Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Екiлiк код. -

Екiлiк код.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1167 | Размер: | Автор: гость
. Күні_________ Тексерген_________
28-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Екiлiк код.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға “екiлiк код” түсiнiгiн беру, жалпы «кодтау»деген сөздің түп мағынасын ашу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Танымдық қызығушылыққа, ұқыптылыққа, мақсатқа жете білуге тәрбиелеуҰйымдастыру кезеңі:
1 Оқушылармен амандасу
2 Түгендеу
3 Дәптерлерін тексеру
Үйге берген тапсырманы сұрау.
Келесi хабарламалардың бағасын бер:
Компьютер секундына бiрнеше миллиондаған амалдар орындайды. Маңызды.
Дискеттi лақтыруға болады. Зиянды.
Мен сабақта 10 сыныптың оқулығын қолданамын. Пайдасыз.
Компьютер – ақпараттарды өңдеуге арналған құрал. Маңызды.
Жаңа сабақ:
1.Теориялық бөлім
2.Практикалық бөлім
3.Сергіту сәті “Қызыл өрік”
4.“Ата жұрт”ойыны түрінде жалғасын табады
5.Рефлекция кезеңі
6.Қортынды
7.Үйге тапсырма

1.Теориялық бөлім:
Балалар, кодтау анықтамасын еске түсiрейiк. Кодтау – бұл ақпаратты өрнектеу тәсiлi.
Ақпаратты әрiп, цифр және таңбалар арқылы кодтауға болады.
Ақпараттарды 0 және 1 символдарынан тұратын кодтар арқылы өрнектеу ыңғайлы екен. Осы символдардың көмегiмен әрiптердi, цифрларды,басқа арнаулы таңбаларды кодтауға болады. Кодтаудың мұндай түрi екiлiк код деп аталады.
Осы кодтардың таңбаларын – 1 мен 0-дi «бит» деп атайды (ағылшын тiлiнен екiлiк таңба деп аударылады).Бит – ақпараттың ең кiшi өлшем бiрлiгi. Бит (ағылш. binary digit; сонымен қатар сөздер ойыны: ағылш. bit — аздап) - БИТ (ағылш. bіt, bіnary — екілік және dіgіt — белгі, цифр сөздерінен қысқартылып алынған) — ақпарат мөлшерін өлшейтін екілік бірлік;
2.Практикалық бөлім
1. х-таңбалы моншақтарды нөмiрленген моншақтармен, бос моншақтарды – 1 саны бар моншақтармен алмастыр.
Бiрiншi тiзбек – шамдар коды.
○ – шам жанып тұр.
○ – шам өшiп тұр.
Екiншi тiзбек – екiлiк код.
1 – бiр.
0 – нөл.
2. «Шамдар коды» кестесін пайдаланып, жасырылған сөздердi тап.
ТАҢБА, ШАБЫТ, ТЫШҚАН.
3. «Екiлiк код» кестесінiң көмегiмен жасырылған сөздердi тап.
ТОРТ, НОТА.
3.Сергіту сәті “Қызыл өрік” (1 мин)
4.“Ата жұрт”ойыны түрінде жалғасын табады, ойын 4 турдан тұрады:
1 тур:
«Қанат қақты »-капитандар сайысы
2 тур:
«Самғау»-ұпайы көп команда бастайды.
3 тур:
«Шарықтау» 4 командаға ортақ бір ребус беріледі
4 тур:
«Жер ұйық » логикалық сұрақтар
Оқушылар 4 топқа бөлінеді.
Топ капитаны сайланады.
Әр топ өз командасын таныстырады.
Ойын 4- турдан соң «Марапаттау» кезеңінен сон аяқталады.
6.Қортынды
• Екілік код дегеніміз не?
• “Бит”дегеніміз не?
• “Бит”ағылшын тілінен қалай аударылады?
7.Үйге тапсырма
1.Әрбiр цифрды кодта. Кодтар әр түрлі болуы тиіс.
2.Мазмұндап оқып келу

ІІІ.Сергіту сәті.
1.Қол саусақтарына арналған жаттығулар.
2.Қолыңның шынтақтарын бүгіп, үстелдің шетіне қойыңыз. Саусақтарыңызды біріктіріп, қол білезін көтер. Бір дегенде алақаныңды бүгіп, екі дегенде жұдырығыңдытүй.
3.Қолыңды босатып, төменге түсіріп, сілкілеп жібер.
4.Көзге арналған жаттығулар.
5.Көзіңді тез ашып-жұмып жібер де, көзіңді жұмып және тыныш отырып 5-ке дейін санаңыз. 4-5 рет.
ІV.Қортынды
1.Баға қою және сабақты қорытындылау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.