Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Егіннің түсімділігі, ауданы, өнім массасы арасындағы тәуелділікке берілген есептер, оларға кері есептер -

Егіннің түсімділігі, ауданы, өнім массасы арасындағы тәуелділікке берілген есептер, оларға кері есептер

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4404 | Размер: | Автор: гость
. Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісінің міндетін атқарушы: Қ. Алипова

Күні
Пәннің атауы Математика
Тақырыбы: Егіннің түсімділігі, ауданы, өнім массасы арасындағы тәуелділікке берілген есептер, оларға кері есептер
Мақсаты: Пропорционал шамалар арасындағы тәуелділікке берілген жай есептің жаңа түрімен таныстыру, кері есептер құрастыра алу.
Жетістік критерийі  Егіннің түсімділігі,ауданы, өнім арасындағы тәуелділікке есептер шығара алады.
 Өзара кері есептер құра алады.
Сілтеме: Математика 4 сынып, оқулық, АКТ көздері, үлестірме материалдар.
Күтілетін нәтиже:  Пропорционал шмалар арасындағы тәуелділікке берілген жай есепті шығара алуды біледі;
 Өзара кері есеп құрастыруды және шығара алуды біледі;
Ақпарат көздері, қолданатын материалдар: Интербелсенді тақта, тақырыпқа байланысты парақшалар, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер, стикер, бағалау парақшалары.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Оқыту әдіс тәсілдері: топпен жұмыс, бірлескен оқу.
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету: ашық сұрақтар қою, «Ой шабуылы», «Ойлан, Біріктір, Бөліс», «Ортақ талқы» әдісі, «Үш қадамды сұхбат», «Еркін әңгіме» әдісі.

Негізгі дереккөздері: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2015 жыл, математика оқулығы, әдістемелік журналдар.
Сабақтың барысы: Мұғалім әрекеті:
Тапсырмалар береді. Оқушы әрекеті:
Тапсырмалар орындайды, талдайды.
Ұйымдастыру.
2 минут Оқушыларды әр түрлі түсті қарындаштар арқылы топтарға бөлу.
Шаттық шеңберін құру. Бір-біріне сәттілік тілеу.
Қызығушылығын ояту Ауызша есептер
Заңдылықты тағайындап, сандар қатарын жалғастыр:
а) 0,19,38,57,.............
ә) 318,422,526,.. .. .. .. .. ..
б) 72 574, 72 561, 72 548, ..........
Білу.
«Ой шабуылы» әдісі
3 минут №1 есеп. Сөзді анықта. Жауаптарды өсу ретімен орналастыр.
72: 6 д

19*3 р

18*2 е

65:5 ә

56:4 п

99:3 т
Оқушылар есепті шығара отырып, сөзді табады.
72:6= 12 д
19*3=57 р
18*2= 36 е
65:5= 13 ә
56:4= 14 п
99:3=33 т

12,13, 14,33,36,57
Д Ә П Т Е Р
Түсіну.
Презентациямен жұмыс.
2 минут №2 есеп. Мынадай есептерді шығаруды үйрен:
а) Әр гектардан 270 центнер картоп жиналды. Бақшаның ауданы 3 га, Бұл өнімнің массасы қандай?

ә) сызба бойынша кері есеп құрастыр және шығар.
Өнімділік * аудан = өнім массасы
Өнім массасы : аудан = ?
Өнім массасы : өнімділік =?


Өнімділік Аудан Өнім массасы
270ц/га 3 га ? ц

Шешуі: 270*3=810(ц)

ә) бүкіл өнімнің массасы 810 ц картоп жиналды. Бақшаның ауданы 3 га. Әр гектардан қанша центнер картоп жинады?
Бүкіл өнімнің массасы 810 ц қартоп жиналды. Әр гектардан 270 ц картоп жиналды. Бақшаның ауданы қандай?
Қолдану.
Оқулықпен жұмыс
«Ойлан, біріктір, жауап бер» әдісі
Тақтамен жұмыс.
7 минут

Талдау.
«Ортақ талқы» әдісі.
12 минут №3 есеп
Әр гектардан 36 центнерден бидай жиналды. Аудандары мынадай үш алқаптан неше килограмм бидай жиналады:
1 алқап – 400 га
2 алқап – 800 га
3 алқап - 1000 га

№4 есеп
1 га жерге тұқым себу үшін 320 кг тұқым қажет. Аудандары мынадай үш алқапқа себу үшін қанша тұқым қажет:
1 алқап – 500 га
2 алқап – 600 га
3 алқап - 700 га

№3 есеп
36 ц= 3600 кг
Өнімділік Аудан Өнім массасы
36ц 400 га ? ц
36*400= 14 400 ц=1 440 000 кг

Өнімділік Аудан Өнім массасы
36ц 800 га ? ц
36*800=28 800 ц=2 880 000 кг
Өнімділік Аудан Өнім массасы
36ц 1000 га ? ц
36*1000=36 000 ц= 3 600 000 кг

№4 есеп

Өнімділік Аудан Өнім массасы
320 кг 500 га ? ц
320*500= 160 000 кг= 1600 ц
Өнімділік Аудан Өнім массасы
320 кг 600 га ? ц
320*600=192 000кг = 1920 ц
Өнімділік Аудан Өнім массасы
320 кг 700 га ? ц
320*700=224 000кг = 2240 ц
1600+1920+2240= 5760 ц

Жинақтау. Сәйкестендіру.
«Домино» ойыны
8 минут

«маршруттық карта» әдісі
3 минут №5 есеп
а) квадрат сантиметрмен өрнекте:
7 дм2, 4 дм2, 46 дм2, 6 дм2, 23 см2, 20м2, 20 см2
ә)Квадрат дециметрмен өрнекте:
7 м2, 42 м2, 600 см2, 3400 см2

№6 есеп
109*7 686/7 774/2
3*252 792/3 265*3
273*2 408*2 702*2
436/4 536/8 349*2


№5 есеп
а) 7 дм2=700 cм2
4 дм2=400 cм2
46 дм2= 4600 cм2
6 дм2=600 cм2
20м2=200000 cм2

ә) 7 м2= 700 дм2
42 м2= 4200 дм2
600 см2= 6дм2
3400с м2= 34 дм2

№6 есеп

109*7=763 686/7=98 774/2=387
3*252=756 792/3=264 265*3=795
273*2=546 408*2=816 702*2=1404
436/4=109 536/8=67 349*2=698

Бағалау. «Үш қадамды сұхбат»
6минут

Ойын: тез есепте Ережені еске түсір:
Өнімділік*жұмыс уақыты= жұмыс көлемі
Жұмыс көлемі/жұмыс уақыты= өнімділік
Жұмыс көлемі/өнімділік= жұмыс уақыты
Өнімділік * аудан = өнім массасы
Өнім массасы : аудан = ?
Өнім массасы : өнімділік =?

№8 есеп. Тиісті санды тауып, орнына қой.

5 км= 5000 м 5 т= 50 ц
5 дм= 50с м 5 ц= 500 кг
5 см= 50м м 5 кг= 5000 г
5 дм= 500мм 5 т= 5000 кг
300 см= 30 дм 120 с= 2 мин
700 м= 7000дм 300 мин= 3 сағ
500кг= 5 ц 200 жыл= 2 ғ
600 мин= 10 сағ 48 ай= 4 жыл

Сабақты қорытындылау.
Рефлексия бөлімі.
2 минут Жазбаша кері байланыс орнату.
Бүгінгі алған білімдеріңіз толықты ма? Өздеріңізге не алдыңыздар? Жазбаша кері байланыс жаза отырып, «Білім ағашына» іледі.
Үйге: шығармашылық есеп 59 бет
Бағалау.
2 минут Өзін-өзі бағалау.
 Ауызша кері байланыс
 Табыс критерийі арқылы
 Қол шапалақтау арқылы
 Білім ағашы арқылы
 Смайлик арқылы
Жиынтық бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.