Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Экваторлық  және  субэкваторлық белдеулер -

Экваторлық және субэкваторлық белдеулер

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1970 | Размер: | Автор: Публикатор
. ОҚО, Бәйдібек ауданы, «Мыңбұлақ» жалпы орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
Назарбекова Жұлдызай
Сыныбы: 6
Пәні: География
Сабақтың тақырыбы: Экваторлық және субэкваторлық белдеулер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды жер шарының географиялық белдеулерімен таныстыру, алған білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін, дүниетанымын дамыту.
Тэрбиелік: ізденімпаздыққа, өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Kөрнекілігі: Сөзжұмбақ, сабақта кездесетін жаңа сөздер, интерактивті тақта.
Сабақтың түрi: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Интерактивті, сөзжұмбақ, ой топтастыру, тірек-схемалар,
пайдалану. СТО технологиясы элементтерін пайдалану.
Сабактың барысы:
I. Ұйымдастыру.
а) Оқушыларды түгелдеу.
э) Оқушыларды 2 топқа бөлу (Жануарлар, өсімдіктер).
II. Үй тапсырмасын пысықтау.
Сұрақ қою. Ауа, Жер, Мұхит, Табиғат туралы мақал-мәтелдерді жатқа айту. Мұғалім: Балалар, жердің географиялық қабықтары дегеніміз не? Оны қалай түсінеміз?
Географиялық қабықтың әрқайсысы бір ғана заттан тұрады, ал ол қандай заттардан тұрады, кім айтады? (оқушылар интерактивті тақта арқылы тірек-схемадан жауап береді).
1. Атмосфера - ауадан
2. Гидросфера - судан
3. Литосфера - тау жыныстарынан
4. Биосфера - тipi ағзалардан тұрады.

Барлық географиялық қабық жиналып табиғат компоненттерін кұрайды.
III. Жаңа сабақ
Жоспары: 1. Географиялық белдеулермен таныстыру.
2. Экваторлық және субэкваторлық белдеулер.
1. Мұғалім: Балалар, біз өткен сабақта географиялық қабықтың не екенін білдік. Ал, енді бүгінгі жаңа сабағымызда географиялық белдеулермен таныс боламыз. Географиялық кабық екі бөліктен тұрады:
1. Географиялық белдеу.
2. Зоналар.
Соның ішінде біз белдеулер тақырыбына тоқталамыз.
2. Климаттық жағдайларына байланысты географиялық белдеулер 4-ке бөлінеді:
1. Экваторлық.
2. Тропиктік.
3. Коңыржай.
4. Полярлық.
Соның ішінде


3. Бұлар белдеулер аралығын бөліп жатады.

Экваторлық белдеулер Субэкваторлық белдеулер



4. Сергіту сәті «Ең, ең» ойыны.
I-топқа («Өсімдіктер»).
1. Ең терең көл (Байкал)
2. Ең биік тау (Гималай)
3.Ең суық; материк (Антарктида)
4. Ең терең мухит шұңғымасы (Мариан)
5. Ең суы мол өзен (Амазонка)
6. Ең терең ойыс (Өлі теңіз)
II-топқа («Жануарлар»).
1. Ең биік сарқырама (Анхель)
2. Ең үлкен көл (Каспий)
3. Ең үлкен материк (Еуразия)
4. Ең алғаш глобусты жасаған (Бехайм)
5. Ең үлкен түбек (Арабия)
6. Ең үлкен мұхит (Тынық)
5. Сөзжұмбақ
1-топ: «Осидтер».
1. Жыл мезгілі (көктем)
2. Географиялық қабық (литосфера)
3. «Биос» сезі нені білдіреді? (Tіршілік)
4. Ауа қабығы (атмосфера)
5. Субэкваторлық белдеу жыртқыш аңы (гепард)
6. Биосфера компоненті (өсімдік)
7. Ең үлкен жылан (анаконда)


2-топ:«Жануарлар».
1. «Гео» сезі нені білдіреді? (жер)
2. Экваторлық белдеу өсімдігі (баобаб)
3. Географиялық қабық бөлігі (зона)
4. Гидросфера неден тұрады? (су)
5. Компонент дегеніміз не? (кұраушы)
6. Ең ipi маймыл (горилла)
Ж
А
Н
У
А
Р




6. Бүгінгі тақырыпта кездескен жаңа сөздер.
Пальма, лиана, саванна, баобаб.
7. Қорытындылау.
Тест сұрақтары.
8. Оқушы білімін бағалау.
9. Yйгe тапсырма.
Экваторлық және субэкваторлық белдеулерде кездесетін өсімдіктер мен жануарлар туралы мәлімет жинау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.