Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Эстафеталық таяқшаны беру әдісі -

Эстафеталық таяқшаны беру әдісі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3017 | Размер: | Автор: гость
. Қызылорда облысы Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті Ж.Жабаев атындағы
№234 мектебінің дене шынықтыру
пәнінің мұғалімі
Уташев Махамбет Жанзакович

Сыныбы: 9а сынып
Күні: __________
Тақырыбы: Эстафеталық таяқшаны беру әдісі
Мақсаты: а) Оқушыларды шыдымдылыққа, шапшаңдыққа икемділікке баулу эстафеталық жүгірудің әдістерін үйрету, эстафеталық таяқшаны беруді үйрету
ә) шапшаңдық, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту
б) оқушыларды адамгершілікке, достыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Өтілетін орны: Спорт алаңы
Құрал-саймандар: Сағат, ысқырық, эстафеталық таяқшалар , кедергілер.
Жүргізуші: Уташев Махамбет

С/б Сабақтың мазмұны Саны, реті, уақыты Әдістемелік нұсқаулар
Кіріспе –дайындық бөлімі 10-12І 1. Сапқа тұрғызу. Кезекші мәліметі, сәлемдесу. Сабақ мақсатын түсіндіру 1І Оқушылар киіміне, тәртібіне, бұйрықтың дұрыс орындалуына назар аудару
2. Назар аудару жаттығулары
“оңға бұрыл!”, “солға бұрыл!”, “кері бұрыл!”, “солға бұрыл!” сол иықпен алаңды айналып “алға қадам бас!”. 30 ІІ Бұйрықтардың дұрыс орындалуын қадағалау. Сол аяқпен бастау.
3. Жүру бағытында орындалатын жаттығулар
а) қол жоғары, аяқтың ұшымен жүру
ә) қол белде, өкшемен жүру
б) қол белде, ішкі, сыртқы қырымен жүру
в) қол желкеде, жартылай отырып жүру
г) қол тізеде, солға, оңға секіру
е) спорттық жүріс 1І -30 ІІ Ара-қашықтықты сақтау. Қолды бүкпеу, тік ұстау денені тік ұстау басты көтеру. Денені тік ұстау шынтақ екі жақта қаз тәрізді жүру жоғары секіру қол бел тұста бүгіулі, жылдам орындау.
4. Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар.
а) тізені жоғары көтеріп жүгіру
ә) өкшені жамбасқа лақтырып жүгіру
б) аяқтың басын алға сілтей жүгіру
в) оң, сол жақпен қайшылай жүгіру
г) оң, сол жақпен қолды айналдыра жүгіру

д) артпен жүгіру
е) жылан тәрізді жүгіру
ж) алаңды қиғаштап жүгіру
з) жәй жүгіру
и) спорттық жүріс
тыныс алу жаттығулары 2 І

20м
10м
20-25м
30 ІІ Ара-қашықтықты сақтау
алақанға тигізу,кеудені тік ұстау, қол бел тұста тұрады
алақанға тигізу
қол белде, аяқты бүкпеу, денені тік ұстау.
қолды жанында ұстау алға, артқа барынша толық айналдыру.сол иыққа қарау алаңды толық пайдалану жұппен жүгіру
еркін жүгіру
қол бел тұста бүгулі
тынысты қалыпқа келтіру
5. Жалпы дамытатын жаттығулар.
а) б.қ. қол белде, с 1-4 оңға, с 5-8 солға басты айналдыру.
ә) б.қ. қол иықта, с 1-4 алға, с 5-8 артқа айналдыру
б) б.қ оң қол жоғары, сол қол төмен, с 1-2 оң қолды, с 3-4 сол қолды керу.
в) б.қ қол бүгулі кеуде тұста, с 1-2 бүгулі, с 3-4 түзу күйінде артқа керу.
г) б.қ қол алда түзу, с 1-2 ішке, с 3-4 сыртқа қарай шынтақтан айналдыру
д) б.қ қол кеуде тұсында ұстап, қолдың басын өз бетінше оңға, солға айналдыру.
е) б.қ қол алда түзу, с 1-4 алға с 5-8 артқа иықтан айналдыру
ж) б.қ қол белде жартылай отырып, с 1 оң аяқпен аттап денені денені оңға бұру, с 2 сол аяқпен аттап денені солға бұру, с 3-4 т.с.с
з) б.қ қол белде, с 1 оң аяққа еңкею, с 2 б.қ, с 3 сол аяққа еңкею, с 4 б.қ т.с.с 6 І Ара-қашықтықты сақтау
Тепе-теңдік сақтау, көзді жұмбау, толық айналдыру.
Денені тік ұстау, толық айналдыру.
Қолды бүкпеу, барынша артқа керу жылдам орындау.
Барынша артқа керу, шынықтан бүкпеу иық көлемінде ұстау.
Толық айналдыру қолды төмен түсірмеу.
Оңға, солға белезік сүйекті айналдыру.
Қолды түзу ұстау, толық айналдыру.
Денені тік ұстау, барынша денені бұру.

Тізені бүкпеу, әр қадамға еңкею шынтақты бүкпеу
Негізгі бөлім 28-30 І Эстафеталық жүгіру

А) Эстафеталық жүгіру, эстафетаны тапсыру және жарыс ережелері туралы түсінік беру

Ә) Эстафеталық таяқшаны жоғарыдан және төменнен беру және алу әдістерін үйрету

Б) Бір орында тұрып таяқшаны беруді орындау

В) Жүру кезінде таяқшаны беруді орындау

Г) Жүгіру кезінде таяқшаны беруді орындау

Д) Эстафеталық таяқшамен төменгі сөреде және жартылай төменгі сөреден жүгіруді орындау

Е) Эстафеталық жүгірудің техникасын толық орындау.

Ж) Қимыл – қозғалыс ойындары
- қарсы жүгіру эстафетасы
- Шеңбер бойынша эстафетасы
- Тыныс алу жаттығулары 28-29 І

1'

2'

2'

3'

3'

6'

5'

6-7'


Эстафеталық жүгіру – бірнеше адамнан құралған команданың жүгіруі. Жүгірушінің қолында ұзындығы 30см,диаметрі 3-4см эстафеталық таяқша болады. Эстафеталық таяқшаны беру аймағында (20м) ғана келесі сатыдағы адамға береді.
Белгі бойынша таяқшаны оң және сол қолмен беру және алу.

Таяқшаны оң қолдан сол қолға береді және керісінше берушіні мен алушының арасы 1-1,5м жақындаған кезде белгі беру, дұрыс орындалуына назар аудару.

Сөреде орналасуын, жүгіріп шығуын қадағалау. Жаттығулардың орындалу әдісіне назар аудару. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Ережеге сәйкес 2 топқа бөлу. Ойындарды ережесін түсіндіру. Қауіпсіздік ережелерін сақтау
Қорытынды бөлім Сапқа тұрғызу. Сабақ барысын қорытындылау. Оқушыларды бағалау, мадақтау. Үйге тапсырмалар беру. Оқушылармен қоштасу. 5-6І Сабақ барысында жіберілген қателіктерді айту, түзеу .
Ескертулер жасау, тәртіпке назар аудару.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.