Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Өө дыбысы мен әрпі -

Өө дыбысы мен әрпі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2608 | Размер: | Автор: гость
. Мерзімі:17.11.2015ж пәні: Сауат ашу сыныбы: 1 А –сынып
Мұғалімнің аты-жөні: Елмуратова Гаухар Дарьябаевна
Сабақ тақырыбы: Өө дыбысы мен әрпі
Блум таксономиясы бойынша мақсаттар жүйесі:
Білу: Өө дыбысы мен әрпін танып білу, баспа жазба түрлерін айырып білу.
Түсіну: Ө дыбысы дауысты дыбыс екенін және ол буын құрайтындығын түсіну
Қолдану: Өө әрпін жазуды үйрену, жазба түрін танып білу.
Талдау: Сөз ішінде ө дыбысын тауып орнын анықтай алу, дыбыстық талдау жасау
Жинақтау: «Тез ойла, сөз ойла» ойыны арқылы білімдерін бекіту, ойларын жинақтау
Бағалау: Кері байланыс, сыныптастарын бағалау, топтық бағалау.
Күтілетін нәтижелер: - Өө дыбысы мен әрпін танып біледі, баспа жазба түрлерін айырып біледі;
- Ө дыбысы дауысты дыбыс екенін және ол буын құрайтындығын түсінеді;
- Өө әрпін жазуды үйренеді,жазба түрін танып біледі.
- Сөз ішінде ө дыбысын тауып орнын анықтай алады, дыбыстық талдау жасай алады;
- «Тез ойла, сөз ойла» ойыны арқылы білімдерін бекітеді, ойларын жинақтайды;
- Кері байланыс, сыныптастарын бағалайды, топтық бағалайды
Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: Тренинг «Сабаққа дайындық», «Өрмекші» әдісі, «Миға шабуыл», «Менің үйім қайсы» ойыны, оқулықпен жұмыс, дыбыстық талдау жұмысы, топтық жұмыс, «Венн» диаграммасы әдісі, сергіту сәті, «Тез ойла, сөз ойла» ойыны, «Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс.
Оқушыларды оқыту үшін бағалау түрлерін кіріктіру: Қол шапалақ арқылы, смайликтер арқылы топтық бағалау. (Формативтік бағалау)
Мадақтау арқылы оқушыларды ынталандыру
Қажетті ресурстар: «Әліппе» оқулығы Атамұра баспасы,2012. Көрнекі суреттер, әріптің баспа және жазба түрлері, үйшіктер, жіп, оқу құралдары, үлестірме тапсырмалар, смайликтер.
Сабақ барысы
Уа
қыт Сабақ кезеңдері Мұғалім
іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті әдіс-тәсілдер

2 мин

Ұйымдас
тыру
Психология
лық
дайындық–ынтымақтас
тық ортаны қалыптас
тыру. Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.

Тренинг -
«Сабаққа дайындық» Оқулықтарын дәптер қаламдарын алып сабаққа дайын отырады.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
(Сәлеметсіздерме)
Бұл тренингке барлық балалар қатысады.
Қара достым, жан-жаққа
Дайынсың ба сабаққа?
Орнында ма қараңдар,
Кітап, дәптер, қаламдар? Тренинг «Сабаққа дайындық»
3мин Өткен тақырыпты сұрау Ал, балалар ендеше ортаға шығып дөңгеленіп тұра қалайық та, «Өрмекші» әдісі арқылы өткен тақырыпты еске түсіріп алайық. Балалар тақта алдына дөңгеленіп тұрады. Бастайтын оқушы қолындағы жіпті қалаған оқушыға қарай лақтырып сұрақ қояды. Жіпті алған оқушы сұраққа жауап беріп өзі басқа оқушыға сұрақ қойып қолындағы жіпті лақтырады.
-Дыбыс дегеніміз не?
-Әріп дегеніміз не?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Сөйлем нелерден құралады? Ал сөздерше?
- Сөйлем қандай әріппен басталып жазылады, соңына қандай белгі қойылады?
- Зз дыбысы қандай дыбыс?
- Зз дыбысына сөздер айт.
-Зада мен Зере қайда барды?
-Медеу мұз айдыны қай жерде? «Өрмекші» әдісі
1мин Ой шақыру Жарайсыңдар балалар, өте жақ-
сы. Енді қолдарың-
дағы ұстап тұрған жіптен не құрадың
дар? Кім біледі? Дұрыс, өте жақсы. Қалай ойлайсың-
дар неге біз бүгінгі сабағымызда өрмекші торын құрадық? Нені байқап тұрсыңдар? -Өрмекші торы құралды.
Өрмекші деген сөзде таныс емес дыбыс естіліп тұр. Ол Өө дыбысы. Бүгін біз Өө дыбысымен танысамыз. «Миға шабуыл»
8
мин Жаңа сабақ:
Білу.
Түсіну.

Оқулықпен жұмыс.

Топқа бөлу. Түстер арқылы. Қызығушылықты ояту. Жұмбақтар.

Жауап беруіне қарай топтарды бағалау (Жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш)
Өте жақсы балалар, осы жұмбақтардың шешуіндегі сөздерді айтайықшы.
Бұл сөздерде ең бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
Олай болса, балалар бүгінгі танысатын сиқырлы әріп Өө дыбысы мен әрпі екен.
Ал балалар, Өө дыбысы қайда барарын білмей өзінің үйін табалмай тұр екен.
Біз оған үйін табуға көмектесемізбе балалар? Олай болса қазір
«Менің үйім қайсы» ойыны арқылы Өө дыбысын өз үйіне кіргізейік.
Балалар тақтаға қарайықшы Өө әрпі қай әріпке ұқсайды? Жарайсыңдар балалар, демек Ө әрпі О әрпіне ұқсағанымен ерекшелігі бар екен. Ал енді осы екеуін дыбыстап көрейікші, дыбысталуы ұқсайма екен.
Оо дыбысын дыбыстату
Өө дыбысын дыбыстап айтқызу.

Ө дыбысы буын құрай алама?

Олай болса оқулықтарымызда берілген сөздерді оқып көрейік.
Кейбір сөздерге түсінік беріп өту. Оқушылар таңдаған түстері арқылы екі топқа бөлінеді.
1.Дауысты дыбыстар
2.Дауыссыз дыбыстар
Тәтті, тәттінің іші қатты,
Қаттының іші тәтті. (Өрік)
Торын құрып қояды
Шыбындарды жояды (Өрмекші)
Өзі күшті, мүйізі мықты,
Қызылды көрсе құтыра шықты. (Өгіз)
Жауап беруіне қарай әрбір топ өз бағасын алады.

- Өрік, өрмекші, өгіз.

- Өө дыбысы

«Менің үйім қайсы» ойыны.
Әрине көмектесеміз.

Ө әрпі О әрпіне ұқсайды, бірақ О әрпінде белінде белбеуі жоқ. Ал Ө әрпі дөңгелек болғанымен оның белінде белбеуі бар.

Оооооо
Өөөөөө
О дыбысы созылып жуан болып естіліп тұр.
Ө дыбысы да созылып айтылады, бірақ ол жіңішке болып естіледі.
Ө дыбысы жіңішке дауысты дыбыс.
Сондықтан біз Ө дыбысын қызыл үйшікке кіргіземіз.
Ө дыбысы буын құрайды, себебі ол дауысты дыбыс.
Өрмекші сөзіне дыбыстық талдау жасайды.


Оқулықта берілген бағандағы сөздерді оқиды.
Ө зен ө ріс бө рік
Ө лең ө рік кө рік
Ө нер ө мір кө мір
Өр нек көр ме
Өр мек көр пе
Өр кеш көр ші Топқа бөлу, жұмбақтар шешу, сұрақ – жауап

Оқулық-
пен жұмыс.

4мин

1мин Қолдану:

Сергіту сәті Ал, балалар енді біз Ө әрпін жазуды үйренейік. Арнайы дәптерлеріндегі үлгі бойынша көркем жаздырту. Жазу ережелерін естеріне салу.
1.Тақтада жазып көрсету
2.Ауада жазу.
3. Дәптерде жаздырту
Жазу ережелерінің сақталуын қадағалау.

Жазу жұмысына дайындалады. Мұғалімнің көрсетпесі бойынша әріпті жазады.
А) Ауада жазу
Ә) Үлгі бойынша үлкен кіші әрпін жазу.

Ө -------------
ө-------------
Өө------------

Отырып ақ орнымда
Өзенді де кешемін
Сен білмесең егер де
Былай ескек есемін.
Есемін, есемін
Үлкен болып өсемін. Дәптермен жұмыс, көркем жазу.

Сергіту сәті
8мин Талдау Мәтінмен жұмыс.
Балалар оқулығымызға назар аударайық ненің суретін көріп тұрмыз? Өте жақсы, олай болса олар туралы мына «Өркеш» мәтінін оқып көрелік.
Бота мен бұзау не туралы сөйлесіпті?
Бота мен бұзау ненің төлдері? Олай болса балалар сендерге тапсырма осы екеуінің ұқсастығы мен айырмашылығын тауып түсіндіріп беріңдер.

Топтардың бірі бірін бағалауы. Бота мен бұзаудың суреті.
Өркеш
-Арқаңдағы шошайған не? – деді бұзау.
-Өркеш қой, - деді бота.
-Өркеш саған не керек? – деді бұзау.
-Балалар мінсе, құлап қалмасын, - деді бота.

-Өркеш туралы.
Бота – түйенің төлі, ал бұзау – сиырдың төлі.
Оқушылар топтасып «Венн» диаграммасын толтырады.

Бота да, бұзау да – жануар. Ботаның өркеші бар, ол бөөө деп дыбыстайды. Бота түйенің төлі. Бұзаудың өркеші жоқ, ол мөөө деп дыбыстайды. Бұзау сиырдың төлі.
Қол шапалақ арқылы бағалайды. Мәтінмен жұмыс.

«Венн» диаграмма
сы әдісі
4мин Жинақтау Жарайсыңдар балалар! Енді балалар алған білімдерімізді «Тез ойла, сөз ойла» ойынымен жинақтайық. Қанеки, Өө дыбысы бар сөздерді қай топ көп ойлап табады? Әр бір топ Ө дыбысына ойлап тапқан сөздерін айтады. Ең көп сөз айтқан топ жеңімпаз болады. «Тез ойла, сөз ойла» ойыны
3мин Қорытынды

Бағалау Өте жақсы балалар! Бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма? Нелерді үйрендіңдер? Қандай дыбыспен таныстық?
Оқушылардың сабақ барысында алған бағаларын жинақтау, смайликтер арқылы әр бір оқушыны мадақтау.
Балалар сабақ бойынша ойларын «Бағдаршам» түстері арқылы білдіреді.
Өө дыбысы және әрпімен таныстық. Өө дыбысы жіңішке, ашық дауысты дыбыс. Сөздің басында ортасында келеді. «Бағдар
шам» әдісі арқылы кері байланыс.

Оқушыларды мадақтау.
1мин Үйге тапсырма беру. Өркеш мәтінін оқып келу. Жазу жолындағы сөйлемдерді жазып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.