Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ең жақын кім адамға ? -

Ең жақын кім адамға ?

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1453 | Размер: | Автор: гость
. Қарағанды облысы
Шет ауданы
Көктіңкөлі ауылы
Көктіңкөлі орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Кулумбетова Перизат Калихановна
Тақырыбы: Ең жақын кім адамға ?
Мақсаты: 1. Өлеңнен негізгі ойды табу
2 .Өлеңді түсініп оқып ,қара сөзбен әңгімелеуге жаттықтыру, сөздік қорын молайту.
3.Достыққа адал болуға, сыйластыққа, адамгершілікке баулу.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау
Көрнекілігі: «Достық» мәтіні, жұмбақтар, суреттер.
Барысы:І.1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
«Әйел-ана» мәтінін әңгімелеу. Оқушылардың жазған өлеңдерін талдау.
Әйел –ана қандай тапқырлық жасады ? – Бұл оқиға қай елде болып жатыр ?
ІІ.Жаңа сабақ: Ең жақын кім адамға ?
1.Өлеңді оқушыларға оқыта отырып, әңгімелеcу.
2.Өлеңнен негізгі ойды табу.
3.Дәптермен жұмыс: Дос туралы шағын эссе жазу.
4.Шығармашылық жұмыс:
-Дос туралы қандай әңгіме, мақал-мәтел білесіңдер ?
5.Мәтінмен жұмыс.
«Достық» мәтінін оқып, достықтың түрлеріне тоқталу.
ІІІ.Қорытынды:
1.Жағдаяттан шығу.
-Досың қиын жағдайға түсті . Сен не істер едің ?
Сен қиын жағдайға душар болғанда ,ол саған үнемі ақыл-кеңесін айтып тұратын.
2.Жұмбақ шешу.
- Паналайды үңгірді, Мүйізінен таралған,
Іздемейді тасаны. (Аю) Жанға шипа дәрі алған. (марал)
3..Сызба бойынша достықтың түрлеріне анықтама бер.


Адал достық Амал достық
ІV.Үйге тапсырма: өлеңді оқып ,әңгімелеу. Достық туралы мақал-мәтел жазу.
V.Бағалау.
22 сабақ
Тақырыбы: Ормандағы оқиға
Мақсаты: 1. Мәтіннен негізгі ойды табу, адам бойындағы қасиеттер туралы айту.
2.Оқушыларды шығармашылық ізденістерге , өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.
3. Әдепті, тәрбиелі болуға баулу.
Әдісі:сұрақ-жауап, талдау.
Көрнекілігі: ағаш суреттері
Барысы: І.1. Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын тексеру.
«Ең жақын кім адамға ?» өлеңінің мазмұнын тексеру.
ІІ.Жаңа сабақ: Ормандағы оқиға
1. «Ой шақыру» стратегиясы
-Қандай ағашты білесіңдер ?
-Ағаштарды қайда пайдаланады ? - Одан не жасалады ?
Тобылғының түсі қандай ?
2. Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді оқушыларға бөлік бойынша оқытып, мазмұндату.
3. Мәтінді талдау,.
4. Ақ қайың мен Қараағашқа мінездеме беру.
5. Шығармашылық жұмыс.
Осы ағаштарда адам бойындағы қандай жағымсыз қасиеттер бар ?
Өмірден мысал келтір.
6.Дәптермен жұмыс:
Жағымды қасиеттер Жағымсыз қасиеттер
ІІІ.Қорытынды.
Қандай адамдар ?

Ақ қайың Қарағаш Тобылғы
-Қандай қорытынды пікір айта аласың ?
ІV.Үйге тапсырма: мәтінді оқып, ағаш суретін салу.
V.Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.