Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Енгізілген өзгерістердің тиімді болғандығын қалай білуге болады? -

Енгізілген өзгерістердің тиімді болғандығын қалай білуге болады?

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1514 | Размер: | Автор: гость
. Енгізілген өзгерістердің тиімді болғандығын қалай білуге болады?

Менің бұл есепте коучингтар барысында тәлім алушыммен бірге мұғалімдерге үйреткен әдіс тәсілдердің тиімділігі туралы,оқу үдерісіне менің іс тәжірибе барысында атқарған жұмыстарымның қаншалықты дәрежеде тиімді болғандығы туралы есеп беремін.Мен мектепте өткізілген іс тәжірибесінің өне бойында топтық оқытуды барлық сыныптарда жүйелі енгізу бағытында жұмыстар жүргіздім. Бұл бағыттағы жұмыстарымды ең алғаш коучинг сабақтары барысында іске асырдым. Коучингке қатысқан мұғалімдер сыныптарда жүзеге асырды.Коучинг барысында үйренген тәсілдердің тиімділігін зерттеу мақсатында №1 коучинг соңында тарих география бірлестігінің жетекшісі Г ға тізбектелген сабақтар топтамасын өтуін өтіндім.Г бұл өтінішімді қуана құптады.Тізбектелген сабақтар топтамасын өтетін тәлім алушымды анықтап алған соң, ол екеуіміз алдағы жұмыстарды бірлесе , кеңесе отырып жоспарладық. Мектептегі іс тәжірибе барысында жүргізетін жұмыстарымызға «Оқушылардың білім алу үдерісінде жақын арадағы даму аймағын құру арқылы зерттеушілік , танымдық қабілеттерін дамыту» деп мақсат қойдық.Ақылдаса келе осы жүргізгелі отырған зерттеу жұмыстарымызға сыныпта әлеуметтік байланыс орнату, сыныпта топтық оқыту әдісін қолдану арқылы сабақтардың тиімділігін жоғарылатуға мол мүмкіндіктер болатынына көз жеткіздік.Себебі, біріншіден, оқушылар арасында ынтымақтаса оқуға қол жеткізілді, онымен қоса барлық оқушылардың оқу үдерісіне түгел қамтылуына мүмкіндік туады. Мектепте өтетін дәстүрлі сабақтар кезінде мұғалімге берілген қырық бес минут барысында уақытты тиімді пайдаланбайды.Біріншіден, оқушылардан мұғалім сабақ барысында үй тапсырмасын сұрау үшін сабақтың он бес, жиырма минутында бар жоғы бес – алты оқушыдан ғана сабақ сұрап үлгерсе, жаңа әдістеме бойынша сыныпта отырған барлық оқушының пікірін тыңдауға немесе жұмысқа қосқан үлесін бағалап отыруға болады. Екіншіден , мұғалім тарапынан берілген тапсырмалар топтарға арналып дайындалғандықтан, топтағы барлық оқушылар оны бірлесе орындауға жұмыла кіріседі. Ал дәстүрлі әдіс бойынша өтілетін сабақ барысында оқу үлгерімі төмен оқушылар тапсырмалардан тыс қалып жатады, оған тәжірибесі аз мұғалімдер ерекше назар аударып жатпайды. Сонымен қатар тәжірибе көрсеткендей, сыныптардағы тәрбиелік ахуалдың да біршама оңалып қалғандығы байқалады.Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім – оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс – қимылға қарағанда мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс – қимылға тартылады, осылайша, негізделген дәлелдер келтіріп, қадағаланатын оқиғаларға сипаттама беруде түрлі мүмкіндіктерге ие болады.Бұл жерде тізбектелген сабақтар топтамасын өтетін тәлім алушымен осы жоғарыда аталған жағдайлардың мектепте өтілетін сабақтарға енгізу және тиімділігіне көз жеткізуіміз үшін , яғни дәлелдеу үшін кеңесе келе тізбектелген төрт сабақтың орта мерзімдік жоспарын жасадық.І деңгей мұғалімдеріне арналған нұсқаулықта «Әріптестерге оқыту мен оқудың тиімді әдістерін , атап айтқанда , барлық оқушыларға өздерінің әлеуетін іске асыруға мүмкіндік жасап , оқытуды даралау тәсілдерін әзірлеуге және жүзеге асыруға көмектесуге.Мектептердегі оқыту және оқу тәжірибесін жетілдіру мақсатында тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау жұмысын басқаруға міндетті»(Мұғалімге арналған нұсқаулық І деңгей . 2014 жыл .8бет) деп айтқандай,біз де мектептегі оқу мен оқыту үдерісін жақсарту , тиімділігін арттыру етіп алдымызға мақсат қойдық .Мектептегі іс тәжірибе барысында жұмыс неғұрлым тиімді болу үшін жүйелі жоспарлауды қажет етеді. Орта мерзімді жоспарлау туралы мұғалімге арналған нұсқаулықта былай дейді «Деңгейлі бағдарламаның негізгі мақсаты мектеп мұғалімдерінің өдерінің балаларды белгілі бір тәсілдермен оқытатынын біліп қана қоймай , оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді өз тәжірибесіне қалай ықпалдастыратынын түсінуі болып табылады.Осылайша , бірінші деңгей бағдарламасы бойынша оқитын мұғалімдер мектептің орта буын көшбасшыларына тәлімгерлік ететін болса , ал осы көшбасшылар коучинг арқылы өздерінің басқа әріптестеріне тәжірибелеріне деңгейлі бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыруға көмектесетін болса, тізбектелген сабақтар топтамасы жеті модульді ықпалдастыру тәсілдері мен өзгеріс үдерісі туралы тәжірибеге негізделген деректер алуға және өзгеріс енгізу барысында бір нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін құрылымды көздейді» (Мұғалімге арналған нұсқаулық І деңгей . 2014 жыл .35-36 бет) Мектептегі іс тәжірибе шектеулі боғандықтан, мен өз мектебімде оқу мен оқыту үдерісіне қалай оқу керектігін үйрету модульін ықпалдастыру жұмысын жүргіздім. Орта мерзімді жоспарлауды біз 7 сыныптарда Қазақстан тарихы пәнінің төрт сабағына жасадық.Оқу бағдарламасы бойынша бұл тарау қазақ хандығының құрылуы тарауына жасадық.Сабақтар топтамасындағы алғашқы сабақ тақырыбы «Қазақ халқының ХІҮ – ХҮ ғасырлардағы сәулет өнері» болды.Тәлім алушы екеуіміз сабақ алдындағы кеңесу барысында оқушылар сабақта әдістерді тиімді қолдану арқылы сабақ тақырыбын терең түсінуін қамтамасыз етуді , яғни Қазақ халқының сәулет өнері туралы терең білімге ие болуын қамтамасыз етуіміз керек деп мақсат қойдық.Сабақ соңында оқушылар қазақ халқының сәулет ескерткіштерінің шығу тарихы туралы біледі , сәулет ескерткіштерінің стильдерін ажырата алады және еліміздің қай аймағында орналасқанын білетін нәтижеге жеткіземіз деп жоспарладық.Сабақ барысында бірінші коучингте үйренген «Аяқталмаған әңгіме» , «Бірге ойлаймыз» тәсілдерін қолдануды ұйғардық.Сабақ алдындағы кеңесте «Аяқталмаған әңгіме» тәсілін қолдануда барлық топқа бір мәтіндегі әңгіме берсек оқушылар зерігуі мүмкін деген қауіппен , тәсілді қолдану барысындағы тапсырмаларды түрлендіріп бергеніміз дұрыс болар деген ұйғарымға келдік.Сонымен бірге оқушылар зерттеушілік қабілетін дамытуға септігін тигізер деген ойда топтасудан кейін , әр топқа сабақ тақырыбына байланысты ат қойғанымыз дұрыс деп шештік.Сабаққа арналған қысқа мерзімдік жоспар туралы кеңесіп болған соң, нақты іске көштік.Сабақтың өтілу үрдісін , қолданылып жатқан тәсілдердің тиімділігін бақылау мақсатында өзім бақылаушы болдым және сабақты бақылау парағын жасадым.Бақылау парағында тәлім алушы екеуіміз оқушылардың зерттеушілік қабілеттері мен танымдық дағдыларының дамуын бақылау мақсатында сұрақтарды қолдану ,оқушылардың сұрақ қою үрдісін бақылауға алдық. «Қазақ халқының ХІҮ – ХҮ ғасырлардағы сәулет өнері» атты тақырыпта 7- сыныптарда сабақ өтілді.Сабақты бақылау барысында мұғалім сабақ бастар алдында оқушылардың эмоционалдық ахуалын жақсарту сыныпта жағымды атмосфера құру мақсатында оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айтуынан бастады.Сабақ басында мұғалім оқушыларға тақырыпты игеруі оңай болу үшін топтастыру барысында оқушыларды тақырыпқа байланыстырып топтады. Сабақ сәулет өнерінің тарихы туралы болғандықтан, топтар құрылысшылар , зергерлер , қолөнершілер , зерттеушілер болып топталды.Сабақ басталып , топтастыру кезеңі біткен соң мұғалім тақырып бойынша интерактивтік тақтада тақырып бойынша көрсетілім (power point) көрсетіп , тақырыпты түсіндірді.Түсіндіру барысында оқушылар аса қатты қызығушылық таныта қоймады.Себебі түсіндіру барысында мұғалім көбінесе дәстүрлі стильді ұстанып , өзінің яғни мұғалім сөйлеуіне көп көңіл бөлді.Бұл түсіндіру барысы оқушылар арасындағы үлгерімі жақсы , тәртіпті оқушылар тарапынан ғана қызығушылықтарын оятып,сол оқушылар ғана зейін қойып тыңдады.Бірақ бұл оқушылардың да зейіндері алғашқы бір-екі минуттан кейін сейіле бастады.Мұғалім сабақты түсіндіруді аяқтаған соң оқушыларға тақырып бойынша және өз топтарының аттары аясында «Аяқталмаған әңгіме» тәсілі бойынша жұмыс істеуді тапсырды.Бір топқа әңгімені аяқтау берілсе , екінші топ әңгіме желісі бойынша сурет салу,үшінші топ сурет желісі бойынша әңгіме құрау болса, төртінші топқа сәулет ескерткіштерінің орналасуын зерттеп , карта бетіне түсіру тапсырылды.Оқушылар жаңа тапсырма алған соң қызығушылықтары оянды.Топтар арасында тапсырма орындауда топ мүшелерінің барлығының бірігуінен , бір-бірінің ойларын тыңдап, тапсырманы орындау байқалды.Тапсырманы орындауда барлық топтарда уақытты тиімді пайдалану байқалмады.Берілген регламент барлық топқа жетпеді.Барлық топтардағы оқушылар берілген тапсырманы орындау үшін оқулықты оқып , зерттеді.Осы кезеңде байқалғаны оқушыларға кітаптағы мәлімет аздық етті.Тапсырманы аяқтаған топтар жауаптарын топпен бірге тақтаға шығып айтты.Бірінші болып тақтаға шыққан зерттеушілер орындаған тапсырмаларын айтуда картаны қолданып,Қазақстандағы сәулет ескерткіштерінің қай аймақта орналасқанын , ол сәулет ескерткіштері туралы мағлұмат берді.Бұл топтағы оқушылардың бойында байқалған алғашқы өзгеріс бұған дейінгі дәстүрлі стильде өтілетін сабақта белсенділік танытпаған болатын,бұл сабақта бұл оқушылар бойында біршама белсенділік байқалып, өз ойларын ашық айта алды.Екінші топ өздеріне берілген тапсырма негізінде Қазақстан жерінде орналасқан сәулет ескерткіштері туралы кластер жасап , ескерткіштердің тарихы туралы мағлұматтар айтып қорғады.Үшінші топ зергерлер өздеріне берілген Қорқыт ата кесенесі суретіне мәтін құрастырып, оны айтуда Қорқыт ата өмірінен мәліметтер айтып толықтырды.Төртінші топ сәулетшілер аяқталмаған әңгімені аяқтау тапсырмасын тапқырлықпен аяқтады.Топтар бір бірін бағалауды бас бармақ әдісімен жүргізді.Бағалау барысында оқушылар топтардың білімділігін бағалаудан гөрі , эмоциялық түрде бағалады.Яғни оқушылар бір-бірін бағалағанда өкпелетіп алмайын деген ойда болды.Бағалау оқушыларды, менің ойымша, аса қатты талпындырған жоқ.Тапсырмаларды орындатқан соң мұғалім сергіту сәті ретінде сөз айтып, сол сөздің соңғы буынына келесі адам сөз құрау жаттығуын өткізді.Келесі кезеңде мұғалім тақырыпты бекіту мақсатында «Топтық тергеу» әдісі бойынша топтарға постер қорғау тапсырмасын берді.Тапсырма әр топқа өз аттарын қорғау негізінде тапсырылды.Тапсырманы орындауда балалар тақырып туралы кітапта жазылған мәтінді терең зерттеу жүргізіп орындады.Тапсырманы қорғауға әр топ мүшелері бірігіп шығып қорғады.Менің ойымша, қорғаулары сәтті шықты.Сабақ соңында мұғалім оқушылардан сабақ тақырыбы туралы ой пікірлерін сұрады.Оқушылар пікірі негізінен қазіргі кезге сақталып жеткен сәулет ескерткіштерін сақтап қалуымыз керек дегенге қорытылды.Сабақ соңында үйге тапсырма ретінде кесте толтыруды тапсырды.Сабақ біткен соң тәлім алушымен сұхбаттасу барысында сабақта жіберілген кемшіліктер мен жетістіктерді сараладық.Негізгі кемшілік, біздің ойымызша, уақытты тиімді пайдаланбау және ой пікірлерін айтуда топ мүшелері түгел қатыспауда.Ал жетістік -топтарды топтастыруда ат қойып, сол аттары бойынша тапсырма орындату, оқушылардың зерттеушілігін оята алатыны деп ұйғардық.Осы кемшіліктер мен жетістіктерді ескере отырып , келесі сабақта екінші коучингте үйренген «Ромб» , «Сөздер банкісі» тәсілдерін және кеңесу барысында тиімді деп тапқандықтан «Топтық тергеу» тәсілін тағы да қолдануды ұйғардық. Келесі сабақ тақырыбы «Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының алғы шарттары» болатын.Сабақ мақсаты Оқушыларға қазақ мемлекетінің құрылуы алдындағы елдер арасындағы тарихи оқиғалар үрдісі туралы білім беру, оқушылар бойында патриоттық сезімді ояту деп алдық.Сабақ басында мұғалім оқушылармен сәлемдесіп , сабаққа деген психологиялық дайындықтан кейін реттік саналу бойынша топтарға бөлді.Сынып төрт топқа бөлінді.Топтарға тақырып бойынша хандар , сұлтандар , билер , халық деген атаулар берілді.Мұғалім жаңа тақырып бойнша түсінік берген соң «Ромб» тәсілі бойынша әр топқа ромбтар сызылған парақшаларды беріп , хандықты құрудағы алғы шарттарды маңыздылығына қарай жоғарыдан төмен қарай орналастыруды тапсырды.Оқушылар тапсырманы орындауда топтасып әрекет етті.Тапсырманы орындағанда оқушылар мәліметтерді бірігіп іздеді.Дәстүрлі стильде өтілетін сабақта үлгерімі төмен оқушылар сабақ үрдісінен тыс қалып отыратын,ал бұл тәсілді қолдану барысында оқушылардың барлығы тапсырманы орындауға тартылғаны байқалды.Келесі кезекте мұғалім оқушыларға «Сөздер банкісі» тәсілін қолдана отырып , қазақ хандығының құрылуы туралы дұрыс және бұрыс жазылған сөздерді екі бағанға орналастыруды тапсырды.Оқушылар тапсырманы орындауда өте үлкен қызығушылық пен белсенділік танытты.Сабақта бұл тәсілдің орындалуын бақылау барысында үлгерімі төмен А есімді оқушы тапсырманы өзі орындаудан қиналып Б- дан жауап сұрап алып, тақтаға асыға шықты , бірақ берген жауабы дұрыс болмай шықты.Бұл орын алған жағдай туралы А- дан сабақтан кейінгі сұхбатта сұрағанымда ол «қасымдағы басқа сыныптастарым жауап беріп жатқанда, мен де сыртта қалғым келмеді»- деп жауап берді.Бұл жауап маған оқушылар бойында бәсекелестік пайда болғандығының айғағы болды.Мұғалім нұсқауымен топтардың аттарын қорғау , яғни әр топ сол кезеңде қандай жұмыс істеді , не іс атқарды деген сұраққа жауап ретінде оқушы топтары «Топтық тергеу» тәсілі негізінде тапсырма орындады. Тапсырма орындауда топтар топтасып жұмыс істеді.Тапсырмадан кейін мұғалім нұсқауымен оқушы топтары бір бірін бағалады.Бағалауда оқушылар бойында өткен сабақтан өзгеріс байқалмады.Сабақтан соң кәсіби сұхбат барысында тәлім алушы сабақта уақытты тиімді қолданудан әлі де қиналатынын айтты.Бірақ өткен сабақтан гөрі бұл сабақта қолданып жатқан тәсілдердің тиімділігіне көз жеткізгенін айтты.Себебі сыныпта Г есімді оқушы бұрын соңды сабақ айту түгіл аузын ашып сөйлемейтін,сол оқушы бүгін топтық тергеу барысында тақтаға шығып , сабақ айтқанын дәлел ретінде айтты.Сабақ барысында қолданылып жатқан әдіс тәсілдердің тиімділігін анықтау мақсатында менің тарапымнан бірнеше оқушылармен сұхбат жүргізілген болатын.Сұхбаттасу барысында оқушылар сабақта орындаған тәсілдерге қызыққандарын , орындау барысында сабақты игеру оңай болып жатқанын айтты.Сонымен бірге оқушылар сабақта картамен жұмыс кеңінен қолданылса деген сұраныстарын айтты.Өткізілген сұхбат нәтижелерін саралап, келесі сабақта үшінші коучингте үйренген «Үлкен шеңбер» мен «Ақылдың алты қалпағы» тәсілдерін алдық.Сабақ тақырыбы «Қазақ хандығының құрылуы» мақсаты -оқушыларға Қазақ хандығының құрылуы туралы білім беру және оқушылар бойына отан тарихына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезім ұялату.Сабақ басталған соң мұғалім сабақ тақырыбы бойынша түсінік берді , содан кейін оқушыларды «Үлкен шеңбер» тәсілі бойынша оқушыларды ортаға шеңбер құрап тұрғызып , өз ойларынша сабақ тақырыбы туралы ой пікірлерін айтқызды.Оқушылар пікірлері айтылып , маңызды деп танылғандары тақтаға жазылды.Бұл жерде байқалған ерекшелік - оқушылар қазақ хандығының қашан және қай жерде құрылғаны туралы мәліметтерді жақсы еске сақтағаны.Шеңберге тұрған жерлерінен мұғалім оқушыларды санамақ арқылы төрт топқа бөлді.Оқушылар топтасып болған соң мұғалім оқушыларға сергіту мақсатында интерактив тақтада математикалық есепте жасырылған тарихи даталар туралы жұмбақ шешкізді.Сергіту сәтінен соң «Ақылдың алты қалпағы» тәсілі негізінде оқушыларға қазақ хандығы құрылуы туралы төрт қалпақ тапсырмасын берді.Бұл тапсырманы орындауда оқушылар қалпақтар тапсырмасын талапқа сай етіп орындады.Мысалы ақ қалпақ тапсырмасын орындағанда хандық құрылуы туралы тура фактілерді берсе , қызыл қалпақтылар эмоцияларын білдіре отырып , тәуелсіздігіміз сол кездерден бастау алады деп ойларын айтса,қара қалпақты топ негатив ойын қазақ елі көшіп – қонып жүрген ел болған оларда жеке мемлекет болған емес десе,ал сары қалпақты топ қазақ елінде сол кезде қалалар болған,хандары болған деген дәлелдер келтірді.Қалпақтар тапсырмаларын орындауда оқушылар тапқырлық пен ұтымдылық таныта білді.Тапсырма орындалғаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақ тақырыбына сай етіп үш сөйлемнен тұратын жарнама дайындауды тапсырды.Оқушылар бұл тапсырманы орындауда қызықты нәтиже бере алды.Мысалы А есімді оқушы өз жарнамасын «Қазақ елі үшін жанын берген Керей мен Жәнібек фильмін Хабар арнасынан көріңіздер» десе С есімді оқушы «Біз оларды неге мақтан тұтпаймыз, қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек айтылмаған әңгіме бағдарламасынан Астана телеканалынан көріңіздер» деді.Жарнамалау әдісінен кейін топтар бір-бірін бағалады.Бағалау барысында бұл жолы оқушыларда біршама өзгерістер байқалды.Атап айтар болсақ, оқушылар келесі топқа не үшін мұндай баға бергені туралы нақты түсінік бере алды.Мұғалім үйге тапсырма берісімен сабақ аяқталды.Сабақтан кейінгі кеңесте ақылдаса келе, келесі сабақта «Жүгіртпе шынжыр» , «Ішкі шеңбер және сыртқы шеңбер» , «Топтық тергеу» әдіс тәсілдерін қолдана оқытуды ұйғардық.Олар хандар , халық , сұлтандар , билер атты топтарға бөлінді.Келесі кезекте мұғалім жаңа сабақ тақырыбы «Қазақ хандығының ішкі ,сыртқы жағдайы» екенін айтып , сабақ тақырыбы бойынша интерактивті тақта көмегімен түсінік берді.Оқушыларға сабақ туралы түсіндірген соң, топтағы оқушыларға рөлдер бөліп (топ басшы,хатшы,баяндаушы,уақыт сақшысы) «Жүгіртпе шынжыр» тәсілімен тапсырмасын берді.Сынып бөлмесінің төрт жерінде әр түрлі мәтін іліп , тапсырманы орындауға рұқсат берді.Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар үлкен қызығушылық танытты.Тапсырма орындауда байқалғаны- топ мүшелері тапсырма орындауға түгел қатысты.Келесі кезекте «Топтық тергеу» әдісі бойынша мұғалім оқушыларға тапсырма берді.Мұғалім оқушылар бойында өздігінен білім алу , зерттеушілік , танымдық дағдыларын дамыту мақсатында топтарға тапсырмаларды түрлендірді.Әрбір топқа өз аттарын қорғап ,мына тапсырмаларды орындау тапсырылды.Хандар тобына тақырып бойынша кластер жасау,сұлтандар тобына тақырып бойынша әңгіме құрау , билер тобына ішінен біреуі қате бес факт келтіру,халық тобына тақырыпқа байланысты сурет салу.Топтар тапсырмаларды жақсы орындап шықты.Орындау барысында байқағаным, оқушылар оқулықты ақтара отырып ішіндегі берілген мәліметтерге қанағаттанбайтындарын білдірді.Бұл жағдай, менің ойымша, балаларға қосымша мәліметтер іздеуге мәжбүрлейтін , зерттеушілік дағдыларын қалыптастыратын фактор.Тапсырмадан кейін топтар бір бірін бағалағанда берген бағаларына түсінік бере алды.Келесі кезекте мұғалім оқушыларға «Ішкі және сыртқы шеңбер» тәсілі бойынша екі шеңберге тұрғызып,тапсырма шарттарымен таныстырды.Бұл кезеңде оқушылар қарама- қарсы тұрған әріптесіне сұрақ беруде көбінесе ашық сұрақ берулерімен ерекшеленді.Мысалы оқушылар қазақ хандығы қай жерде құрылды?қазақ хандарына қай елдің ханы жер берді?не мақсатта жер берді деген сұрақтар қойды.Оқушылардың бір-біріне сұрақ беруінен тақырыпты игергені байқалды.Бірақ арада бірнеше оқушы сұрақ беруден қиналды,демек оқушылар бойында әлі де болса кемшіліктер мен қателіктер бар.Бұл кемшіліктерді алдағы жұмыстар барысында жоюға болатынына кәміл сенімдімін.Тапсырма орындалып біткен соң мұғалім оқушыларды бір- бірін бағалауын ұйымдастырып ,сабақты аяқтады.Сабақтан кейінгі кәсіби сұхбат барысында тәлім алушы сабақтар кезінде оқушылармен бірге өзі де біршама нәрселерді үйреніп, өзіне өзі сырт көзбен қарағанын айтты.Нақтырақ айтсам ол оқушының даму аймағын құруда бастапқы қолдауды тиімді жүргізіп , ары қарай қолдауда дұрыс бағыт беріп отырса оқушылар бойында өздігінен білім алу дағдысын дамытуға болатынына көзі жеткенін айтты.Сабақтар кезінде қиналған жері- оқушыларды бағалау мен уақытты тиімді пайдаланбау деп айтты.Оқушылардан алынған сұхбатта олар сабақ өту тәсілдері ұнағанын айтты.Олардан дәстүрлі стильдегі сабақ пен қазіргі жаңа стильде өтілген сабақтар туралы сұрақтар қойылғанда екеуін де араластырып өткен жөн деп жауап берді.Әрине жаңа тәсілдер дәстүрлі стильдегі өтілетін сабақтармен салыстырғанда әлдеқайда жақсы нәтиже көрсетіп отыр.Бірақ дәстүрлі стильдегі сабақтардан да тиімді жақтарын болашақта өз жұмыстарымызға кіріктіріп оқу мен оқыту үдерісін жақсартуға болады және өте керек деп ойлаймын.Мысалы дәстүрлі стильден білімді сандық мөлшері жағынан көп есте сақтау мен жаңа деңгейлік бағдарламадан білімді кез – келген жерде қолдануды біріктіріп , оқушыларды оқытсақ , үйретсек дймін.Жетістікке жету үшін мектепте жүргізілген жұмыстардың аралық нәтижелерін есепке ала отырып және жүргізілген рефлексия мен кері байланыс нәтижелерін назарға ала отырып мектептің даму жоспарын түрлендіріп отыру аса қажет деп ойлаймын.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Мұғалімге арналған нұсқаулық. І (ілгері деңгей) 2014 жыл


Бекітемін (мөр басылады)
______________ мект. дир. аты жөні
Орта мерзімдік жоспарлау
Пәні: Қазақстан тарихы Сыныбы: 7

Тараудың жалпы оқу мақсаты :Оқушылар Қазақ хандығы құрылуы туралы мағлұматтар мен тарихи деректерді білуі
Р/с

Сабақ тақырыбы
Оқудың негізгі мақсаты


Оқу нәтижелері Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Бағалау, соның ішінде оқыту үшін бағалау Барлық оқушылармен жұмыс (тапсырмалар) Негізгі дерек көздер, ресурстар
1 Қазақ халқының ХІҮ – ХҮ ғасырлардағы сәулет өнері Қазақ халқының сәулет өнері туралы білу А.Оқушылар қазақ халқының сәулет ескерткіштерінің шығу тарихы туралы біледі, сәулет ескерткіштерінің стильдерін ажырата алады
«Аяқталмаған әңгіме»
«Бірге ойлаймыз»
Жаңа тақырыптың критерийі:
Кейбірі :Тарихи оқиғаларды сәулет өнері шығу тарихымен байланыстыра талдай алады
Көпшілігі:. Тарихи оқиғалар және сәулет өнері туралы түсінік бере алады
Барлығы:. Тарихи оқиғалар және сәулет өнері туралы біледі А.Сәулет өнерлерінің шығу тарихы , дамуы туралы талдап , түсінік бере алады
В. Сәулет өнерінің даму тарихы туралы терең түсінік бере алады
С.Сәулет өнері туралы жалпы түсінік бере алады Бейнекөрсетілім
Оқулық
Интернет желісі
2 Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғы шарттары Оқушыларға қазақ мемлекетінің құрылуы алдындағы елдер арасындағы тарихи оқиғалар туралы білу А. Оқушылар қазақ хандығы құрылуының алдындағы тарихи оқиғалар мен құбылыстар туралы біледі,талдау жасай алады
«Ромб» «Топтық тергеу» «Сөздер банкісі»
Жаңа тақырыптың критерийі:
Кейбірі :Тарихи оқиғаны талдай алады
Көпшілігі:. Түсінік бере алады
Барлығы:. Тарихи оқиға туралы біледі А .1465 жылы көшпелі өзбектер ордасының ішкі және сыртқы жағдайы
В . Жаңа мемлекеттің пайда болуына түрткі болған оқиғалар
С . Қазақ хандығы қашан? және қайда құрылды?
Бейнекөрсетілім
Оқулық
Интернет желісі
Постер
3 Қазақ хандығының құрылуы Қазақ хандығының құрылуы туралы білу А. Оқушылар хандықтың құрылуының барысы туралы біледі,тарихи маңызын талдай алады «Үлкен шеңбер» «Ақылдың алты қалпағы»
Кейбірі :Тарихи оқиғаны талдай алады
Көпшілігі:. Түсінік бере алады
Барлығы:. Тарихи оқиға туралы біледі А.Қазақ хандығының құрылуының басқа мемлекеттерге әсері
В. Қазақ хандығының құрылған жерінің географиялық жағдайы
С. Қазақ хандығы құрылған жер және алғашқы хандар Бейнекөрсетілім
Оқулық
Постер
4 Қазақ хандығының ішкі сыртқы жағдайы(ХҮ ғ соңғы ширегі) Қазақ хандығы құрылғаннан кейінгі тарихи үрдісті білу А.Оқушылар қазақ хандығы құрылғаннан кейінгі ішкі саяси және әлеуметтік жағдайы мен сыртқы дипломатиялық қарым қатынасы туралы біледі, талдау жасай алады
«Жүгіртпе шынжыр» «Топтық тергеу»
«Ішкі шеңбер және сыртқы шеңбер» Кейбірі :Тарихи оқиғалар барысын , маңызын талдай алады
Көпшілігі:.Терең түсінік бере алады
Барлығы:. Тарихи оқиғалар тізбегі туралы біледі А.Қазақ хандығығының дипломатиялық қарым – қатынастарының маңызы
В.Қазақ хандығының әлеуметтік мәселелерді шешудегі жетістіктері
С. Қазақ хандығының халықаралық аренадағы көрінісі Бейнекөрсетілім
Оқулық
Постер
Мұғалім: ___________________________________________________
Тексерілді
______________ дир.оқу ісі орынб.аты-жөні

Қысқа мерзімдік жоспар

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ХІҮ – ХҮ ғасырлардағы сәулет өнері
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының сәулет өнері туралы білу
Сабақтың нәтижесі: Оқушылар қазақ халқының сәулет ескерткіштерінің шығу тарихы туралы біледі, сәулет ескерткіштерінің стильдерін ажырата алады
Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Аяқталмаған әңгіме» «Бірге ойлаймыз»
Сыныбы:7
Уақыты Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Оқыту үшін бағалау Қолданылатын ресурстар
5 минут Кіріспе Оқушылармен сәлемдесу, ұйымдастыру, сабаққа дайындығын тексеру. Сыныпты жаңа тақырып аясында топтарға бөледі
1. Құрылысшылар
2. Зергерлер
3. Қолөнершілер
4. Зерттеушілер Мұғаліммен сәлемдеседі, сабаққа дайындалады.
Топтарға бөлінеді
15 минут Таныстырылым Оқушыларға тақырып бойынша бейнекөрсетілім көрсетеді.Түсінік береді. «Аяқталмаған әңгіме» береді .Аяқтауды топтарға тапсырады
Оқушылар бейнекөрсетілімді көреді. «Аяқталмаған әңгіме» әдісі бойынша тапсырманы орындайды Топтар бір бірін жұлдызша арқылы бағалайды Бейнекөрсетілім
15 минут Негізгі бөлім
Оқушыларға топ аттары бойынша сабақ тақырыбына байланысты постер қорғауды тапсырады Оқушылар топ аттарына байланысты постерға тұжырымдама жасап , қорғайды Топтар бір бірін бас бармақ әдісімен бағалайды Постер
10 минут Қорытынды Мұғалім оқушыларға сабақ тақырыбы бойынша түйін айтады.Оқушылар пікірін сұрайды Оқушылар сабақ тақырыбы бойынша түйіндемелерін айтады Топтар бір бірін стикер арқылы бағалайды Стикер

Мұғалім: ___________________________________________________

Қысқа мерзімдік жоспар

Сабақтың тақырыбы: Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының алғышарттары
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ мемлекетінің құрылуы алдындағы елдер арасындағы тарихи оқиғалар туралы білім беру , қазақ хандығы туралы білімін дамыту
Сабақтың нәтижесі: Оқушылар қазақ хандығы құрылуының алдындағы тарихи оқиғалар мен құбылыстар туралы біледі,талдау жасай алады
Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Ромб» «Топтық тергеу» «Сөздер банкісі»
Сыныбы:7
Уақыты Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Оқыту үшін бағалау Қолданылатын ресурстар
5 минут Кіріспе Оқушылармен сәлемдесу, ұйымдастыру, сабаққа дайындығын тексеру. Сыныпты жаңа тақырып аясында түрлі түсті қағаздармен топтарға бөледі
1. Хандар
2. Батырлар
3. Билер
4. Халық Мұғаліммен сәлемдеседі, сабаққа дайындалады.
Топтарға бөлінеді Түрлі түсті қағаз
15 минут Таныстырылым Мұғалім тақырып бойынша түсінік береді.Таныстырылым көрсетеді.
«Ромб» әдісі бойынша хандық құрудағы алғышарттарды орналастырады Мұғалімнің түсіндіруінен кейін оқушылар«Ромб» әдісі бойынша хандық құрудағы алғышарттарды маңыздылығына қарай орналастырады Топтар бір бірін жұлдызшамен бағалайды Көрсетілім
15 минут Негізгі бөлім Оқушыларға хандық құрылуы туралы дұрыс және бұрыс сөздер жазылған «Сөздер банкісі» беріледі.Оқушылар банкідегі сөздерді дұрыс , бұрыстығына қарай екіге бөледі.
Топ аттарына сәйкес «Топтық тергеу» жүргізу тапсырылады Оқушылар «Сөздер банкісі» тапсырмасын орындайды.Топ аттарына қарай постер жазып . қорғайды Топтар бір бірін бас бармақ әдісімен бағалайды Плакат
10 минут Қорытынды Мұғалім сабақты қорытындылайды.Оқушылар пікірін сұрайды Оқушылар сабақ бойынша пікірлерін айтады Топтар бір бірін бас бармақ әдісімен бағалайды

Мұғалім: ___________________________________________________

Қысқа мерзімдік жоспар
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы
Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығының құрылуы туралы білім беру , хандықтың құрылуы туралы білімдерін дамыту
Сабақтың нәтижесі: Оқушылар хандықтың құрылуының барысы туралы біледі,тарихи маңызын талдай алады
Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Үлкен шеңбер» «Ақылдың алты қалпағы»
Сыныбы:7
Уақыты Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Оқыту үшін бағалау Қолданылатын ресурстар
5 минут Кіріспе Оқушылармен сәлемдесу, ұйымдастыру, сабаққа дайындығын тексеру. Сыныпты жаңа тақырып аясында санамақ арқылы топтарға бөледі
Мұғаліммен сәлемдеседі, сабаққа дайындалады.
Топтарға бөлінеді
15 минут Таныстырылым Мұғалім тақырып бойынша түсінік береді.Таныстырылым көрсетеді.
«Үлкен шеңбер» әдісі бойынша оқушылардан пікір сұрайды.Маңыздыларын оқушылар тақтаға жазады Оқушылар мұғалім нұсқауы бойынша «Үлкен шеңбер» құрайды. Сабақ тақырыбы туралы пікірлерін айтады.Маңызды деп табылғандарын тақтаға жазады Оқушылар бір бірін бас бармақ әдісімен бағалайды
15 минут Негізгі бөлім Оқушыларға хандық құрылуы туралы «Ақылдың 6 қалпағы» әдісінен 4 қалпақ алып тапсырма береді
1.Ақ (ақ бұлттар) - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру
2.Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру
3.Қара (тұман) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....”
4.Сары (күн) оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»
Оқушылар 4 қалпақ бойынша тапсырма орындайды Оқушылар бір бірін екі жұлдыз бір тілек әдісімен бағалайды
10 минут Қорытынды Мұғалім сабақты қорытындылайды.Оқушылар пікірін сұрайды Оқушылар сабақ бойынша пікірлерін айтады Оқушылар тобы келесі топты күн . түн . тұман ретінде сипаттап бағалайды

Мұғалім: ___________________________________________________

Қысқа мерзімдік жоспар

Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының ішкі – сыртқы жағдайы (ХҮ ғ ширегі)
Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығы құрылғаннан кейінгі тарихи үрдіс туралы білім беру , дамыту
Сабақтың нәтижесі: Оқушылар қазақ хандығы құрылғаннан кейінгі ішкі саяси және әлеуметтік жағдайы мен сыртқы дипломатиялық қарым қатынасы туралы біледі, талдау жасай алады
Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Жүгіртпе шынжыр» «Топтық тергеу» «Ішкі шеңбер және сыртқы шеңбер»
Сыныбы:7
Уақыты Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Оқыту үшін бағалау Қолданылатын ресурстар
5 минут Кіріспе Оқушылармен сәлемдесу, ұйымдастыру, сабаққа дайындығын тексеру. Сыныпты жаңа тақырыпқа байланыстырып заттарымен топтарға бөледі
1. Хандар
2. Сұлтандар
3. Билер
4. Халық Мұғаліммен сәлемдеседі, сабаққа дайындалады.
Топтарға бөлінеді Интерактив тақта
10 минут Таныстырылым Мұғалім тақырып бойынша түсінік береді.Таныстырылым көрсетеді.
«Жүгіртпе шынжыр» әдісі бойынша төрт мәтінді төрт жерге іліп қойып,оқушыларға бөлінен рөлдер бойынша тапсырма орындауға нұсқау береді
Мұғалімнің түсіндіруінен кейін оқушылар «Жүгіртпе шынжыр» әдісі бойынша сыныптың төрт жеріне ілініп қойылған төрт мәтінді мұғалім нұсқауымен оқып , тапсырманы орындайды Топтар бір бірін жұлдызшамен бағалайды Көрсетілім
20 минут Негізгі бөлім Топ аттарына сәйкес «Топтық тергеу» жүргізу тапсырылады.хандар , кластер жасау.сұлтандар әңгіме құрау.билер ішінде бір қате бес айғақ келтіру.халық тобы тақырыпқа байланысты сурет салу
«Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі бойынша оқушылар бір біріне тақырып бойынша сұрақ қояды Оқушылар топ аттарына қарай берілген тапсырмаларды орындайды жазып . қорғайды
Оқушлар тақырып бойынша бір біріне сұрақ қойып , жауап береді Топтар бір бірін бас бармақ әдісімен бағалайды Плакат
10 минут Қорытынды Мұғалім сабақты қорытындылайды.Оқушылар пікірін сұрайды Оқушылар сабақ бойынша пікірлерін айтады Топтар бір бірін бас бармақ әдісімен бағалайды

Мұғалім: ___________________________________________________
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.