Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Елбасы мұраты – ел бақыты, гүлденген Қазақстан -

Елбасы мұраты – ел бақыты, гүлденген Қазақстан

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1036 | Размер: | Автор: гость
. Батыс Қазақстан облысы , Орал қаласы
Желаев селолық округінің
Мектептен тыс жұмыс орталығы
«Ұлағат» үйірмесінің жетекшісі, әдіскер
Елемисова Арайлым Аблайқызы,


«Елбасы мұраты – ел бақыты, гүлденген Қазақстан»
Арманын орындадың бабалардың,
Көтердің көкшіл туын даналардың.
Қазақтың асқақтаттың өр рухын,
Ақтадың аппақ сүтін аналардың.
Ұлы едің қатарынан артық туған,
Еңбекке жастайынан белін буған.
Танытып әрбір елге қазақ атын,
Жастарға жалын бердің білім қуған,

деп жырлағандай, Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті. Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің аса ірі мемлекет басшылары мойындаған Қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлердің бірі. Ол ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тал бойына тоғыстырған алымды да алғыр басшы. Ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысын терең білу, маңдай тіреген проблемалардың ең елеулісін тап басып тани алу, ел ішіндік және әлемдік ахуалдармен санаса отырып ұрымтал әрекеттерге бару, сол жолда таңдалған бағытын табандылықпен жүзеге асыру- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет басшысы ретіндегі басты қасиеті. Президенттің арқасында 1991 жылы 16 желтоқсанда қазақстан дербес тәуелсіз елге айналды. Қазақстан Республикасының елбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елбасы болып сайланған күні , халық алдында ант беру рәсімі кезінде қазақстанды бәсекеге қабілетті, экономикасы дамыған елу елдің қатарынан көргісі келетінін айтты. Міне, сол Президенттің арманы орындалуда. Қазақстан 30 елдің қатарына кірді. Бәрі біздің елбасшымыздың арқасы. Еліміздің мәртебесі жылдан- жылға көтерілуде. Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар іс атқарылды. Бірақ олардың ішінде екеуін атап өту керек. Біріншісі – 1997 жылы Президент Н.Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2030» даму стратегиясы, екіншісі – елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуі. Үш ғасырға жуық уақыт бойы отаршылдықтың тауқыметін тартып, этнос ретінде шалажансар халге түскен Қазақ халқын ел етіп, ТМД елдерінің аясындағы ең көп тілді, көп конфессиялы Қазақстанның еңсесін көтеріп, тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті Нұрсұлтан Әбішұлының маңдайына жазылды. Бұл жолда тәуелсіздікті тау ететін, шынайы демократияға ұмтылған, ұлтаралық түсіністік пен достықты өмір салты еткен, болашағына сеніммен қадам басқан қазақстандықтардың символына айнала білді. Биылғы 2015 жылды Президент үлкен атаулы мерейтойлар жылына арнады. Президенттің осы идеясы барлық халыққа ұнады. Президенттің мақсаты қазақстанда түрлі ұлт өкілдерін бір шаңырақтың астында ұстау болды. Түрлі ұлт өкілдері қазақ елінде бір шаңырақтың астында бақытты тұрады. Менің өзіме Президенттің «Мәңгілік ел» идеясы ұнады. Қазақ хандығының 550 жылдығын Батыс өңірінде өте ерекше тойланды. Қазақстан Ассамблеясы 20 жылдығы «Менің елім мәңгілік ел» атты түрлі байқаулар оздырылды. Президенттің арқасында еліміз бейбітшілік тату-тәтті өмір сүруде. Қазқстанды асқар тауларға мінгізген қазақ елінің көшбасшысына бүкіл халық риза. Біз осы көшбасшыға сенеміз, артынан ереміз. Нұр аға басқа елде сыйлы азамат болса, өз елінде қарапайым, елге жақын жан. Елбасшымызға тілейтінім деніне саулық, отбасына бақыт, қазақ елін әрі қарай дамытуға үлес қосуға біз ұстаздар қауымы әрқашанда дайынбыз! Нұр ағамыз әрқашанда жадырап, біздің , қазақстанның Президенті болуына тілектеспін. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақтың туын биікке көтере берсін , еліміз мәңгі ел болсын! Қазақ елінде әрқашанда бейбітшілік болсын, еліміз тыныш болсын! Президентіміз мәңгі жасасын!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.