Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Дулат Бабатайұлы. «О,Ақтан жас, Ақтан жас» -

Дулат Бабатайұлы. «О,Ақтан жас, Ақтан жас»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2923 | Размер: | Автор: гость
. Садуақасова Забира Марханқызы,
№22 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
ОҚО, Түркістан қаласы
Сабақтың тақырыбы: Дулат Бабатайұлы. «О,Ақтан жас, Ақтан жас»

Білімділік мақсаты: Дулат ақынның өмірі жайында мәлімет беру, өлең мазмұнын
ашу,теориялық талдау жасау.

Дамытушылық мақсаты: Оқушыларға өлеңді талдата отырып, олардың ой-өрісін
дамыту, танымын кеңейту.

Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, мейірімділікке, өз елін сүюге, адалдыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі әдісі, сұрақ-жауап әдісі
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, сынып тазалығына мән беру, оқушыларды түгелдеу, сабаққа назарын аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Жылқы – малдың төресі» тақырыбында шағын шығарма жазу, сурет салу, жырдан үзінді жаттау
ІІІ. Жаңа сабақ
І. Мұғалімнің кіріспе сөзі. ХІХ ғасыр І жартысына шолу.
Қазақ әдебиетінің аса бір сүбелі кезеңдерінің бірі ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезі 1731 жылы Кіші жүз қазақтары Әбілхайыр ханның бастауымен орыс патшасына ант беріп бағынған кезі болатын.Орта жүз қазақтары Абылай хан да орыстарға қосылады. Ресей патшасы отарлау саясатын біртіндеп жүргізеді.
- Қазақ даласына әскери бекіністер салады.
- Ресейдің түкпір – түкпірінен шаруаларын көшіріп әкеліп, қазақтың суармалы жерлерін тартып алады.
- Қамалдар орната бастады.
- Жергілікті халықтан заттай, ақшалай салықтар жинап отырды.
Осындай әрекетпен орыстар қазақ байларын билікке таластырып, ел ішінде жер дауы, жесір дауы, тонау, өтірік айту сияқты жағдайлар етек алып кетті. Осындай әділетсіздікті көрген ақындар өз өлеңдерінде орыстардың озбырлығын сынады. Сондықтан сол кезеңдердің ақындарын зар заман ақындары деп атаған. Солардың ішінде әдебиеттен ойып орын алатын ақын - Дулат Бабатайұлы.
Дулат ақын 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында туылған. Алғашқы білімін өзге ақындардай ауыл молдасынан алады. Өнер жолына ерте түскен ақын Сарыарқадағы ең атақты ақындардың қатарына қосылады. Кезінде талай ақын баға берген Дулатқа мына мен әдебиетші ретінде баға берсем бұл да көптік етпес:
Шындықты бетке айтқан ерлер болған талай,
Олардың есімін атамасақ әрине болар қалай?
Жыршылардың қатарында заңғар,биік болған
Есімі елге белгілі ақын, жыршы Дулат Бабатай

Талайды сынға алды еш тайсалмай,
Шығармалары құнды еді саф алтындай.
Тарихта таңбадай болған барша өлеңдері
Болар мына жас ұрпаққа бойтұмардай!
Ендеше, Дулат шығармалары бір төбе. «Еспембет» дастаны, 1880 жылы шыққан «Өсиетнама» деген атпен өлеңдер жинағына «Барақ төреге» , «Тегімді менің сұрасаң», «Сары шымшық», «Ешенге», «Қара қарға», «Айтпасымды айтқыздың», «Аягөз, қайда барасың?», «Ақжайлау мен Сандықтас», «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңдері енген.Сол мазмұн мен мағынаға толы өлеңдерінің бірі – «О,Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі
О, Ақтан жас, Ақтан жас,
Сен де жетер ме екенсің?
Жетімдіктің белінен
Асып өтер ме екенсің?
Жарық сәуле көре алмай,
Ел шаңына ере алмай,
Сол бойы кетер ме екенсің?...
ІІ. Оқулықпен жұмыс.
Оқушыларға мәнерлеп оқытамын.
1.Ақтан жас деген кім?
2.Ақын Ақтан жасқа қандай үміт артады?
3.Қалай ойлайсыңдар ақын үміті ақтала ма?

ІІІ.Талдау жұмысы

Лирика Арнау Риторикалық сұрау Азаматтық идея, азаматтық үн
Саяси лирика

Сұрай арнау О,Ақтан жас, Ақтан жас,
Сен де жетер ме екенсің?
(жетеді) Үлкен ер қорғаны болар азамат болу

Ұйқас түрі Буын саны Поэтикасы, яғни тілі Өлеңнің тақырыбы Ақын лексикасы
Кезекті ұйқас, шұбыртпалы ұйқас Жеті – сегіз, тоғыз буынды аралас келетін өлеңдер Риторикалық сұрақ, ассонанс Жетім бала жайлы Қару-жарақ, көне мата, жер атаулары
ІҮ. Салыстыру
Ақтамберді «Күмбір-күмбір кісінетіп» өлеңімен салыстыру
Күмбір – күмбір кісінетіп
Күреңді мінер ме екенсің?..
Махамбет «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңімен салыстыру
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай
Еңку-еңку жер шалмай
Ерлердің ісі бітер ме?!...

Ү. Әдеби – теориялық талдау
«О,Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі
Эпитеттер:
Бадана көз, тоғыз тор
Сөз тіркестері: Түтінін үзбей оқ атқан, бсағасын борлатқан, керегесін торлатқан, тегеріші манаттан.
Ассонанс:
Жапанға біткен жапырақ
Жамылсаң тоңар ма екенсің?
Жазғы шыққан бүлдірген...
... Сырты қырлы, жүзі алмас,
Салған-дағы жоғалмас
Сапы асынар ма екенсің?
ҮІ.Мағынаны таны.
Оқушылардан Жылқы малының жас шағына қарай саралауын сұрау
Құлын-тай- құнан-дөнен-бесті
Оқушылардан жылқы малына арналған мақал – мәтелдерді сұрау
Мысалы:
1.Ат аяғынан семірер,
Адам құлағынан семірер
2.Арғымақта артық ет болмайды.
3.Ат жақсысын мақта,
Адам жақсысын жақта
4.Ат – ер қанаты
Қазақ жырларындағы батырларға серік болған тұлпарлар жайлы сұрау
Ер Төстік - Шалқұйрық
Ер Тарғын - Тарлан
Қобыланды батыр - Тайбурыл

ҮІІ.«Арманым мені алысқа жетелейді» атты тақырыпта өлең шығару
І топ өлеңі
Арманым менің асқақ, заңғар биік аңсаған,
Оған жету жолында ешқашанда тайсалман.
«Болар бала алысқа қарар» деген даналық
Елімнің жанашыры, болармын бір майталман!

ІІ өлеңі
Арманым – ұстаз болу, білім беру,
Шәкірт бойына ізгілік дәнін себу.
Арманым көп әрине мына менде
Адал жан боп еліме қызмет ету.

ІІІ топ өлеңі
Армансыз адам бұл өмірде болмайды,
Қанатсыз құс та,сірә, бірақ оңбайды.
Қызмет ету- ізгі борыш, бір міндет
Адал жандар бірін –бірі қолдайды.

Міне, арман алысқа жетелейді екен.Әрқашан да сендер армандарыңа жетіп, өркениетті елімізді көркейтіп елдігімізді нығайтатын азамат болуларыңа тілектеспін.

ҮІІІ.Оқушыларды бағалау
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын.

ІХ.Үйге тапсырма: Дулат Бабатайұлы «О,Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңін жаттап келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.