Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Елімнің  бақытын  тербеткен  Тәуелсіздік -

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1673 | Размер: | Автор: гость
. Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
15 жылдық Қазақстан ауылы
Жаманшұбар негізгі мектебі КММ
«Еркежан» шағын орталығының тәрбиешісі

Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»
(тақырыптық сабақ)


Өткізген: Л.Баймагамбетова

2015 жыл

Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»
Мақсаты: Балаларды өз Отанын сүюге, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері жайында толық мәлімет беру.Отаншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың суреті, мемлекеттік рәміздер.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,сұрақ, жауап.
Шаттық шеңбер.
Күніміз шуақты болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Көк туымыз биік болсын!
Елімізде тыныштық болсын!
Сабақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталады. (Балалар орындарынан тұрып әнұранды айтады.)
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» деп аталады.
Тәрбиеші:Балалар бүгін бізде үлкен мереке тәуелсіздік күні.
Біз сендермен тәуелсіздік мемлекетте өмір сүреміз.
Тәуелсіздік дегеніміз-ол біздің еркіндігіміз,рәміздеріміз, жеріміз.
-Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз? –
-Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз .
-Қазақстан Республикасының астанасы-қай қала?
Астана қаласы.
-Қазақстан Республикасының президенті кім?
--Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев.
Балалар, сендер тәуелсіз қазақ елінің жас ұландарысыңдар. Сондықтан өз жерімізді өз елімізді , сүюге, қорғауға тиіс екендеріңді естен шығармайық. Отан - біздің сүйікті отбасымызбен бірге тұратын үйіміз, туған жеріміз, ауылымыз, қаламыз, айналаны қоршаған табиғатымыз.
Тәрбиеші: Балалар, сендер ең басты мемлекетіміздің рәміздерін білуге тиіссіңдер. Өз еліңнің Туын, Елтаңбасын және Әнұранын құрметтеу өз Отаныңды сыйлағаның.
-Балалар, біздің жеріміз ол Отанымыз. Отанымызды сүйе білейік.
- Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің белгісі.
- Рәміздер – халқымыздың рухани, ұлттық салт санасын болашаққа үмітін, арман - тілегін жеткізетін құнды белгілер.
- Мемлекеттік рәміздер:
Ән ұран, ту, елтаңба.
Әнұран салтанатты кештерде, жиындарда, спортшылар жеңіс тұғырына көтерілгенде орындалады. Әнұранды барлық бала білеміз. Әнұран шырқағанда тыныш тұрып, оң қолымызды жүрегіміздің тұсына апарып жүрекпен тыңдаймыз.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі ол Қазақстан туы. Біздің туымыз көгілдір түсті, тік төртбұрышты. Қақ ортасында сәулесін шашқан алтын күн бар ол байлықтың белгісі.
Күннің астында Қыран құс бар. Ол Қазақстан қырандай биікке самғасын дегенді білдіреді.
Тудағы ою – өрнек қазақтың ұлттық ою – өрнегі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы суретші Шәкен Ниязбеков.
Біз туымызды құрмет тұтамыз.
Балалармен сұрақ –жауап арқылы түсінгендерін пысықтайды.
- Балалар, тудан ненің бейнесін көріп тұрсыңдар?
- Күн, құс пен оюдың бейнесін көріп тұрмыз.
- Иә, өте жақсы, дұрыс айтасыңдар. Ал, енді, балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен?
- Мемлекеттік туымыздың түсі - көк, көгілдір.
- Неге ұқсайды?
- Аспанға ұқсайды.
- Біздің мемлекеттік туымыз аспан түстес көк екен.
Еңселі Елтаңба.
Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер:
Жандарбек Мәлібеков пен Шота - Аман Уәлиханов. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады. Одан жан - жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Бидай сабақтары – молшылықтың нышаны.
Сергіту сәті
Көк байрақ желбіре, (Қолды екі жаққа қозғалту)
Асқақтап аспанда. (Қолды жоғары көтеріп, теңселу).
Желбіре асқақтап, (Теңселу)
Сап түзе жасқанба! (Сапқа тұрып марш жасайды).

Тәрбиеші: Мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
Рәміздер туралы тақпақтар:

Ерасыл:
Отан-тарих, Отан – тіл,
Жасаған елін, ер халқын,
Отан – өлең, Отан – жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.

Досбол:
Астана – арман қала,
Бағы бар жанған қала.
Тұрады ел жап-жас боп
Мен үлкен болғанда.

Жансезім:
Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат, әдемі!
Тұнығындай көңілдің,
Ортада-аспан әлемі.

Айқын:
Құт, береке-шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.

«Туды құрастыру»
Шарты: Көк туды құрастырып, желіммен қағазға жабыстыру.
Қорытынды
-Балалар бүгінгі сабақта біз не туралы әңгімелестік?
- Еліміз,тәуелсіздігіміз туралы әңгімелестік.
-Қазақстан Республикасының президенті кім?
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Қандай рәміздерді білесіңдер.
Ту,елтаңба,Гимн.
-Сендер ненің суретін құрастырдыңдар?
-Тудың суретін құрастырдық.
Тәрбиеші: Тәуелсіздік күні баршамызға құтты болсын. Еңсесін ас қақтатқан Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін дей отырып тақырыптық сабағымызды аяқтаймыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.