Меню
Назад » » »
Елін сүйген, елі сүйген Президентім ! (эссе)
загрузка...

загрузка...
Елін сүйген, елі сүйген Президентім !
(эссе)

«Халқымның тәуелсіздік таңы атқанда,
Көрінді көш алдында дара тұлғаң»
Қ.Жүсіп

«О, туған ел, қасиетті топырағың,
Сендік махаббатымның оты —жалын
Сені қалай сүюдің керектігін,
Мен ешқашан кітаптан оқымадым», - деп Фариза ақын айтқандай, туған елге деген сүйіспеншілік сезімі әке қанымен берілетінін бәріміз де жете түсінеміз.
Уақыт өткен сайын, естіп, біліп, ұққаным —туған елім Қазақстанның нұрлы да жарқын өмірінің күн санап сән-салтанат құруы. Өмірдің сан алуан бағыт-бағдарында елімде болып жатқан өрге басушылықты түсінем де, сезінем де... Әрине, біз бұл заманға кездейсоқ келген жоқпыз.
Менің елім Қазақстанда тәуелсіздікпен қатар аталатын қадірлі де қастерлі бір тарихи тұлға бар. Ол - Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. «Халқымның тәуелсіздік таңы атқанда, Көрінді көш алдында дара тұлғаң», — деп Қадыр ақын айтқандай, мен кейде Қазақстанды алып кеме, Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты оның капитаны сияқты елестетем.«Көрегенді басшы ел қамын ойлар болар» - деп бабаларымыз тегін айтпаса керек.Жүректегі жарамыз жазылып, езуімізге күлкі үйірілтіп, ХХІ ғасыр табылдырығын нық сеніммен аттадық.
Бұл күн – білім, ғылым заманы. Қайда барсаң «Қорқыттың көрі емес», Мен – қазақпын! Көреген елдің ұланымын, қызымын жаутаңдамай,жалтақтамай айта алатын бейбітшілік заманы.
Бұл уақытта мемлекеттік тәуелсіздік деп қазақ халқы ұлт рухының ұран, ұлт перзентінің қыран, жау қолында қалған сайын даланың қайтадан Тұран болуы деп білді.
Бүгін біз тәуелсіз ел деп Отанымыздың иелі болуын, ана тіліміздің киелі болуын, ата тарихымыздың жүйелі болуын айтамыз. Біз, бүгін тәуелсіз ел деп кіндік қанымыз Астананың асқаралы болуын, ордамызға құт береке қонуын, ұлт пен ұлыстардың арасы ынтымаққа толуын айтамыз.
Ағылшын жазушысы және публицисі, саяси биограф Дж.Айткен мырзаның «Назарбаев және Қазақстанның қалыптасып дамуы» атты кітабын жазып, Лондонда оның тұсаукесерін өткізгені Елбасымыздың, шын мәнінде, біртуар азамат, елін ұлы көшке сүйреген көшбасшы екіндігінің айқын дәлелі. Тарихтың тағдыр-талайы шешуші сәтінде мемлекет басына келіп, шексіз ұлтжандылықпен рух биіктігін көрсетіп, елін өрлеу мен гүлдену жолына түсіріп, іркілмей бастап келе жатқан ізгі жан туралы жылы лебіздерді көптеп келтіруге болады. Соның бірі Ресейдің байтақ бір өлкесін билеп, халқының құрметіне бөленіп отырған қандасымыз Аман Төлеевтің айтқаны да айрықша көңіл бөлерлік. Ол: «Нұрсұлтан Назарбаев өте көреген, әріден ойлайтын саясаткер. Ол жігерлі әрі айбарлы адам. Мен оның көрегендігін ұнатамын. Ол шебер шахматшы секілді, бәрін де алдын ала есептеп, нағыз жүрістерді таңдай алады», - деп әділ бағасын берген.
Президент боламын деген кісі ақылы мен қайратын, жігерін, ірі саясаткер талантымен, ел басқару ісіндегі мол тәжірибесімен ұштастыра отырып, елдің бірлігі, халықтың тыныштығы, мемлекеттің тәуелсіздігі мен қадір-қасиетінің артуы үшін еңбек етуі шарт. Нұрсұлтан Назарбаев бұл шарттардан мүдірмей өтті, ол елдің, мемлекеттің ақыл-ойын байытуға, абыройын асыруға, ар - ожданын ардақтауға қызмет етті және қызмет етіп келеді. Мәселен, Қазақстан Республикасы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сара басшылығымен демократиялық құндылықтарды құрметтеу, ашық қоғам құру, адам құқын қорғау мен сөз бостандығын өркениет өрісіне сай қамтамасыз ету салаларында ауыз толтырып айтарлықтай табыстарға жетті.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа арнаған Жолдауындарындағы қасиетті, киелі ойлар республикамыздың түкпір-түкпірінде іске асырылып, жандануда. Біз бірлік, ынтымақ, бауырмалдық, татулықтың арқасында ғана – бақыттымыз. «Бірлік болмай, тірлік болмас», -деген даналықтың түп қазығы осында.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен әр жыл ел дамуына ерекше орын алатын бағыттарға арналып, тарихымых таразыланды, бірлігіміз бекіп, мәдениетіміз өсіп, денсаулық сласы нығайып келеді. Сол жақсы үрдісті жалғастыру біз үшін перзенттік қарыз да парыз болып саналады.
Біз, жастар әрқашан да Елбасымен біргеміз. Жастар – Елбасының тірегі, Елбасы – елдің тілегі! Барша Қазақстан халқының жүрегінен жол таба білген Елбасының халқы үшін ақтық демі қалғанша қызмет ететініне кәміл сенемін!





С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебі

Қазақстан Республикасының Президенті күніне арналған «Үздік эсселер топтамасы» байқауы

2015-2016 оқу жылы Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Елін сүйген, елі сүйген Президентім ! (эссе) можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 423 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar