Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Энергия. Дененің потенциалдық және кинетикалық энергиялары. -

Энергия. Дененің потенциалдық және кинетикалық энергиялары.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3258 | Размер: | Автор: Публикатор
.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қожакент ауылы

№ 184 негізгі мектебі

Физика пәнінің мұғалімі

Маханова Айдана Рысбекқызы

 

Сабақ:  Энергия. Дененің потенциалдық және кинетикалық энергиялары.

Мектеп: № 184 негізгі мектебі

Пәні: Физика

Мұғалім есімі:Маханова Айдана

Күні:

Қатысқандар саны: 15

Сыныбы: 9-сынып

Қатыспағандар саны:-

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

1. Энергия туралы тыңмағлұматтар білу

2. Потенциалдық және кинетикалық энергиялардың ерекшелігін түсіну

3. Формулаларды түрлендіре есепте қолдана алуға үйрену

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Энергия туралы көптеген мағлұматтар біледі

Оқушылардың басым бөлігі:

Потенциалдық және кинетикалық энергиялардың айырмашылығын түсінеді

Кейбір оқушылар:

Формулаларды түрлендіріп есеп шығаруды үйренеді

 

Оқушылар:

Энергиясы бар денелерді ажырата алады, жұмыс пен энергия байланысына мысалдар келтіре алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Дене күйі, механикалық энергия, потенциалдық және кинетикалық энергия, энергия өзгерісі, механикалық жұмыс

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер

Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?

1.Механикалық күйді сипаттайтын шамаларды атай аласыз ба?

2.Кинетикалық энергия мен потенциалық энергия ұқсастығы неде деп ойлайсыз?

3. Жұмыс пен энергия арасындағы байланыс қандай?

Жетістік критерийлері:

Потенциалық және кинетикалық энергияларды біледі.

Энергиялар түрлерін ажырата алады.

Формулаларды қолданып деңгейлік есептер шығара алады.

Алдынғы оқу

Реактивті қозғалыс

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатарға ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

2 мин

 

 

 

 

 

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Топқа бөлу: Оқушылар қағаз қиындыларындағы сөздерді құрау арқылы 3 топқа бөлінеді.

І. «Ұзындық» тобы : Бақыт кілті- еңбекте

ІІ. «Жылдамдық» тобы: Еңбектің наны тәтті.

ІІІ. « Масса» тобы: Көп еңбегі көңілді

Жаңа сабаққа кіріспе:  Бейнеролик көрсету (Энергияның табиғат құбылыстарындағы орны)

«Сұрақ қою әдісі» арқылы жаңа тақырыпты ашу

Түрткі болу сұрағы: Тұйық жүйе үшін өзгеріссіз сақталатын қандай шамаларды білеміз

Сынақтан өткізу сұрағы: Дене тыныштықта немесе қозғалыста болғанда қандай физикалық заңдылықтар орын алады?

Басқаға бағыттау: Досыңның ойын жалғастыр.

Қағаз қиындылары, АКТ

Ортасы

3 мин

15 мин

 

 

 

 

 

 

2 мин

1 мин

8мин

Электронды оқулық 9-сынып

Топтық жұмыс: «Кемпірқосақ» әдісі арқылы топтарға тапсырма беру.

І топ: Механикалық энергияның табиғаттағы орны

ІІ топ: Кинетикалық энегия мен потенциалдық энергияны салыстыру.

ІІІ топ: Механикалық жұмыс пен энергия арасындағы байланыс.

Екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы бағалау жүреді.

Ауызша кері байланыс

Жұптық жұмыс: «Эксперименттік тапсырма»

Тапсырма

Суреті

Менің зерттеуім

Бірдей шарлардың қайсысының еденнің бетімен салыстырғанда потенциалдық энергиясы аз?

 

 

Кірпішті үстелге әр қырынан қоюға болады. Қай қырынан қойғанда, оның үстел бетімен салыстырғандағ потенциалдық энергиясы ең көп болады?

 

 

 

Оқушылар тапсырманы орындайды . Тақтаға дұрыс жауабы шығарылады. Оқушылар өзін өзі тексереді тексереді.

Таратпа қағаздар,Слайд парақшасы,

Электронды оқулық (білім беруді ақпараттандыру орталығы, 2008ж)

Аяқталуы

5 мин

 

 

1 мин

2 мин

Жеке жұмыс: «Ең үздікті анықтау» әдісі

Оқулықтағы 19 жаттығудың  5 есебінің кім берілген уақытта нешеуін шығарады?

Оқушылар бағдаршам арқылы өзін өзі бағалайды.

Менің бүгінгі сабақтан алған әсерім

Бағдаршам, оқулық

Үйге тапсырма

1 мин

Энергия. Тапсырма 3-кестені толтыру.

 

         

 

Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.