Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Ерен еңбекті қарт ұстаз» -

«Ерен еңбекті қарт ұстаз»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1504 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. «Ерен еңбекті қарт ұстаз».
Оспанов Төленді, 1936 жылы 15 қаңтар күні қарапайым колхозшы Абдуллаев Оспанның жанұясында туылды. Мектеп жасына дейін отбасы тәрбиесінде өсті. 1944 жылы Екінші дүние жүзілік соғыс жүріп жатқанда, ауылдағы «Жаңаталап» 7 жылдық мектебінің 1-сыныбының табалдырығын аттады. Алғашқы ұстазы Сара Жанысбаева деген, ауылдың қызы болды. Ол апайы 1-2 сыныптарды оқытып, алғашқы сауатын ашты.
1951 жылы 7-сыныпты грамотамен бітіріп, аудан орталығындағы жалғыз мектеп «Ленин» атындағы мектептің 8-сыныбына қабылданды. Бұл мектепте 3 жыл оқып, 1954 жылы «Күміс» медальмен бітірді.
Сол жылы Ташкент қаласындағы Низами атындағы Мемлекеттік педагогикалық инстиутының физика-математика факультетінің математика бөліміне, емтихансыз түстім. Бес жыл Ташкенттің нанын жеп, 1959 жылы «Орта мектептің математигі» деген мамандығын, жақсы бағалармен алып шықты.
Еңбек жолын ұстаздықты, Өзбекстан білім (оқу) минитрінің жолдамасымен Бухара облысы, Кенимах ауданының орталығындағы №1 Киров атындағы қазақ орта мектебінде математик болып бастады.Бұл ауданда екі жыл ұстаздық етіп, біраз тәжірибе жинады. Ерінбей өнегелі еңбек етуінің, арқасында мектеп комсомол ұйымының хатшысы болды. Мектеп коммунистері КПСС-ке мүшелікке кандидат етіп қабылданды.
1961 жылы жазғы демалысқа шыққан соң, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі босатпаймын дегенде, әртүрлі себептер айтып, туған ауылға келді.
Ол кезде Жаңабазар ауылында орын болмай 2 жыл Чкалов атындағы 8 жылдық мектебінде қызмет етті. М. Горький атындағы (қазіргі Елшібек батыр) мектепке 1963 жылы 15 тамызда ауысты. 1964 жылы мектеп коммунистері партия ұйымының бюросының хатшысы етіп сайланды. 1967 жылы мектеп әкімшілігі, сол кезде орта мектептерде жаңа ашылған (берілген) «Мектептегі тәрбие ісін ұйымдастырушысы-организатор» деген штатына тағайындалды. Сол уақытта экономикасы нашар колхоздарды біріктіріп, «Коммунизм» совхозы ұйымдастырылып, механизатор, әсіресе комбайнер кадрлары жетіспейтін. Өзі бас болып партия ұйымында мәселе етіп қарап, мұғалімдерді комбайнер дайындайтын курсты оқытты. 10-15 мұғалім сол жылы дала кемесінің штурвалына отырып, совхоздың астық жинау науқанына қатысып, үлгілі еңбек етті. Осы игі істің ұйытқысы болды дедіме, аудандық партия комитетінің бюросы 1968 жылы «Энгельс» (қазіргі С. Рахимов) кейінен «Жылыбұлақ» мектебіне директор етіп тағайындады.
Арада біраз жыл өткен соң М. Горький мектебіне қатардағы математика пәнінің мұғалімі болып ауысты. Мектепке келген соң жеркомның (местком-кәсіподақ) төрағасы, әлеуметтік қамқоршылық инспекторы болып, қоғамдық негізінде қызмет етті.
1983 жылы аудандық партия комитетінің ұйғарымымен М. Әуезов атындағы 9 жылдық мектебінің оқу ісінің меңгерушісі. 1985 жылы осы мектепке директор болып тағайындалды. 1992 жылы денсаулығына байланысты босап, М. Горьеий мектебіне қатардағы мұғалім болып ауысты.
2000 жылы 48 жылдық еңбек өтілі мен зейнеткерлікке өз тәжірибесі жайлы жасаған баяндамаларын жоғары бағалап, Қазақ ССР Оқу министрлігнің «Құрмет» грамотасымен, Қазақ ССР Оқу ісінің озық қызметкері төс белгісімен марапатталды.
1979 жылдан бастап, 1989-1999 жылдарда халық санағының Жаңабазар бөлімшесінің меңгерушісі болып абыройлы еңбек етіп, аудандық атқару комитетімен соңғы әкімдіктің грамоталарын алды.
1961 жылдан бері аудандық «Коммунизм жолы», «Қызыл ту», «Ильич жолы», «Путь Ильича», «Ленин өсиеті», «Қазығұрт тынысы» газеттерінің штаттан тыс тілшісі, ауыл авторы. Туған ауылының табиғаты, жан-жануарлары мен өсімдіктер дүниесі, мәдениеті мен өнері, шаруашылығы, білімі ошақтарының жұмыстары, ондағы адамдары, жергілікті билік өкілдерінің жұмысы жайлы қалам тартып жүреді.
Төлен ата 1959 жылы 23 жасында жұбайы Пәтимамен бас қосты. Отбасында 4 ұл, 5 қыз дүниеге әкеліп, тәрбиелеп, білім беріп, барлығын үйлі-боранды етті. Қазіргі таңда 30 немере, 2 шөбере сүйіп отыр. Жұбайы Пәтима «Күміс» және «Алтын» алқа иегері болса, Төлен ата «Қлы Отан соғысының тыл еңбеккері» және «Еңбек ардагері» орденінің ковалері.
Төлен Оспанұлын «Ұстаздардың ұстазы» деп мақтан тұтамыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.