Меню
Назад » » »
« Қ » дыбысын машықтандыру «Қар үстіндегі қарғалар » - жапсырмақұрақ жасату
загрузка...

загрузка...
Тақырыбы : « Қ » дыбысын машықтандыру
«Қар үстіндегі қарғалар » - жапсырмақұрақ жасату

Мақсаты :

Білімділігі : Қ дыбысының шырайымен таныстыру.
Қ дыбысын дұрыс айтып ,буында , сөзде, сөйлем ішінде анық
айтуға дағдыландыру; Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту ;
Айтылған мәтінді дұрыс түсіну, сұрақтарға толық жауап беру;
Берілген тапсырманы дұрыс орындау және тақырыпқа байланысты
әңгімені жүргізе білу;

Дамытушылығы: Танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше жұмыс жүргізуге және
ой қорытуға дағдыландыру; ойын түрлері арқылы ізденімпаздық
қабілеттерін, ой-өрісін дамыту, түрлі тапсырмаларды орындау
барысында іскерлік, танымдылық қабілеттерін арттыру.
Сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелілігі: Адамгершілік қарым- қатынасқа үйрету. Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа
тәрбиелеу.

Түзетушілігі : - Сөйлеу және есту мүшелерінің жұмысын ұсақ моториканы дамыту
арқылы бекіту;
- Есту арқылы қабылдауын дамыту және қалыптастыру;
- Қалдық есту қабілетін мүмкіндік жеткенше дамыту, осы негізде
ауызша сөздік тілдік қабылдауға сапалы және естіп- көру тірегін құру.

Көрнекілігі : кеспе сөздер , суреттер

Құрал- жабдықтары: айна , дыбыс күшейткіш аппараты ( ДКА),компьютер, экран

Әдіс- тәсілі : түсіндіру, сұрақ – жауап , қайталау

Жоспары :

1. Оқу іс- әрекетін ұйымдастыру кезеңі.
2. Дайындық жаттығуларын жүргізу.
3. Дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуға жаттықтыру жұмысы
4. Таныс тілдік материалдарды естіп, ажырату
А) сөздерді естіп қабылдау
ә) сөйлемді естіп қабылдау
б) сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастыру
5. Мәтінмен жұмыс жүргізу.

Сабақ барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі :
Оқу іс- әрекетін ұйымдастыру.
- Қабылдағышты ки ;
- Сен не істедің?
Оқушы : Мен қабылдағышты кидім.
- па-па-па
- Сен не естідің?
Оқушы : па-па-па
- Сәлемдес.
- Сенің атың кім?
- Сенің тегің?
- Сен нешінші сыныпта оқисың?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қандай ай?
- Бүгін нешесі?
- Қандай күн?
- Қазір қандай сабақ?
- Біз сабақта не істейміз?

ІІ. Дайындық жаттығуларын жүргізу.

Мақсаты: дыбысты дұрыс айтуға қажет сөйлем мүшелерінің қалпын,
қимыл қозғалысын дамыту.

1. Тыныспен жұмыс: « Шырақты өшір » - мұрынмен дем алып, ауыздан
шығарамыз. Ауызбен дем алып, мұрыннан шығару.

2. Дауыспен жұмыс : « Жел соғады!»
Жәй: у – у – у Қатты : У –У –У

3. Тілге арналған жаттығулар :
Дыбыстарды анық айту үшін артикуляциялық аппаратты ретке келтірейік, ол үшін
жаттығулар жасайық .
«Төбешік» - төбешікке бір мініп,зуылдатып сырғанар.
« Сылақшы» -сылақшы-ау,сылақшы,таңдайымды сылашы!
«Ат шауып келеді»- аттың жүрісін салып,таңдай қағу.

4.Фонетикалық жаттығу : Тез күшті қимылмен бір уақытта бүйірге оң,сол шынтақты қысып, « қа – қа» буынын айту.

- Сен не істедің?
- Мен жаттығу жасадым.

ІІІ . Жаңа сабақ
Жапалақтап жауады,
Жердің бетін жабады.
Бұл не аппақ мақтадай?
Қанеки кім табады?
« Қар»
- « Қар» сөзінде бірінші қандай дыбыс естіледі?
- « Қ» дыбысы
- Дұрыс. Бүгін Қ дыбысын айтып үйренеміз.

Мұғалім алдымен шыраймен , одан кейін айнаға қарап көрсетіп түсіндіреді.
1. Қ дыбысының артикуляциялық кескіні :
«Қ» дыбысын айтқанда ерініміз ашық, тісіміз алшақ салынған ;
Тіл ұшы төменгі тістің жанында, бірақ тіске тірелмейді. Алдыңғы және ортаңғы
тілдің арқасы төмен , артқы жағы сәл жоғары көтеріліп жұмсақ таңдайға тіреледі.

Бала айнаға қарап «Қ» дыбысын айтады.

2. Ойын : « Аққала жаса» - буындарды оқу
Қа , қу,қы қо,ақ, оқ, ұқ, қпа

3. « Қ» дыбыстарын буында,сөзде,сөйлемде дұрыс,анық оқы.
-қа , -қо қыс Алақай , қыс келді!
-қу , - ық
- ақ, - оқ аққала Балалар аққала жасады.
- ұқ, - ық
-қпа , - қба суық Қыста күн суық .
- қса , - қда

- Cен не істедің?
- Мен буында,сөзде, сөйлемде оқыдым.

4. Не өзгерді? - ойыны
Шарты: Үстелдің үстінде «Қ» дыбысынан келетін суреттер берілген.
Оқушы алдымен суреттердің атын оқып алады. Содан кейін көзін жұмады,
Осы кезде мұғалім суреттердің орнын ауыстырып қояды. Оқушы өзгерген
суретті табу керек.

- Сен не істедің?
- Мен суреттердің атын атадым.

5.« Жоғалған әріпті тап»
...арбыз , балы..., ...аз , мысы..., са...ина, ...арға , ...уырша..., жыл...ы , та...та ,..оңыз, ...ар. .
- Сен не істедің?
6. Сөйлемдерді оқы. « Қ» дыбысын анық дұрыс айт.

1. Қар жауды.
2. Қайрат шанамен сырғанады.
3. Балалар қар лақтырысып ойнады.
4. Қанат коньки тепті.
5. Қыста жаңа жыл мерекесі тойланады.

- Сен не істедің?
- Мен сөйлемдерді оқыдым.

7. Жекеше- көпше түрінде айт.
Лақ – лақтар
Қоян – қояндар
Қасқыр- қасқырлар

8. Сөз тіркесін тап.
Қызанақ қызыл
Жасыл бақа
Ақ қоян
Сары мысық

ІІІ. Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп – үлкен боп өседі.

ІV . Есту қабілетін дамыту
Мұғалім: Мен мәтінді оқимын, сен мұқият тыңда ( экран арқылы)

«Қар үстіндегі қарғалар» жапсырмақұрағы
Балалар еңбек сабағында отыр. Олар « Қар үстіндегі қарғалар» жапсырма-
құрағын жасап отыр. Қанат шыршаның үлгісін жапсырды. Қайсар қарғаның
үлгісін жапсырып отыр. Мақсат қардың үлгісін жапсырды. Сен де осындай
жапсырмақұрақ жаса.

Мұғалім : Сен не естідің?
- ( еңбек сабағы, қар, қарғалар,шырша)
Мұғалім: Мен мәтінді тағы оқимын, сен мұқият тыңда.
Сен не естідің?
- ( Қанат,Қайсар, Мақсат,үлгі )
- Ал, енді мәтінді сен оқы, мен тыңдаймын.
( Оқушының дыбыстарды дұрыс, анық оқуын қадағалау)
- Сен не істедің?
- Мен мәтінді оқыдым.

V. Қима сөйлемнен мәтін құра. ( қима мәтін есту қабілетіне беріледі.)

VІ. Сұрақтарға жауап бер: ( есту қабілетіне беріледі.)
1. Балалар қандай сабақта отыр?
2. Олар қандай жапсырмақұрақ жасамақ болды?
3. Қанат нені жапсырды?
4. Қайсар қандай құсты жапсырды?
5. Мақсат не істеді?
- Сен не істедің?
- Мен сұрақтарға жауап бердім.

VIІ. Естіген сөзді суреттен көрсет:
( Қарға, шырша,қар).

VIIІ.Естіту сөздігі : тыңда, қайтала ( экран арқылы)
(Мақсат, Қанат, Қайсар, үлгі, жапсырды)

VIII. Үйге тапсырма:
« Қ» дыбысын буында,сөзде,сөйлемде айтқызып машықтандыру .

IX. Қорытынды
- Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
- Сен сабақта не істедің?
X. Бағалау.
- Қабылдағышты шеш.
- Берілген тапсырмаларды жақсы орындадың. Жарайсың!
- Сау бол! Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему « Қ » дыбысын машықтандыру «Қар үстіндегі қарғалар » - жапсырмақұрақ жасату можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 388 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar