Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ә дыбысы мен әрпі. -

Ә дыбысы мен әрпі.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1322 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: Ә дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1. Ә дыбысы мен әрпі туралы түсінік беру.Жазылу ерекшеліктеріне мән беру.
2.Ұқыптылыққа , зеректілікке баулу.
3.Оқушының ақыл-ойын,сөздік қорын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты суреттер,Ә әрпінің жазу үлгісі,кеспе әріптер мен буындар,касса,жұмбақтар
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Түгендеу. Сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.
-Балалар өткен сабақта қай дыбыспен танысқан болатынбыз?
-І дыбысы қандай дыбыс?
-Ол сөздің қай жерлерінде кездеседі?
-І дыбысы бар сөздерді атау.
-Ірімшік,ін,із,тіс,тіл,іні
Оқушыларға «Ін» мәтінін оқыту
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау
Өлең оқу
Әжем ертіп әкелді,
Әкем саты әперді.
Әйнек салды әйнекші,
Әдемілеп пәтерді.
-Өлеңнің алғашқы сөздері қай дыбыстан басталған?

-Бәріміз біргеӘ дыбысын айтып қарайық.
-Ә......Ә
-Ә дыбысы қалай айтылып тұр?
-Ә дыбысы қандай дыбыс?
-Бүгінгі өтетініміз дауысты дыбыс, Ә әрпі
ІҮ. Жаңа сабақӘ әрпін хормен айтқызу.
-Оқулықтағы суретке қарап әңгіме құрау
-Әже мен немере.
-Олар не істеп отыр?

Жұмбақ жасыру
Жанды сағат,
Таң атпай айқай салады
/әтеш/
Әтеш сөзіне дыбыстық талдау жасау
Бағандағы сөздерді оқыту
Мәтін. Әже. Оқып беру.
Ү. Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру.Өздеріңнің әжелерің туралы әңгімелеп беріп көр.
ҮІ. Білімді бекіту. Дәптермен жұмыс:
Ә әрпін ауада жазғызып,үйрету
Әә әрпін жазып үйрену
Метаграмма
Ш-дан бастап жазғанда,
Шәй қайнатып аласың.
Ш-ны алып тастасаң,
Терезеге саласың.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау:
-Бүгінгі сабақта біз қай дыбыспен таныстық?
-Ә дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
-Ә дыбысы бар сөздерді атау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.