Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Достық аралы -

Достық аралы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1334 | Размер: | Автор: гость
. «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №2 балабақшасы» МКҚК
Тәрбиеші: Прманова Алтынай Рысалдиевна

Тобы: ересек топ
Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық»
Бөлімі: Көркем әдебиет, қарапайым математика, жапсыру.
Тақырыбы: «Достық аралы»
Мақсаты:
1. Балаларды достарымен жағымды қарым – қатынас жасауға үйрету.
2. Өзара сыйластық, түсіністік, көмек қарым - қатынастарын дамыту.
3. Балаларды татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа, эстетикалық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд, мазмұнды суреттер, т.б
Әдіскерлік тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақтар – жауап, өлең, ойын, тақпақтар, мақал-мәиелдер айту.
Белингвалды сыңары: красный-қызыл, весна-көктем, достық-дружба
Оқу-іс әрекет Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру бағдар беру Шаттық шеңбер.
Қуан шаттан алақай!
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң қайырлы күн,
Күліп шықты күн бүгін!
Кім келсе де топтарға,
Таныс емес демейміз.
Ағай, апай келсе де,
Сәлеметсіздер ме! – дейміз.
Орысша, ағылшынша амандасу Балалар шаттық шеңберіне тұрып, қонақтармен амандасады
Ұйымдаса іздену

-Жарайсыңдар балалар.
-Балалар бүгін сендермен бірге ерекше оқу-іс әрекетімізді бастайық. Өйткені бізде көптеген апайлар қонақта
Бізге Батырхан жұмбақ жасырғысы келіп отыр екен
Бұлтты айдай желдеткен
Нөсерлеткен селдеткен
Шалшық кешіп ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
-Дұрыс айтасыңдар
-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Балалар Наурыз айында қандай мерекелер болды?
-Сендер дұрыс айтасыңдар. Олай болса есімізге түсірейік Анамыз туралы тақпақ білеміз бе?
-Ал балалар, енді барлығымыз дөңгелекше тұра қалайық. Қолдарымызды ұстасып, алақанымызды бір-біріне қойып, өзара жылуымызды, жақсы тілегімізді айтайық.
-Өте жақсы.
Слайд көрсету.
«Дос» туралы тақпақ айту.

Осы кезде толқынның дауысы естіледі
Тәрбиеші: -Балалар бүгін біз сендермен достық аралына келдік.
-Арал дегеніміз не?
-Дос деген ұғымды қалай түсінеміз?

-Ал, осы «Дос» туралы мақал-мәтел білеміз бе?

-Сендер де өз достарыңды бағалай біліңдер
Достық аралында көптеген сұрақтар бар екен
Слайд көрсету. 1 тапсырма
«Мына ертегілердің аттарын ата»
-Дұрыс айтасыңдар. Осы «Екі дос» ертегісін сахналап аламыз ба?
Сахналайтындар: Мұқағали, Батырхан, Абылай, Бақдаулет
-Балалар, біз досқа адал болайық

Ойын: «Достық неден басталады?»

-Балалар бір сергіп қалдық
2 тапсырма.
Абай Құнанбаевтың тақпағы
3 тапсырма.
«Аралда нелер өмір сүреді?»

Есептер шығару
Толқынның даусы естіліп теңізден Су перісі шығады
-Балалар, достық аралына қош келдіңдер! Теңіз астында мен сендердің достыққа берік, ұқыпты, белсенді екендеріңді естідім. Балалар сендердің көмектеріңе зәрумін.
Тәрбиеші: -Қандай?
-Балалар көмектесеміз бе?
Су перісі: -Балалар, менің көптеген балықтарым судың шетіне шығып қалды. Соларды теңізге жіберсеңдер.
Тәрбиеші нұсқау беріп, балалар балықтарды жапсырады. Қалай жапсыру керектігін айтып береді.
Сергіту сәті: «Егер саған ұнаса»


Көктем

-Көктем мезгілінде 3 ай бар. Олар: наурыз, сәуір, мамыр
Сағыныш:
Жерді басты көк кілем
Ондай кілем жоқ білем
Көктем келді күлімдеп
Міне саған гүлім - деп
Гүлнұр:
Көктем келді далаға
Келді сұлу шағала
Аспандағы ақ құстар
Ауылымды арала
Аналар мерекесі және
22-наурыз

Мұқағали шеше туралы тақпағын айтады
Балалар бір-біріне тілектерін айтып, орындарына отырады.

Тақпақтар
Ұлан:
Дос болайық бәріміз
Жарасып тұр сәніміз
Тыныштықты сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз
Жанель:
Дән ексем жерге достық егер едім
Бұлт болсам саған тамшы себер едім
Жайнаған гүлден гөрі ыстық құмға
Дос үшін жылда айналып келер едім
Мұқағали:
Болса кімнің досы көп
Көңілінің хошы көп
Айта аласың кімдерді
Нағыз достар осы деп
-Судың ортасында қалған құрлық
Балалар дос туралы өз ойларын айтады
Мақал-мәтелдер
Аделя:
Дос болсаң, берік бол
Досыңа серік бол
Жаннұр:
Досы жоқ адам, тамыры жоқ терекпен тең
Ғажайып:
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды
Зарина:
Аққуды атпа,
Досыңды сатпа

-«Шақан», «Ұр тоқпақ», «Бауырсақ», «Жыл басына таласқан хайуанаттар», «Екі дос» ертегілері

-Ия көмектесеміз

Балалар балықтарды бір-бірлеп салады, санайды

Кері байланыс.
Қорытынды нәтиже

Сұрақ жауап арқылы балалар билингвалды сыңарын айтады.
Су перісі көптеген балықтары үшін рахмет айтады.
Тосын сәт. Русалка теңізден сыйлық алып береді.
Оқу іс-әрекетіне қатысқан балаларды мадақтау. Рыба-балық, весна-көктем, теңіз балығы-русалка.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Достық туралы
Игереді: жапсыру кезінде ұқыпты жапсыруды
Меңгереді: Досқа деген қарым-қатынасты
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.