Меню
Назад » » »
Ел тәуелсіздігінің 24 жылдығына
загрузка...

загрузка...
Жамбыл облысы Меркі ауданы
№20 Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Бейсебаева Фарида Ілесбекқызы

Ел тәуелсіздігінің 24 жылдығына
Армысыздар, ақ пейілді халқым менің,
Үмітін үкілеп-ай артқан сенім.
Биылғы той ерекше салтанатты,
Қуана бер, қазағым, ырысты елім!

Түріп тастап бодандықтың түндігін,
Бой көтерді Астанадай «кіндігің»,
Өз халқымен бірге туып өзгелер,
Құшағында бейбіт күнде жүр бүгін.

Талай ғасыр тауқыметін тартса да,
Салт-санасын, дәстүрлерін сақтаған.
Сарыарқаның төріндегі Астана,
Бабалардың рухынан ол жаралған.

Желбіресін бейбітшілік байрағы,
Бұзылмасын бірліктің бал қаймағы.
Тәуелсіздік-бізге біткен ғажап бақ,
Жайнай берсін, қазақ елі, аймағы.

Қазақ елі бақ нұрымен нұрланып,
Көктегі ай мен күндей жайнаған.
Тарихта текті азаматтар кешегі,
Теңдік үшін тура жолдан таймаған...

Мақтан етем мағыналы ғұмырын,
Мерейлі Меркі жерінің әз жұртын.
Бар өмірін көркейтуге арнаған,
Тізіп өтсем артық болмас үлгі ісін:

Оспантаев есімін еске алғанда,
Еңбегінің еленері- халқы қолдар.
Қожанов пен Мұсабековтың,
Өшпес орны бөлек ізгі жандар.

Торғаев, Қабылов, Омаровтар,
Еліне елеулілер санатында.
Байғанаев, Дауырбаев, Адамбаевқа,
Жұрты бар бас иетін қашанда.

Омарходжаев пен Мәжиевті қолдағандар,
Меркінің абыройын ойлағандар.
Жылысбаев, Есімбеков, Үмбетовтың,
Ұрпағы тағзым етер, борыштар!

Тарихтың бесігінде тербетіле,
Нұр шашып келешектің келбетіне.
Ауылын ардаған ағаларды,
Пір тұтар ұрпақтары бұл Меркіде!

Дариядай тасиды дәулетімен,
Көз тартады сәнді де сәулетімен.
Тәуелсіз елдің туы желбірейді,
Үстем болар мерейлі межесімен.

Асау уақыт шын талантқа бас ұрар,
Білімдіге бақыт жолы ашылар.
Бүгінгі елдің бекем тірлігі,
Болашаққа «шашу» болып шашылар. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Ел тәуелсіздігінің 24 жылдығына можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 350 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar