Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Египеттегі ғылыми білім негіздері» -

«Египеттегі ғылыми білім негіздері»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1861 | Размер: | Автор: Публикатор
. Мақтарал ауданы, «Мақтарал» мектеп-гимназиясының
тарих пәні мұғалімі Айдарова Гулназ Тангатовна

Сабақтың тақырыбы: «Египеттегі ғылыми білім негіздері»
Сабақтың мақсаты: Білімділік:
Оқушыларға Египеттік жазудың
шығуы мен дамуы жайлы білімдерін
арттыру.
Тәрбиелік:
Елін, жерін, отанын қадірлеуге ,
адалдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Ой-өрісін, сөйлеу шеберлігін, мәдениетін
дамыту.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің саяси картасы,карточка,
Сөзжұмбақ,суреттер,интерактивті тақта ,
Сабақтың барысы:а)Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен салемдесіп, түгелдеп,
оқу құралдарын тексеріп,сабаққа наза-
рын аудару.
б)Үй тапсырмасын сұрау және бағалау.
1.Перғауын ұғымын түсіндіріңдер.
2.Египетте шонжарлартобына кімдер
жатады.
3.Египет перғауындары қандай көрші
елдерді жаулаған.
4.Перғауындар жаулаған елдерін қалай
Тонады.
Жаңа сабақ: «Египеттегі ғылыми білім негіздері»
1. Египеттік жазудың шығуы мен дамуы.
2. Математикалық білімдер.
3. Египеттегі медицина.
4. Ежелгі Египеттегі мектеп.
Б.з.б. IV мыңжылдықтың өзінде-ақ египеттіктерде білімнің әр түрлі салалары болған. Осыған байланысты жазудың қажеттігі туған . алғашқыда египеттіктер айтайын деген ойын суреттер арқылы білдірген. Египеттіктердің таңба суреттерін иероглифтер деп атаған. Олардың саны 750-дей болған. Сурет -жазулар оңнан солға қарай жазылған. Египетте 24 дыбысты таңбалайтын алфавиттік жүйе болды. Мысалы: «нан» иероглифі «т» деп дыбысталды. Өйткені Египетте нан «тэ» деп аталды.
Ежелгі Египетте жазу үшін көбіне папирус пайдаланылған.
Папирус - қияқ тұқымдас көпжылдық өсімдік, үш қырлы, жуан, түп жағы қабыршақ жапырақты келеді. Оны қолдан өсірген. Папирустар, әсіресе Нілдің таяз жерлерінде көп өсететін болған. Олардың сабақтарын жұқалап тіліп, бір- біріне жабыстырып, қағаз сияқты парақтар дайындаған . Папирусқа бір жағы ұшталған қамыспен жазған. Папирустарды шиыршықтап, орап сақтаған. Египетте ежелгі кітаптар осылай жасалған.
Математикалық білімдер.Ежелгі Египетте математикалық ілімдбердің болғандығын «Математикалық папирустар» дәлелдейді.Египетте математиканың шығуына күнделікті тұрмыстағы тіршіліктер әсер етеді. Мысалы, егінші жинаған астығын қаншасын тұқымға қалдырып, қаншасын күнделікті тамаққа пайдалану керек екенін есептеген . Египетте ең жоғары дәрежеде дамыған ғылымдардың бірі геометрия болды. Өйткені оны күнделікті тұрмыста, құрылыс салғанда, жерді өлшегенде, ауданы мен көлемін анықтап отырғанда пайдаланған екен.
Аспан әлемі. Ежелгі египеттіктердің астраномия жөнінде де біраз ғылыми білімдері болған. Мысалы; Египет абыздары аспанды бақылап, нақты күнтізбе жасап, Ніл өзенінің қай күні таситынын алдын ала айтып отырған . Олар жұлдыздарға қарап түнгі уақыттың мезгілінде анықтай білген. Олар су тасыған кез бен екінші рет су тасыған кездің арасын бір жыл деп есептеп, оны 12 айға бөлген. Олардың есебі бойынша бір жылдың ішінде 365 күн бар. Египеттіктер күн және су сағаттарында ойлап тапқан.
Египеттегі медицина. Ежелгі Египетте өте кең тараған ғылыми білімдердің бірі медицина болды. Египет дәрігерлері аурудың жеке түрлеріне маманданды. Олар асқазан, тыныс жолдары, көз, тері т.б мамандары болып бөлінді. Дәрігерлер көптеген өсімдіктердің емдік қасиетін білген. Сондықтан да адамдарды емдеу барысында әр түрлі шөптер мен өсімдіктерді жиі пайдаланып отырған. Египет дәрігерлері хирургия тәсілін пайдалана отырып та емдеген. Олар операцияға әр түрлі қоладан жасалған медициналық құралдарды пайдаланды. Қазіргі Египет музейлерінде осындай медициналық құралдар сақталған.
Ежелгі Египеттегі мектеп. Египет балалары білімді мектептен алған. Мектептер сарай және храмдардың қасында болды. Онда абыздар мұғалімдік қызмет атқарған.
Мектеп хатшылар мен абыздар даярлады. Мұнда тек ер балалар ғана оқитын. Соның ішінде тек қана ауқатты адамдардың балалары оқуға құқылы болды. Мектепте жазуға жаттығып, есептер шығаруға үйренетін. Оқушылар жазуды папирус парақтарына жазды. Мектепте қарапайым егіншілер мен қолөнершілердің балалары бара алмады. Олар әкелерінің кәсібін жалғастырып, дән себуді, мал бағуды, мата тоқуды және тас қашауды үйренді.
Мектептерде қатаң тәртіп болды. Күш жұмсап тәртіпке келтіру жазалары қолданылып отырған. Сондай - ақ, оқушыларға арналған ереже болған. Ережеде мынандай сөздер бар: «Өз қолыңмен жазып, өз аузыңмен оқып. Өзіңнен артық білетіндермен ақылдас ». Жалқау және тәртіпсіз оқушыларды дүре соғып, жазалап отырды.
Сабақты қорытындылау:
Сөзжұмбақ.
П Е Р Ғ А У Ы Н Д А Р
А Р И Ф М Е Т И К А
П А П И Р У С
И Е Р О Г Л И Ф Т Е Р
Ә К І М Д Е Р
Т У Т М О С
Қ А М Ы С

1.Ежелгі Египеттің патшаларын қалай атаған?
2.Египет тұрғындарының әртүрлі еңбегі нәтижесінде пайда болған ғылым?
3.Ежелгі Египетте жазу үшін көбіне нені пайдаланған?
4.Египеттіктер таңба суреттерді не деп атаған?
5.Египет перғауынынан кейінгі беделдісі кімдер болды?
6.Сирияға 7 рет жорық жасаған Египет перғауыны кім? 7.Біржағы ұшталған папирусқа жазатын құрал?
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма:«Египеттегі ғылыми білім негіздері»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.