Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Ер Тарғын» жыры -

«Ер Тарғын» жыры

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3225 | Размер: | Автор: гость
. Көбенова Эльмира Қалиқызы

Ақтөбе облысы
Ырғыз ауданы
№1 қазақ орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: «Ер Тарғын» жыры
Мақсаты:
1. Шығарманың мазмұны туралы білімдерін арттыру, ұғындыру, жырдың тақырыбы мен идеясын аша түсу
2. Сөздік қорын, тіл мәдениетін дамыту, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылық ізденістерін арттыру, ой еркіндігін дамыту;
3. Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, түйінді ой айта білуге жетелеу

Түрі: зияткерлік сабақ
Әдісі: ой қозғау, ауызша журнал, проблемалық сұрақтар, мағынаны тану, оқулықпен, сөздікпен жұмыс
Көрнекілігі: кесте, тірек – сызбалар, перфокарталар

Сабақтың барысы:
Ой қозғау. «Ойлан, тап»
1. «Қырық мың мешіт бар еді, ханы бар еді»(Қырым елі)
2. «Тоғыз санды торғауыт,
Он сандайын оймауыт,
Барабан соғып, шаң қағып...»
(Олалай, Бұлалай деген екі ханның елі)
3. «Шашын дінданмен тараған,
Бектер мінген бедеудей,
Бауырынан жараған» (Ақжүністің келбеті)
4. «...қырық сан Қырымның мырзасы бір Жалманбет дейтұғын жігіт бар еді» (Ақжүністің жігіті)
5. «Аш арыстан жүректі,
Балуан жолбарыс білекті
Жігіттің мәрті мен едім» (Тарғынның сөзі)
6. «Алайын десем оңайсың,
Алмайын десем тоғайсың
Айтшы маған жөніңді,
Неғылып жүрген ноғайсың?» (Қалмақ батыры Домбауылдың сөзі).
Семантикалық картамен жұмыс.
«Бейнелік, теңемелік, оқиғалық қайталау»
І топқа
Кейіпкер сөзі Тарғын Ақжүніс Қартқожақ
«Ай, Қартқожақ, Қартқожақ,
Атыңның басын тарт, Қожақ!» +
«Мен, мендүрмін, мендүрмін,
Мен де өзіңдей кендүрмін...» +
«Ақжүністей жолдасым,
Қыз да болсаң мұңдасым...» +

ІІ топ «Аталы сөзге тоқтаған»
Кейіпкер сөзі Тарғын Домбауыл Қартқожақ
Әуелігі кезек менікі,
Соңғы кезек сенікі,
Қалаған жерден атамын,
Айнымайтұғын ер болсаң,
Кезегімді бер енді. +

-Асу да асу бел дейді,
Аса бір соққан жел дейді.
Қарсы алдыңнан қарасам,
Жасың кіші жас ұлсың,
Кезегімді бер!»-дейді. +
«Мұның аяғаны рас екен, менің өзімді байлап атса, таудай өзіме, таудай атыма тигізбей ме мен мұның қадірін білейін»-деп ойлады да, қызды тастап жүре берді. +

«Тіл өнері». Мәтіннен үзінді беріліп, ішінен бір сөз алынып тасталады. Сол сөзді тауып тіркес мәнін түсіндіру, кімнің сөзі екенін табу.

І топ ІІ топ
Аспандағы жұлдызым,
Маңдайдағы ............................
Ажары сұлу көркем-ді,
Қыз да болса серкем – ді
(құндызым, Қартқожақтың сөзі) Бұқар барсаң, қолаң бар,
Қолаңды көр де .............көр.
(шашым, Ақжүністің сөзі)
Енді жүрсем қашты дер,
Аруағым менің ...........дер
Менен қорқып састы дер.
(басты, Тарғынның сөзі) Шағанның бойын шаңдатып,
Кешегі кеткен ит ноғай,
......................тірі тастап кеткені,
Есімнен қалмас бүйткені.
(жұртына, Тарғынның сөзі)

Сөздікпен жұмыс. Мәтіндегі түсініксіз сөздерді тауып, мағынасын түсіндірме сөздіктен анықтаңыз.
Қысқа бақай, тар мықын,
Кебеже қарын, кең құрсақ,
Құлжа мойын төгерек,
Ұмтыла шапқан Тарланым.....
(Жұмыр) Арқадан соққан борандай,
Жел түбіне желген ер,
Атасы нәкес кәуірдің
Мәстегін айдап келген ер!
(Жаман ниетті)
Білмесеңіз Тарғынның,
Білдірейін зайырын.
(Зиялы екендігін) Қапыда өткен дүние-ай,
Басымнан дәулеттің құсы ұшты ма№
Фәләктің қайғысы мұндай қысты ма?
(әлем, дүние)

Әдеби теориялық ұғымдармен жұмыс. Көркемдік құралдарды табу.
І топ ІІ топ
Қарсы алдына қараса,
Омырауы даладай,
Әлпетіне қараса,
Тамнан соққан моладай, (теңеу)
Кімнің портреті
(Қартқожақтың) Бет ажарын қарасаң,
Жазғы түскен сағымдай,
Ет ажарын байқасаң,Терісінен айырған,
Арпа, бидай, ақ ұндай. (теңеу)
Кімнің портреті
(Ақжүністің)
Асыл туған Ақжүніс,
Күүнді бұлт қоршайды,
Күнді байқап қарасам,
Күн жауарға ұқсайды!
(паралеллизм)
Дыбыстық қайталаулар бар ма? (аллитерация Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де етім көр,
Қар үстіне қан тамар,
Қанды көр де бетім көр.
(антитеза - шендесстіру)
Дыбыстық қайталаулар бар ма? (аллитерация)
Жалбыраған жалынан
(гипербола)
Жалғыз қарыс қалыпты
(литота)
Бір құшақтай құйрықтан
(гипербола)
Бір уыстай қалыпты
(литота) Иірімі жоқ суларға,
Иірілген шабақ не табар,
Қайырымы жоқ сұлтанға,
Ерген нөкер не табар?
(риторикалық сұрау)

Мағынаны тану. Дәптермен жұмыс. Ауызша журнал арқылы жан-жақты мағлұмат.
І топқа:
Қоңыраулы найза қолға алдың, Асу да асу бел дейді,
Қоңыр салқын төске алдың... Аса бір соққан жел дейді.

От орнындай тұяқтан, Қорамсаққа қол салды,
Оймақтайы қалыпты. Бір салғанда мол салды.
Етектейін еріннен, Алтынды ердің қасы деп,
Екі елісі қалыпты. Қақ жүректің тұсы деп,
Өлер жерің осы деп...

ІІ топқа:

Ақ берен Аш бел Балдағы алтын ақ болат,
Ақ сұңқар Алты айшылық балдағы алтын ақ берен
Ақ сүңгі Ат басындай Аруақты туған ер – еді
Қара лашын Көп жылқы Қолаң шашты, қой көзді
Қара арғымақ
Көк сүңгі
Сарала ту
Сұрақтар:
1. Мұндай қайталауларды басқа да қандай ауыз әдебиеті үлгілерінен кездестіруге болады? Мысал келтір.
2. Дәстүрлі ұйқастарды қаһармандық эпостардан басқа ақын – жыраулар поэзиясынан кездестіруге бола ма? Мысал келтір.
Проблемалық сұрақ. Ханзада хан уәдесінде тұрмай Тарғынға неліктен қызын берді?
Проблемалық міндеттерді ажырату Берілген тапсырманы тұжырымды орындау Тапсыраны саналы ұғыну Шешімді іздеу Нәтиженің дұрыстығын тексеру.
Жаудан құтқарып қалсын деген мақсатпен қызын берді. Уәде бермегенде жағдай басқаша өрбитін бе еді? Хан Тарғынға «Жеті атаңнан бергіңді сұрап келіп отырсам, қожа мен төреге ешбір шатасқан жерің жоқ екен, соның үшін саған қызымды беруге аталарымның аруағынан қорқамын» деді Қызын Тарғынға тегіннен тегін бере салу Ханзада ханға оңай ма? Ол мұндай шешімге жалғыз өзі келе алмас еді. Өзіне алса берер де еді. Мұндай жауапты ханның аузына салып беріп отырған кімдер?
Қоғамның рөлі қандай? Сыпыра жыраудың көмегімен мәмілеге келді. Батыр райынан қайтып, қара ноғайдың хан, халқымен аттуласты. Олардың сыйын алып, өзі Үш Тарғын деген жерде әрі хан, әрі батыр болды. Ардаби деген ұл сүйді. Ардабиден Әжігерей, Айтқожа деген екі бала туды. Айтқожа жұрт иесі болып, хан болып таққа мініп, бес қаланы билеп, мұратына жеткен екен.

Қорытындылау. Жинақтау, жүйелеу.
Оқушылардың алдына нақты міндет қою.
Блум жүйесі бойынша талдау.
Тапсырма Түсінік, саралау, мысалдар
Білім Жаңадан қандай білім алдың? Естіген нәрсеңді өзгертпей ең маңыздысын қайталап айт.
Түсінік, ұғу Берілген білімді түсіндің бе? Несімен дәлелдейсің? Бір идеяны өз сөзіңмен немес басқаша жолмен қайтадан жаңартып айт.
Қолдану Алған біліміңді неге қолданар едің? Бір идеяның басқа бір мәселеге сәйкес келуін тани біл.
Анализ Қабылдаған біліміңді саралай біл, маңызын дәлелде. Күрделі идеяның себебін және ықпалын, басқа құрамдас бөліктерін табу.
Синтез Алған біліміңді жинақта (ойтолғау) Бірнеше идеялардан бір бүтін идея жасау.
Баға Өзіндік баға бер Белгілі бір идеяның парапарлығын байқап бағалау
Коррекция Нені ұға алмадың, жете түсінбедің, соны сарала ?

Оқушы білімін бағалау. Топ жұмысын тексеріп қорытындылау.
Үйге тапсырма: жыр мәтінінен басқа да көркемдегіш құралдарды табу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.