақтары
Әлішер Әзімбайұлы Әзімбай
Төле би атындағы №8 гимназиясының тарих пәні мұғалімі
Тараз қаласы.
2015-2016 оқу жылы.

Дінтану негіздері курсынан тест сұрақтары
І нұсқа

1.«Бұл діни сезім жоқ жерде ғылым нәтижесіз эмпирияға азғындайды» - деп топшылаған ғалым:
А) А.Эйнштейн
Ә) К.Маркс
Б) И.Кант
В) Дж.Локк
2. Дао діни – философиялық бағыттық негізін салушы
A) – Аммон-Ра
Ә) – Сиддахатарха Таутама
Б) – Лао-Цзы
В) – Кун Фуцзы
3. Жапон діни нанымдарының қытайша жиынтық атауы
A) – Синто
Ә) – Кун-Цзы
Б) – Зороастризм
В) – Магия
4. «Бархман» түсінігінің мағынасы:
A) – дін қызметшісі
Ә) – әлемді жарартушыны мадақтау дуғалары
Б) – абстрактілі жасампаздық бастау
В) – Брахма жаратушы - құдай
5. Римнің діни күнтізбесінде көптеген мейрамдар – феериялар болды, олардың ішіндегі ақпанда ата-бабалар аруағына арналып өткізілетін мейрам:
А) - Юнона
Ә) - Флоралий
Б) - Паренталий
В) - Минерва
6.Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының І-ші съезді өтті:
А) 2006 ж.
Ә) 2002 ж.
Б) 2003 ж.
В) 2006 ж.
7.Құдайды адам бейнесінде суреттеу:
А) антросенкретизм
Ә) антрологитизм
Б) антроманизм
В) антропоморфизм
8.Анимистік теорияның негізін салушы:
А) Ч.Дарвин
Ә) К.Маркс
Б) Э.Тейлор
В) О.Конт
9.Огюст Конттың теориясы:
А) дін – адамның рухани даму жолының алғашқы сатысы
Ә) дін – құдай мен адам арасындағы рухани байланыс
Б) дін – адамның рухани дүниесінің жиынтығы
В) дін – адамның қиялдан туған танымдық түсінігі
10. «Тотемизм діни сенімдердің бастауы» - деп тұжырым жасаған ғалым:
А) Ч.Дарвин
Ә) Э.Дюркгейм
Б) Э.Тейлор
В) О.Конт
11.Брахман діні қалыптасты:
А) б.з.б. Х-VІІ ғғ.
Ә) б.з.б. ІІІ-І ғғ.
Б) б.з.б. Х-V ғғ.
В) б.з.б. ІІІ-ІІ ғғ.
12. Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы қабылданды:
А) 2011ж. 15 қазан
Ә) 2012ж. 17 ақпан
Б) 2013ж. 14 наурыз
В) 2010ж. 23 маусым
13.Мәдина қаласының ертедегі атауы:
А) Ясриб
Ә) Джидда
Б) Талмун
В) Адда
14. Ислам дініндегі «шариғат» сөзінің мағынасы:
А) амандық
Ә) амал
Б) дұрыс түсінік
В) тура жол
15.Деректерде Мұхаммед пайғамбарға намаз парыз етілген:
А) Қадір түнінде
Ә) Миғраж түнінде
Б) Рағаиб түнінде
В) Шағбан түнінде

Дінтану негіздері курсынан тест сұрақтары
ІІ нұсқа

1. «Алғашқы қауымдық мәдениет» еңбегінің авторы:
А) Ч.Дарвин
Ә) К.Маркс
Б) Э.Тайлор
В) О.Конт
2.Магияның тарихи және дүниетанымдық эволюциясын зерттеген ғалым:
А) Дж.Фрезер
Ә) К.Маркс
Б) Э.Тайлор
В) О.Конт
3. «Алтын бұтақ» еңбегінің авторы:
А) Ч.Дарвин
Ә) К.Маркс
Б) Э.Тайлор
В) Дж.Фрезер
4. «Адамның ойлау қабілеті, әсіресе қауымдық құрылыс кезінде, логикалық және пралогикалық деген екі бөліктен тұрады.Ойлаудың осы екінші бөлігі жаратылыстан тыс күштерге илануға алып келді» - деп жазған ғалым:
А) Леви-Брюль
Ә) Б.Малиновский
Б) Э.Тайлор
В) Дж.Фрезер
5.Моңғолия, Тибет және басқа да елдерге таралған буддизм ағымының бірі:
А) Дзен-буддизм
Ә) Ламаизм
Б) Аудизм
В) Хантимизм
6.Көне Римдіктер осы императордың тұсында ескі құдайларға табынудан бас тартып, христиан дініне ене бастады:
А) Константин
Ә) Феодосий
Б) Палеолог
В) Октавиан
7.Брахмандардың қасиетті кітабы:
А) Веда
Ә) Араньяка
Б) Праджа
В) Паратман
8.Индуизм дініндегі діни білім берушілер:
А) раджас
Ә) тамас
Б) аваста
В) гуру
9. «Бақсы – бұл тек емші-дәрігер ғана емес, сонымен бірге, ақын музыкант» - деп сипаттама берді:
А) Ә.Ноғайбаев
Ә) Б.Еркінбеков
Б) Ш.Уалиханов
В) Ә.Марғұлан
10. «Философия бастауы» еңбегінің авторы:
А) Б.Малиновский
Ә) Леви-Брюль
Б) А.Чанышев
В) Дж.Фрезер
11.Римдіктердің басты және ең мәртебелі құдайы:
А) Юнона
Ә) Марс
Б) Нептун
В) Юпитер
12. Жапонияда VІІ ғасырда салынған синтоистік храм:
А) Аких
Ә) Исэ
Б) Фуздо
В) Абуно
13. «Тәңір» ұғымы туралы алуан пікірлер айтылған еңбек:
А) «Ізгілік жолы»
Ә) «Кодекс куманикус»
Б) «Түрік сөздігі»
В) «Диуани хикмет»
14. «Мәзһаб» сөзінің мағынасы:
А) сабырлылық
Ә) бағыт
Б) келісім
В) бейбітшілік
15.Ислам дініндегі төрт мәзһабы көрсетіңіз:
А) Ханафи,Малики,Шафиғи,Алмани
Ә) Ханафи,Малики,Шафиғи,Ханбали
Б) Ханбали, Малики, Тархани,Алмани
В) Ханифи, Малики, Сағини, Шафиғи

Дінтану негіздері курсынан тест сұрақтары
ІІІ нұсқа

1.Египет мифологиясындағы барлық әйел-құдайлар көрінісі болып саналды:
А) Тефнуттың
Ә) Афродитаның
Б) Ренеутеттің
В) Исиданың
2.Гесиодттің шығармасы:
А) «Теогония»
Ә) «Одиссея»
Б) «Хаос»
В) «Крон»
3.Ежелгі Римдегі малдардың ішкі құрылысына қарап сәуегейлік жасаушылар:
А) гаруспиктер
Ә) фециалдар
Б) термдер
В) астрологтар
4. Сикхтердің ХVІ ғасырда жазылған қасиетті кітабы:
А) Эконтороло
Ә) Канкан
Б) Ади-грантх
В) Кхаль-Бада
5. Кун-Цзы уағыздаған ізгіліктің бес жолының бірі:
А) кішілерді құрметтеу жолы
Ә) даналық жолы
Б) көрегенділік жолы
В) қабілеттілік жолы
6. «Өлсе өлер табиғат,адам өлмес» - деген терең философиялық жолдар тиесілі:
А) Абайға
Ә) Шәкәрімге
Б) Сүйінбайға
В) Махмұд Қашқариға
7.Үш діннің қаласы атанды:
А) Рим
Ә) Константинополь
Б) Мекке
В) Иерусалим
8.Христиан шіркеуі ресми түрде екіге бөлінді:
А) 1054 ж.
Ә) 1023 ж.
Б) 1045 ж.
В) 1039 ж.
9.Еуропадағы реформацияның көсемі:
А) Марк Твен
Ә) Саванаролла
Б) Мартин Лютер
В) Джон Болл
10.Калвинизм іліміндегі басты қағида:
А) адам тағдырының әуелден жазылып қойуы
Ә) адам өз тағдырын өзгерте алуы
Б) құдайдың бір болуы
В) саясаттың дінге араласпауы
11.Мәдина қаласының ертедегі атауы:
А) Ясриб
Ә) Джидда
Б) Талмун
В) Адда
12. Ислам дініндегі «шариғат» сөзінің мағынасы:
А) амандық
Ә) амал
Б) дұрыс түсінік
В) тура жол
13.Астанада Әлемдік және діндер көшбасшыларының ІІІ съезді өтті:
А) 2012ж.
Ә) 2003ж.
Б) 2008ж.
В) 2009ж.
14.Брахманизм мен индуизм киелілерін мойындайтын көне мәтіндер:
А) Гуру
Ә) Веда
Б) Ветхий
В) Астрон
15.Император Константиннің төрағалық етуімен Никееде христиан дінінің Бірінші әлемдік соборы шақырылды:
А) 328 жылы
Ә) 325 жылы
Б) 324 жылы
В) 395 жылы

Дінтану негіздері курсынан тест сұрақтары
ІV нұсқа

1.Көне грек мифологиясындағы космостың және әлемнің орнықты құрылымының мәңгілігі мен шексіздігінің нышаны:
А) Цербер
Ә) Гестия
Б) Елисей
В) Лета
2. «Мен (ел басқарушы) ешқандай жаңа істі қолыма алмасам, халықтың жағдай жақсара түседі» - деп айтқан қытай данышпаны:
А) Лао-Цзы
Ә) Кун-Цзы
Б) Сыма Цянь
В) Ли Дэ
3. Жапондықтар өздері ұстанатын Синтоизм дінін былай атайды:
А) каминомити
Ә) никонги
Б) кодзики
В) синто
4.Синтоизм дініндегі құдайлар мекені:
А) Киото қаласы
Ә) Хоккайдо аралы
Б) Сусано аймағы
В) Фудзияма тауы
5.Иудейлік діні Қазақстан аумағына енді:
А) Оғыз мемлекеті арқылы
Ә) Хазар қағанаты арқылы
Б) Қимақ қағанаты арқылы
В) Түрік қағанаты арқылы
6.Буддизмді мемлекеттік дін деп жариялаған патша:
А) Виджа
Ә) Байда
Б) Саман
В) Ашок
7.Деректерде Мұхаммед пайғамбарға намаз парыз етілген:
А) Қадір түнінде
Ә) Миғраж түнінде
Б) Рағаиб түнінде
В) Шағбан түнінде
8.Шииттер мекен ететін мемлекеттер:
А) Иран,Ирак
Ә) Катар, Кувейт
Б) Палесина, Сирия
В) Египет,Тунис
9.Ол өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты еңбегінде «ізгі қала» ойымен мұсылман қоғамын сипаттаған:
А) Жүсіп Баласағұн
Ә) Әл-Фараби
Б) Махмұд Қашқари
В) Әл-Кердери
10.893 жылы ғибадатхана орнына мешіт салынған көне қала:
А) Сауран
Ә) Отырар
Б) Баласаұн
В) Тараз
11.Р.Флашенің пікірінше, дәстүрлі емес діндерге кіреді:
А) ХІХ ғасырдың аяғынан бастап қалыптасқан ағымдар
Ә) ХХ ғасырдың ортасынан бастап қалыптасқан ағымдар
Б) ХХ ғасырдың басынан бастап қалыптасқан ағымдар
В) ХІХ ғасырдың ортасынан бастап қалыптасқан ағымдар
12.Сцентистік бағыттағы діни ұйымға жатады:
А) Саентология шіркеуі
Ә) Христос шіркеуі
Б) Вайшнавтар
В) Сатана шіркеуі
13.Діни ағымдардағы құдайға теңестірілген көшбасшылардың шексіз билігі:
А) релятивизм
Ә) терапизм
Б) гуруизм
В) куандизм
14.Орыс православие шіркеуі ресми түрде құрылды:
А) 989ж
Ә) 976ж.
Б) 978ж
В) 988ж.
15. «Экстремизм» сөзінің мағынасы:
А) соңғы
Ә) шексіз
Б) беймаза
В) шыдамсыздық

Дінтану негіздері курсынан тест сұрақтары
V нұсқа

1. «Солтүстік будда» дінінің атауы:
А) Дзен-буддизм
Ә) Хинаяна
Б) Махаяна
В) Ламаизм
2.Католиктердің жұмақ пен тамұқ туралы түсініктерін тамаша суреттеген Қайта дәуірлеу кезеңінің ойшылы:
А) Бокаччо
Ә) Гросин
Б) Данте
В) Петрарко
3.1969 жылы құрылған халықаралық ұйым:
А) Ислам лигасы ұйымы
Ә) Еуропаның ислам кеңесі ұйымы
Б) Ислам әлемі лигасы ұйымы
В) Ислам конференциясы ұйымы
4.Мұхаммед пайғамбар дүниеге келген уақыт:
А) 571ж.
Ә) 525ж.
Б) 563ж
В) 598ж.
5.Мұсылман ғалымы Әл-Бирунидің еңбегі:
А) «Сфера жайында»
Ә) «Әлем түсінігі»
Б) «Таурих Хамса»
В) «Әділдік жолы»
6. «Қазіргі батыс мәдениеті ренессансқа, ренессанс өз кезегінде исламға қарыздар» - деп, ислам мәдениетіне жоғарғы баға берген ғалым:
А) К.Бодлей
Ә) В.Гарвей
Б) А.Весалиус
В) К.Дидчо
7.1253 жылы Ислам дінін ресми түрде қабылдаған Алтын Орда ханы:
А) Ұлы Мұхаммед
Ә) Орда-Мәлік
Б) Сартақ
В) Берке
8. «Қазақ халқы, хандары мен сұлтандарымен бірге өздерін мұсылман санап, Құран оқитын, қажылыққа баратын, балаларын медреселерде оқытатын, ораза ұстайтын, некесіз үйленбейтін» - деп жазған саяхатшы:
А) әл-Мәкдиси
Ә) Маврикий
Б) Рузбихан
В) әл-Кердери
9.ХІV ғасырда Ертіс жағалауында салынған ислам сәулет өнерінің теңдесі жоқ туындысы:
А) Қалбасун мұнарасы
Ә) Боран мұнарасы
Б) Естемін мұнарасы
В) Шадшан мұнарасы
10.1847 ж. Орта Азиядағы алғашқы стационарлы православиелік шіркеу салынды:
А) Раим бекінісінде
Ә) Верныйда
Б) Чернеявта
В) Торғайда
11. «Магия,ғылым және дін» еңбегінің авторы:
А) Б.Малиновский
Ә) Леви-Брюль
Б) Э.Тайлор
В) Дж.Фрезер
12.БҰҰ Бас Ассамблеясы «Жалпыға бірдей адам құқықтарының декларациясын» қабылдады:
А) 1949ж.
Ә) 1978ж.
Б) 1948ж.
В) 1979ж.
13.Діннің пайда болуын, дамуын, қызметін жан-жақты түсіндіретін, оның қоғам өміріндегі басқа салалармен байланысы жөніндегі ғылым:
А) Атеизм
Ә) Теология
Б) Дінтану
В) Санкантизм
14.Католик шіркеуі алдындағы ерекше қызметі, жасаған, жасамаған күнәләрі кешірілгендігін айғақтайтын грамота:
А) Каталонта
Ә) Маркантиз
Б) Тевтон
В) Индульгенция
15.Иудаизмдегі құлшылық ету үйі:
А) Талмуд
Ә) Санталога
Б) Храм
В) Синагога Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Дінтану негіздері курсынан тест сұрақтары можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 648 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar