Меню
Назад » » »
Еліктеу сөз. Еліктеу сөздер туралы түсінік.
загрузка...

загрузка...
Сапартілеуқызы Гүлнара
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ақтөбе қаласы

Сабақтың тақырыбы: Еліктеу сөз. Еліктеу сөздер туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімдік: Еліктеу сөздер туралы түсінік беру,ерекшелігі және жасалу жолдарымен таныстыру. Өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, еліктеу сөздердің түрлерін ұқтыру.Сөйлем ішінен еліктеу сөздерді түрлеріне қарай ажырата білуге бағыт беру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін арттыра отырып, ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге дағдыландыру. Еркін сөйлеп,жылдам ой қорытудағы ептіліктерін,қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, талдау, жүйелеу, ойландыру;
Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызба, деңгейлік тапсырма,суреттер, карточкалар.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу,класты түгендеу. Оқушылардың сабаққа даярлықтарын бақылау.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен сабаққа шолу. “ Сандар сөйлейді”
Өткен тақырыпты қайталау мақсатында бірнеше сұрақтар қойылады.
1. Үстеу дегеніміз не?
Тілімізде қимылдың , іс-әреккеттің әр түрлі белгісін, амалын, тәсілін, мекенін, мезгілін, себебін, мақсатын, т.б. сипаттарын білдіретін сөздер үстеу деп аталады.
2. Үстеу құрамына қарай қалай бөлінеді?
Дара үстеулер және күрделі үстеулер
3.Мекен үстеуге мысал келтір.
........................................
4. Үстеудің түрлерін ата?
Мезгіл үстеуі, мекен үстеуі, сын-қимыл үстеуі, мөлшер үстеуі, күшейткіш үстеуі, мақсат үстеуі, себеп-салдар үстеуі.
3. Жаңа сабақты түсіндіру
Еліктеу сөздер- айналадағы әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына,қимыл-әрекеттеріне еліктеумен немесе олардың бейнелерімен байланысты туған сөздерді айтамыз.
Еліктеу сөз

Еліктеуіш сөз Бейнелеуіш сөз

Дыбыстық еліктеуішті ұқтыру үшін түрлі тәжірибелер көрсетуге болады.
 Барабан соғу.
- Барабан қайтті?
- Барабан дүңк-дүңк етті.
 Ысқырықпен ысқыру.
- Ысқырық қайтті?
- Ысқырық шыр ете қалды.
 Үрілген шарды атып қалу.
- Шар қалай атылды?
- Шар тарс етті
Сұрақ : Өздерің жаңа көрген нәрселеріңе байланысты не ұқтыңдар?
Тақтаға мысалдар жазып, ( Алыстағы ауылдан ит үрді. Алыстағы ауылдан ит арс -арс етті) талдай отырып, жаңа сабақтың ережесін шығарту.
Яғни,табиғатта заттардың қозғалуы, бір-бірімен қақтығысуы,соғылуы сияқты әр алуан түрлі қимыл,амал-әрекеттердің нәтижесінде әр түрлі дыбыстар пайда болады. Оларды біз құлақпен естиміз. Сол дыбыстарға еліктеу арқылы пайда болған сөздер еліктеуіш сөздер деп аталады.
Еліктеу сөздер табиғатта ұшырасатын әр алуан дыбыстармен байланысты болса, сонымен бірге сол табиғаттағы әр қилы табиғи көрністердің бейнелерімен де тікелей байланысты.
Бейнелеуішті таныту үшін түрлі тәжірибе көрсетету.
 Оқушының атын атап өзіме қарату.
- .......... қалай қарады?
- ......... жалт қарады.
 Фонар жағып сөндіру.
- Шам қайтты?
- Шам жарқ етті.
- Ту қалай тұр?
- Ту желбіреп тұр.
Сұрақ : - Сендер біраз нәрсе көрдіңдер. Осыдан не ұқтыңдар?
Тақтаға мысалдар жазып( Марат мені ұстай алды. Марат мені шап берді), талдату арқылы ережесін шығару.
Бейнелеуіш сөздер – табиғаттағы заттардың қозғалысын, көру арқылы сипаттайтын, бейнелейтін сөздер
Сонымен, оқушылар, табиғаттағы, күнделікті өмірдегі дыбыстарды, қимылдарды естіп немесе байқайды екенбіз.
( «Маша және аю» бейнеролигі ұсынылады.)
Сұрақ : - Оқушылар, бұл мультфильмнен еліктеу сөзге байланысты нені байқадыңдар?
Тақтамен жұмыс.
 297-жаттығу.
Еліктеу сөздерді тауып,қандай сөздермен тіркесіп тұрғанын көрсету, морфологиялық талдау жасау. Мысалы: зу ете қалды,күмп берді,дүр етіп,селк ете түсесің т.с.с
Оқулықпен жұмыс.
 304-жаттығу.
Еліктеу сөздерді тауып,қай түріне жататынын және мағынасын ажыратып талдаңдар.
Сергіту сәті.
 « Парашютистерді қондыру». Кімде –кім мына парашюттің артыңдағы жұмбақтардың жауабын дұрыс шешіп, құрамынан еліктеу сөздерді тапса, сол бала мықты парашютшы атанады.
Жұмбақтар:
 1.Жай ғана сарт етіп жабылады
Іздегенің ішінен табылады (Сандық)
 2.Қорбаң – қорбаң еткен
Өмірі орманда өткен (Аю)
 3.Сырт – сырт еткен дыбысы
Ояту оның жұмысы (Сағат)
 4.Жалт – жұлт етеді
Жерге сіңіп кетеді (Су)
«Суреттер сөйлейді » ойын
Суретке қарап, еліктеуіш , бейнелеуіш сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма: «Қызықты бір күнім...» тақырыпта еліктеу сөздерді қатыстырып мәтін құрап келу.
Бағалау. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Еліктеу сөз. Еліктеу сөздер туралы түсінік. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 276 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar