Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Егінші  мен  қасқыр . -

Егінші мен қасқыр .

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1178 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: Егінші мен қасқыр .
Сабақтың мақсаты:
Ас атасы – нан, нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін , оның оңай жолмен дастарханға келмейтінін , ол үшін көптеген адамдардың еңбек ететіндігін ұғындыру.
ә) Оқушылардың сөздік қорын молайтып, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
б) еңбексүйгіштікке , имандылыққа нанды қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: әңгімелеу,сұрақ-жауап, топтық жұмыс,көрнекілік.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі .
-Психологиялық дайындық.
-Сабақ алты кезеңнен тұрады:
1.Ұшқыр ойдан-ұтымды жауап.
2.Ексең егін , ішерсің тегін.
3.Берсең аларсың, Ексең орарсың.
4.Артық болмас білгенің.
5.Нан-тіршілік нәрі.
6.Еңбектің наны тәтті .
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау .
-Абай Құнанбаев кім?
-Абай атамыз қай жылы туылған?
-Абай Құнанбаевтың қандай өлеңдерін білесіңдер?
-Мысалды оқушыларға кезектеп және рөлге бөліп оқыту.
-Құмырсқа мен шегірткені салыстыра отырып ,сипаттау
-Сен құмырсқаның орнында болсаң не істер едің ?
-Тақырыпқа байланысты қандай мақал – мәтелдер білесіңдер ?
-Шегірткеге ұқсап қиналып қалмас үшін не істеу керек?
ІІ-кезең Ексең егін , ішерсің тегін .
Жаңа сабақ бойынша түсінік беру.
-Балалар қазір қай мезгіл?
-Ендеше күз мезгілі туралы ойымызды тірек – сызба арқылы топтастырып көрейік.
егін жинау молшылық
Күз

күн салқындайды ет,май
-Суретпен жұмыс
-Осы тағамдар туралы не білесіңдер?
-Көбейту амалдарын орындау арқылы сабағымыздың негізгі тақырыбын ашып алайық.
-Көбейту амалын орындап ,нәтижесіндегі шыққан сандарды өсу ретімен қою керек.
25:5 3х3 2:2 2х3 10х1 21:3
Р Г Е Т І Е
1-Е 5-Р 6-Т 7-Е 9-Г 10-І

-Балалар,ендеше бүгін біз «Егінші мен қасқыр»литва ертегісімен танысамыз.
ІІІ.Оқулықпен жұмыс: а)Ертегіні дауыстап оқу.
Ә)Сөздік жұмысын жүргізу
Б)Ертегі мазмұнын магнитафоннан тыңдату
Іv.Сергіту сәті.
V.Дәптермен жұмыс:
Жер жырту,жер өңдеу,тұқым себу,жайқалған егін,егін жинау.
ІІІ-кезең .Берсең аларсың,Ексең орарсың.
1-топ. Егіншінің еңбегі жайлы әңгімелеңдер?
2-топ.Қасқыр жөнінде не білесіңдер?
3-топ.Дүниедегі ең дәмді ас қандай тағам деп ойлайсындар?
ІV-кезең.Артық болмас білгенің. Қасқыр жөнінде қысқаша мәлімет.Қасқыр күшті,батыр,жыртқыш.
Қасқыр 10-15 жыл өмір сүреді.Аналығы 14-ке дейін бөлтірікті дүниеге әкеледі.Қасқыр табиғат тазалықшысы ,себебі ол кез-келген ауру немесе әлсіз жануарлармен коректенеді.
V-кезең.Нан-тіршілік нәрі.
1.Ұннан жасалатын қандай тағамдар бар?
2.Нан туралы қандай өлеңдер білеміз?
3.Нан туралы тыйым сөздер мен мақал-мәтелдер айту.
өмір

ән Нан тыныштық
Тіршілік нәрі

VІ-кезең.Еңбектің наны тәтті.
Нанның дастарқанға қалай келетінін әңгімелеу.
6. Сабақты қорытындылау.
-Бағалау.
-Үйге тапсырма: ертегіні түсініп оқу, мазмұнын айту.

Оңтүстік Қазақстан облысы,Қазығұрт ауданы,Шарбұлақ ауылы, «Шарбұлақ» жалпы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Қалманбекова Саламат Өскенқызы

Ашық сабақтың тақырыбы:
Егінші мен қасқыр
МАД дайындық тобы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.