Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Эндемиялық жемсау -

Эндемиялық жемсау

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1310 | Размер: | Автор: гость
. Юсупова Гульмира Шынтемірқызы,
Түркістан медицина колледжінің қалыпты анатомия пәнінің І санатты оқытушы
ОҚО, Түркістан қаласы
Зерттеу тақырыбы: Эндемиялық жемсау

Сабақтың түрі: Ашық үйірме отырысы
Педагогикалық мақсат:
• Ашық үйірме отырысында «креативтік» технологияны қолданудың маңыздылығын көрсету;
• Оқыту үрдісінің сапасын арттыру;
• Пәнаралық байланысты тереңдету;
• Студенттің пәнге деген қызығушылығын арттырып, білімдерін жетілдіру.
Үйірме отырысының барысында қолданылатын технологиялар:
• Креативтік технология;
• Проблемалық оқыту технологиясы;
• Оқытудың компьютерлік, ақпараттық технологиясы;
• Деңгейлеп оқыту технологиясы;
• Дамыта оқыту технологиясы;
• Коммуникативті технология;
• Интерактивті технология.
Белгіленген технологияны іске асыру әдістері:
• Жалпы топпен жұмыс;
• Көрнекілік құралдармен жұмыс;
• Интерактивті тақтамен жұмыс;
• Іздену жұмысы;
• Ұжымдық әдісті қолдану;
• Саралау, сараптау;
• Жаттығу;
• Бақылау және бағалау.
Үйірме отырысының мақсаты: Үйірме отырысы ІІІ кезеңнен тұрады:
І кезең – қалқанша безінің анатомиясы мен физиологиясына тоқталу
ІІ кезең – эндемиялық жемсау ауруы туралы түсінік, пайда болу себептері мен клиникалық белгілері жайлы толық ақпараттар және интернеттен алынған материалдармен танысу.
ІІІ кезең – эндемиялық жемсау ауруының алдын алу шаралары мен емдеу іс-шараларындағы инновациялармен таныстыру.
Сондықтан бұл үйірменің екінші отырысы болғандықтан, ІІ кезеңдегі мәселелерді қарастырудағы мақсатымыз:
Білімділік:
Эндемиялық жемсау ауруының пайда болу себептерін үйрету;
Клиникалық белгілерін басқа аурулардан ажырата білуді үйрету;
Йодтың тағам құрамындағы қажетті мөлшерін үйрету;
Адам ағзасына тағам мен судан түсетін қажетті йод мөлшерінің жетіспеуі, йод жетіспеушілік аурулары мен бұзылушылықтарына әкеліп соғады, сол себепті аурудың кездесу жиілігін, даму себептерін, жемсау кезінде ағзада болатын өзгерістерді және емдеу тәсілдерін үйрету.
Дамытушылық:
Түркістан қаласының тұрғындарында эндемиялық жемсаумен ауыратын науқастар туралы мәлімет жинақтау, осы ауруды емдеу және алдын алу шараларын қолдану;
Студенттер үшін эндемиялық жемсау ауруы туралы мәліметтер жинақтау, олардың клинико-физиологиялық ойлау қабілеттерін және пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік:
Түркістан қаласы йод тапшылығы аймақтарының қатарына кіреді. Сол себепті қазіргі уақытта болып жатқан туа біткен ақауларды және болашақ жас ұрпақта осы ақаулардың кездесу жиілігін төмендету мақсатында, тақырыптың өзекті мәселесі ретінде маңыздылығын қарастырып, үйірме мүшелерін тереңдетіп оқытудың мүмкіншіліктері мен тәжірибелік аспектілерді қолдану арқылы «креативтік» әдісін қолданып, білікті медицина мамандарын дайындауда шығармашылық топтар құрып, үйірме мүшелерін ғылыми жұмыстармен айналысуды үйретуге негізделеді. Сонымен қатар, зерттеу жұмыстарының болашақ мамандықтарын таңдауда оң ықпал етуіне тәрбиелеу.
Үйірме мүшелері білуі қажет:
• Қалқанша безінің анатомиясын;
• Қалқанша безінің гормондарын;
• Йодтың ағзадағы ролін;
• Йодтың тағамдағы мөлшерін;
• Йод тапшылығының пайда болу себептерін;
• Йод тапшылығы салдарынан пайда болатын ағзадағы өзгерістерді;
• Эндемиялық жемсау ауруының пайда болу себептерін;
• Эндемиялық жемсау ауруы салдарынан пайда болған ағзадағы өзгерістерді;
• Йод тапшылық бұзылыстарының клиникалық белгілерін;
• Эндемиялық жемсау ауруының алдын алу шараларын;
• Эндемиялық жемсау ауруының емдеу шараларын.

Үйірме отырысының хронокартасы

№ Кезеңдері Уақыты
1 Ұйымдастыру 3 мин
2 Үйірме отырысының мақсаты мен жоспарын хабарлау 5 мин
3 Жаттығу 10 мин
4 Тақырып бойынша презентациялар 30 мин
5 Интеллектуалды картаны құрастыру 15 мин
6 Ми шабуылы 5 мин
7 Кезеңдер бойынша үйірме мүшелерінің атқарған жұмыстарын бағалау 2 мин
8 Көрмемен таныстыру 10 мин

Үйірме отырысының барысы:
І кезең - Ұйымдастыру кезеңі ­ үйірме мүшелерін түгелдеу және зейіндерін зерттеу жұмыстарына аудару - 3 минут
ІІ кезең - Үйірме отырысының мақсаты мен жоспарын хабарлау: Тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, маңыздылығын айту. Отырыстың жоспарымен таныстыру – 5 минут
III кезең - Үйірме мүшелері 6 топшаға бөлінеді. 6 топшаға бөлу Эдвард де Боно әдісімен дайындалды. Мақсатым осы зерттелетін жұмысты жан-жақты қарастыру. Бұл әдісті қолданбастан бұрын, ми жарты шарларын белсендіретін бірнеше жаттығулар жасалады – 10 минут
IV кезең - Енді 6 топшаға бөлінген әдіске тоқталып өтсек, 6 топша 6 түрлі галстук тағады. Әрбір топша берілген тапсырмаларына презентация жасайды, презентация уақыты – 30 минут
V кезеңі – „Интеллект картасын құрастыру” – 15 мин:
«Креативтік» технологияның тағы бір әдісін қолдана отырып, жоғарыда зерттеу тақырыбы бойынша алынған мәліметтер жинағын нығайта түсейік. Бұл әдіс «Mind Mapping» әдісі деп аталады. Әдісті ағылшындық Тони Бьюзен дайындаған. «Mind Mapping» сөзі ағылшын тілінен аударғанда, «ақыл картасы» немесе «интеллект картасы» деген мағынаны білдіреді. Яғни, зерттелген тақырыпты негізге ала отырып, жинақталған мәліметтермен ұштастыра білу. «Эндемиялық жемсау» ауруын ағаш ретінде алсақ, біріншіден қалқанша безінің анатомиясын, екіншіден клиникалық белгілерін, үшіншіден емдеу жолдарын, төртіншіден алдын-алу шараларын, бесіншіден жаңаша емдеу жолдарын, соңынан йодтың ағзада алатын орны туралы мәліметтерді үйірме мүшелері интерактивті тақтаны қолдана отырып, жұмыс жүргізеді. Ағаштың әрбір бұтағы үйірме мүщелерінің галстуктерінің түсіне сәйкестендіріледі. «Интеллект картасын» мына жүйе бойынша толтырады:
• Қалқанша безінің анатомиясы;
• Эндемиялық жемсау ауруының клиникалық белгілері;
• Эндемиялық жемсау ауруының емдеу жолдары;
• Эндемиялық жемсау ауруының алдын алу жолдары;
• Эндемиялық жемсау ауруының жаңаша емдеу жолдары;
• Йодтың ағзада алатын орны;
«Интеллект картасын» толтырғанда, үйірме мүщелері кезектесе, жоғарыда көрсетілген жүйе бойынша интерактивті тақтада жұмыс жасайды.
VI кезең – «Миға шабуыл» - 5 мин
Енді қазіргі кезде жиі қолданысқа ие болып жүрген «миға шабуыл» тәсілін пайдалана отырып, бүгінгі тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтарға жауап берулеріңізді сұранамын.
VII кезең – Кезеңдер бойынша үйірме мүшелерінің атқарған жұмыстарын бағалау - 2 мин

ТОПША
ЛАР ЖАТТЫҒУ
(ҰПАЙЫ) ПРЕЗЕН
ТАЦИЯ
(ҰПАЙЫ) ИНТЕЛЛЕК КАРТАСЫ (ҰПАЙЫ) МИҒА ШАБУЫЛ
(ҰПАЙЫ) ЖАЛПЫ ҰПАЙЛАРЫ


Әрбір кезеңнен соң топшаларға ұпайлар беріліп отырады. Ұпайлар көрсетілген параметрлерге сәйкестендіріледі. Ұпайлар бездердің суреттерімен бағаланады.
Гипофиз безі – «20» деген ұпай
Айырша безі – «15» деген ұпай
Ұйқы безі – «10» деген ұпай
Бүйрек үсті безі – «5» деген ұпай
Осылайша әрбір кезеңнен соң жиналған бездердің санына қарай жалпы ұпайлар шығарылады.
Үй тапсырмасы:
Тақырыбы: Эндемиялық жемсау ауруының алдын алу шаралары мен емдеу іс-шараларындағы инновациялармен таныстыру.
Жүргізілетін іс-шаралар:
Эндемиялық жемсау ауруының алдын-алуға бағытталған іс-шараларға талдау жасау;
Аурудың алдын-алудың тиімді жолдарын қарастыру;
Эндемиялық жемсау ауруын емдеудегі инновацияларды іздестіру.
VIII кезең – Көрмемен таныстыру.
Бүгінгі үйірменің ашық отырысы студенттің жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда, әрекетін, сөйлеу мәдениетін, зерттеу нәтижелерін бір деңгейде қалыптастыру, қазіргі кездегі көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады. Сол себепті де таңдаған тақырыбымыз, яғни «эндемиялық жемсау» ауруы Қазақ халқы үшін тығырыққа тірелген проблемалардың бірі болып тұр. Бүгінгі таңда Қазақстанда өзекті мәселелерінің бірі – студенттердің тіл мәдениетін көтеру, сауатты жаза алатын, өз ойын айқын жеткізе алатын азамат тәрбиелеу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.