Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ермексаздан ыдыс жасау -

Ермексаздан ыдыс жасау

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3848 | Размер: | Автор: гость
. Мауленова А.,
Т.Рысқұлов атындағы мектеп- гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
ОҚО, Шымкент қаласы
Сабақтың тақырыбы: Ермексаздан ыдыс жасау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ыдыс металдан, қыштан, шыныдан пластмассадан, ағаштан жасалған түрлері туралы түсінік бере отырып, ермексаздан мүсіндеп жасауға үйрету.
Атадан балаға мұра болып келе жатқан қолөнердің бірі – мүсіндеу өнерін үйрету. Мүсіндеу өнерінің өмірге келуі туралы түсіндіру. Ермексаз туралы түсіндіру. Оқушыларға еңбекке қауіпті техника ережелерді, тазалық -
гигиеналық ережелерді, материалдарды үнемдеуді үйрету.

Дамытушылық: Оқушыларды мүсін өнері туралы, ермексаз туралы, ыдыс
туралы білімдерін шығармашылықпен дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды мүсін өнеріне деген қызығушылығын артыру,
ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, ұқыптылыққа,тазалыққа,
адамгершілікке тәрбиелеу.

Қажетті жабдықтар: Әр түрлі қалақшалар, тұзақшалар, қол тоқпақ, үлкен ағаш, балға, қашақ, шапқы темір, қатты қылшықты қылқаламдар, ыдыстар туралы буклеттер, ыдыстар суреті, ыдыстардың ермексаздан нақнұсқасы, сөз жұмбақ, Қазақстанның кәсіби мүсінші Хакімжан Наурызбаев суреті, ермексаз, тақтайша, қол сүртетін орамал,
дидактикалық материалдар т.б.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, ана тілі, математика т.б.

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру
2. Ұйғыр халқының ұлттық киімдері туралы сұрау
3. Әр ұлттың өзіне тән тілі, өнері, дәстүрі болады.
4. Тақияның тігу жолдарын сұрау.
- Кәне, кім айтады?
- Ұйғыр халқының ұлттық киімдерін атап берші?
- Ұйғыр халқының ұлттық киімдері: шапан, етік, тақия.
- Тақия барқыт матадан тігілген.
- Тақия жаздық, жеңіл бас киім.
- Тақия екі бөліктен, төрт, алты, 8 сай тақиялар бар.
Төбесі және маңдайшасы бірігіп тігіледі.
Гүлдермен безендіріліп тігіледі.
ІІІ Жаңа сабақ
Қызығушылығын ояту
Кәне, балалар, бүгінгі сабағымызды «Сөзжұмбақ» шешсек, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы шығады.

9
Е
1
Р
М
3
Е
К
С
А
7

8
3

2

4

5

6
1. Шәй демдейтін ыдыс не?
2. Қымыз құятын ыдыс не?
3. Қолға су құятын зат не?
4. Ет тамақты салатын ыдыс не?
5. Шәй құйып ішетін ыдыс не?
6. Ертеде ата-бабаларымыз, тамақ салып жейтін ыдыс не?
7. Піскен тамақты құятын ыдыс не?
8. Тамақты пісіретін ыдыс не?
9. Түрлі бұйымдарды илеу арқылы жасайтын зат не?

- Кәне,балалар, кім айтады?
- Ермексаз дегеніміз не?
- Ермексаз дегеніміз - илеуге,созуға ыңғайлы зат.

Ермексаздың жақсы қасиеті ырыққа көнгіш, тез иілгіш, мүсін формасын қалай өзгертем десең де, өз еркіңе көнеді.
Бүгін, балалар ермексаздан ыдыстар жасаймыз. Ыдыстар металдан, қыш ыдыс, шыны ыдыс, ағаш ыдыс, пластмасса ыдыстар бар. Енді, ыдыстарды ермексаздан мүсіндеу арқылы жасап үйренеміз. Кәне, балалар, кім айтады? Мүсін дегеніміз не?
Мүсін дегеніміз - кеңістікте жан-жақты бейнеленген, сомдалған көркем шығарманы мүсін деп аталады. Мүсін 2 топқа бөлінеді?
1. Бедер көлемді бейненің жазықтық бетінде, сәл шығыңқы етіп жасалатын түрі.
2. Дөңгелек мүсін бейнеленген затты, көлемді жасауы.
Ірі көлемдегі, ауқымды ескерткіштерді момументті мүсін ескерткіштер деп аталады.
Адамның кеудеден жоғарғы тұлғасын сомдалған мүсін - бюст деп аталады.

Кәне, балалар, Қазақстанның кәсіби мүсіншілерін кім айтып береді?
- Қазақстанның кәсіби мүсіншілері: Хакімжан Наурызбаев, Т.Досмахамбетов, Б.Әбішев, Е.Сергебаев,Е.Мергенов, Б.Әбішев, Е.Сергебаев, Е.Мергенов, Б.Төлеков.

Кәне, балалар, ермексаздан кесе, шәйнек ыдыстардың бейнесін, мүсіндеп жасап үйренеміз.

Балалар, ермексаздың жартысын бөліп алып, екі алақанға салып, домалақ, шар тәріздес етіп жасаймыз.

Бас бармақпен, сұқ саусақтардың қимылдарымен шұңғылдаймыз. Шұңғылды кеңейте түсеміз.

- Міне, кесе шығады. Ермексазды екі алақанға салып, ширатып өрнектер жасаймыз.
Мұны ширатылған кесінділер дейді. Кесенің түбін жасаймыз.

Оқулықпен жұмыс:

Қазақтың ұлттық бұйымдарына тоқталамын.
Біздің ата – бабаларымыз ертеде білімі болмаса да, ағаштан жасалатын
ыдыстардың адам ағзасына зияны жоқ екенін, тамақ ұзақ уақыт сақталатынын, дәмі бұзылмайтынын білген. Адам ыдыстарды, қайың ағашты кептіріп, жасаған.
Теріден ыдыс жасаған.
Ғалымдардың дәлелдеуі бойынша ағаштан жасалған ыдыстар төзімді, жеңіл, ыңғайлы тамақтардың дәмі бұзылмайды екенін дәлелдеген.
Заман ағымына сай, адамдардың ойы, қиялының дамығанының арқасында түрлі ыдыстар шықты. Мысалы, пластмасса ыдыстар, шыны ыдыстар, фарфор ыдыстардың түрлері шықты.
Әсіресе, Қытай елдерінің сапасы төмен ыдыстары көбейіп кетті. Экологиялық жағын айту.

IV. «Ғажайып қоржын» ойыны
Сұрақ-жауап
1. Еңбек туралы мақал-мәтелдер білесің бе?
2. Оқу білім туралы мақал-мәтелдер білесің бе?
3. Тазалық-гигенасын қалай орындайсың?
4. Қауіпсіздік техникасы ережелерін қалай орындайсың?
5. Еңбек құралдарына байланысты жұмбақ айт?
6. Ыдыс-аяқ не үшін қажет?
7. Ыдыс аяқтар неден жасалған?

V Сергіту сәті

Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмай жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине колға ілікті.

Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Он саусағым өнерлі,
Қала салсақ, жол салсақ.

VI Сабақты қорытындылау
Оқушылардың жұмыстарын салыстырып, бағалау

VII Үйге тапсырма:
Ыдыстар жасап келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.