Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ү дыбысы мен әрпі. -

Ү дыбысы мен әрпі.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1357 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі.
Білімділік:Ү дыбысы мен әрпін таныту.Ол арқылы берілген сөздерді оқуға үйрету және оның жіңішке дауысты дыбыс екенін айту. Ү әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.
Дамытушылық: Ү дыбысына байланысты жаңа сөздермен таныстыру арқылы оқушылардың ой-өрісін, тілін, сөздік қорларын дамытып, дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: әріптер, оқулық, суреттер, интерактивті тақта.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, ойын, сұрақ-жауап, түсндіру.
Сабақтың түрі: ертегі сабақ.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, тіл дамыту
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
-Ендеше, бүгінгі қонақтарға, өз білімімізді көрсетейік.
ІІ. Психологиялық дайындық.

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.

1-слайд.
а) Сұрақ-жауап: -Қазақ тілінде қанша әріп бар?
- Дыбыс деген не?
- Әріп деп нені айтамыз?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты және дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
2-слайд.
ІІІ. Дауысты және дауыссыз дыбыстарға ажырату. (ұяшыққа салу)
3-слайд.
ІV. Өткенді пысықтау. Ө дыбысын қайталау.

V. Жаңа сабақ. 4-слайд.
а) Тақтаға «Бауырсақ» ертегісінің суреті көрсетіледі. Кейіпкерлерін атайды.
Бауырсақты түлкіге жегізбеу үшін жабайы аңдардың тапсырмасын орындайық. Сол арқылы ү дыбысымен танысатын боламыз. Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыға ата мен апаның сіздерге арнаған сыйы бар екен оны сабақтың соңында не екенін білеміз. (гүлдер тарату )

1. Қоянның тапсырмасы.
« Сөзжұмбақ» шешу.
1. Кезікті бір жануар, үстінде екі тауы бар.
2. Көру мүшесі не?
3. Не білім бұлағы?
-Қандай сөз шықты. Үкі қандай дыбыстан басталып тұр?
- Ү - ү - ү (хормен айту)
- Ү - қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
- Ү - жіңішке дауысты дыбыс, созылып айтылады.
- Қандай түспен белгілейміз? Неге?
- Ү - дыбысын айтқан кезде ерін сүйірленіп, алға жылжиды, тіл артқа жылжиды, иек көтеріледі.
-Ү дыбысына ұқсас дыбыс бар ма?
-Үү – Ұұ дыбыстарын салыстыру. ( кеспе әріптер)
-Ү - жіңішке дауысты дыбыс, ұ - жуан дауысты дыбыс және белінен сызылған.
5-слайд.
Суретпен жұмыс. (буынға бөлу, сөйлем құрау)
Қосымша материалмен жұмыс.
«Г»-ден баста мен кілең
Ажарымын өңірдің
«К»-ден баста мен кілең
Қалдығымын көмірдің
«Т»-дан бастап оқысаң
Аты аңыз қу аңмын.
«К» болса басқы әрпім
Езу тартып қуандым. (Гүл-күл, түлкі-күлкі)

Сергіту сәті:
6-слайд.
2. Қасқырдың тапсырмасы.
VІ. Оқулықпен жұмыс. а) Тізбектеп, қатар бойынша оқыту.
б) «Білеміз бе» ойыны
д) Сөздік қоржын (жаңа сөз)

7-слайд.
3. Аюдың тапсырмасы.
VІІ. Дәптермен жұмыс: ү әрпін жазу.
а) ауада жазып қол жаттықтыру;
ә) Ү дыбысының үлкен және кіші әріптерін жазу.
8-слайд.
4. Түлкінің тапсырмасы.
Ой тастау. (жұмбақ шешу)
9-слайд.
Бауырсақ атасы мен әжесіне қайтып келіп, олар өте қатты қуанып жатыр. Сендерге риза болып алғыстарын білдіруде.
10-слайд
VІІІ. Қорытынды. Сұрақ-жауап:
- Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
- Ү дыбысы қандай дыбыс екен?
- Ү дыбысына байланысты сөздер айту.

11-слайд
ІХ. Үйге тапсырма беру. Мадақтау.
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!
Тексерілді:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.