Меню
Назад » » »
Допты екі қолмен беру, қабылдау әдісі
загрузка...

загрузка...
Қызылорда облысы Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті Ж.Жабаев атындағы
№234 мектебінің дене шынықтыру
пәнінің мұғалімі
Уташев Махамбет Жанзакович

Сыныбы: 6 «б» сыныбы
Тақырыбы: Допты екі қолмен беру, қабылдау әдісі
Мақсаты: а) допты екі қолмен беру,қабылдау әдісін үйрету.
ә) ептілік, икемділік, шыдамдылық қасиеттерін дамыту
б) адамгершілікке, ұқыптылыққа,достыққа тәрбиелеу
Әдісі: сөз қолдану,көрсету, ойын, практика
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Формасы: Жаппай,топтық
Өтілетін орны : №234 мектептің спорт залы
Өтекізілетін күн______________
Қажетті құрал-жабдықтар: Доптар, сағат, ысқырық
Пән мұғалім: Тәуекел Дәулет.

С/б Сабақтың мазмұны Саны, реті, уақыты Әдістемелік нұсқаулар
Кіріспе –дайындық бөлімі 10-12І 1. Сапқа тұрғызу. Кезекші мәліметі, сәлемдесу. Сабақ мақсатын түсіндіру 10-12І 1І Оқушылар киіміне, тәртібіне, бұйрықтың дұрыс орындалуына назар аудару
2. Назар аудару жаттығулары
“оңға бұрыл!”, “солға бұрыл!”, “кері бұрыл!” сол иықпен алаңды айналып т алға қадам бас!”.
30 ІІ Бұйрықтардың дұрыс орындалуын қадағалау. Сол аяқпен бастау.
3. Жүру бағытында орындалатын жаттығулар
а) қол жоғары, аяқтың ұшымен жүру
ә) қол белде, өкшемен жүру
б) қол белде, ішкі, сыртқы қырымен жүру
в) қол желкеде, жартылай отырып жүру
г) қол тізеде, солға, оңға секіру
е) спорттық жүріс
1І 30 ІІ Ара-қашықтықты сақтау. Қолды бүкпеу денені тік ұстау басты көтеру
Денені тік ұстау қол бел тұста
Қаз тәрізді жүру жоғары секіру

Қол бел тұста бүгіулі, жылдам орындау.
4. Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар.
а) тізені жоғары көтеріп жүгіру
ә) өкшені жамбасқа лақтырып жүгіру
б) аяқтың басын алға сілтей жүгіру
в) оң, сол жақпен қолды айналдыра жүгіру
г) артпен жүгіру
д) жылан тәрізді жүгіру
е) жәй жүгіру
ж) спорттық жүріс

з)тыныс алу жаттығулары
2 І30 ІІ

15-20м

15-20м

30ІІ

Ара-қашықтықты сақтау
алақанға тізені тигізу,кеудені тік ұстау, қол бел тұста
Алақанға тигізу
Қол белде, аяқты бүкпеу, денені тік ұстау.
Алға, артқа барынша толық айналдыру Оң сол иыққа қарау Алаңды толық пайдалану
Еркін жүгіру
Қол бел тұста бүгулі
тынысты қалыпқа келтіру
5. Жалпы дамытатын жаттығулар.
а) б.қ. қол белде, с 1-4 оңға, с 5-8 солға басты айналдыру.
ә) б.қ. қол иықта, с 1-2 алға, с 3-4 артқа айналдыру
б) б.қ оң қол жоғары, сол қол төмен, с 1-2 оң қолды, с 3-4 сол қолды керу.
в) б.қ қол бүгулі кеуде тұста, с 1-2 бүгулі, с 3-4 түзу күйінде артқа керу.
г) б.қ қол алда түзу, с 1-2 ішке, с 3-4 сыртқа қарай шынтақтан айналдыру
д) б.қ қол кеуде тұсында қылып, қолдың басын өз бетінше оңға, солға айналдыру.
е) б.қ қол алда түзу, с 1-4 алға с 5-8 артқа иықтан айналдыру
ж) б.қ қол белде жартылай отырып, с 1 оң аяқпен аттап денені денені оңға бұру, с 2 сол аяқпен аттап денені солға бұру, с 3-4 т.с.с
з) б.қ қол белде, с 1 оң аяққа еңкею, с 2 б.қ, с 3 сол аяққа еңкею, с 4 б.қ т.с.с 6 І Ара-қашықтықты сақтау
Тепе-теңдік сақтау, көзді жұмбау, толық айналдыру.
Денені тік ұстау, толық айналдыру.
Қолды бүкпеу, барынша артқа керу жылдам орындау.
Барынша артқа керу, шынтақты бүкпеу иық көлемінде ұстау.
Толық айналдыру қолды төмен түсірмеу.
Оңға, солға білезік сүйекті айналдыру.
Қолды түзу ұстау, толық айналдыру.
Денені тік ұстау, барынша денені бұру.

Тізені бүкпеу, әр қадамға еңкею шынтақты бүкпеу
Негізгі бөлім 28-30 І Допты екі қолмен кеудеден беру, қабылдау әдісі
1. Сапқа тұрғызу. Допты екі қолмен беру, қабылдау әдісін түсіндіру, орындалуын көрсету.
Арнайы бейімделу жаттығулары
а) допты оң,сол қолмен айдау
ә) допты жоғары лақтырып,қағып алу

б) допты оң қолмен жоғары лақтырып, сол қолмен қағып алу
в) допты аяқтың астынан өткізу

г) еңкейіп тұрып, денені жазып барып допты лақтыру
2. Допты екі қолмен кеуде тұсынан беру, қабылдау әдісін орындау
а) орында тұрып допты беру, қабылдау әдісін орындау
ә) бір қадам жасап допты беру, қабылдау әдісін орындау
б) жүру, жүгіру кезінде допты беру,қабылдау әдісін орындау

3. Қимыл-қозғалыс ойыны.
« Доп топбасшыға»

Тыныс алу жаттығулары
28-30 І

1І30ІІ


















30ІІ 2 топқа бөлу, қарама-қарсы тұрғызу
Жаттығулардың орындалу әдісіне назар аудару

Қол бел тұсында бүгулі
Екі қолмен лақтыру, допты түсіріп алмау қажет
Барынша жоғары лақтыру, керісінше орындау
Аяқ иық кеңдігінде алшақ ұстау
Тізені бүкпеу, қолды толық созу
Аяқты иық кеңдігінде ұстау,қолды толық созу
Допты қабылдау кезінде қолды алға созып,кеудеге қарай жай тартып, доптың жылдамдығын азайту керек. Аяқ пен қол бір уақытта жазылу қажет

Ережеге сәйкес 2 топқа бөліп
ойын өткізу. Допты екі қолмен кеудеден ғана беру
Тынысты қалыпқа келтіру
Қорытынды бөлім Сапқа тұрғызу. Сабақ барысын
қорытындылау. Оқушыларды бағалау, мадақтау. Үйге тапсырмалар беру. Оқушылармен қоштасу. 2-3І Сабақ барысында жіберілген қателіктерді айту, түзеу .
Ескертулер жасау, тәртіпке назар аудару. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Допты екі қолмен беру, қабылдау әдісі можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 300 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar