Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ертегілер елінде -

Ертегілер елінде

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2856 | Размер: | Автор: гость
. «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №2 балабақшасы» МКҚК
Тәрбиеші: Әшірәлиева Айгүл Сұлтанқызы

Тобы: ортаңғы топ
Білім беру саласы: Таным, шығармашылық, қатынас.
Бөлімдері: Қарапайым математика, көркем әдебиет, тіл дамыту.
Тақырыбы: «Ертегілер елінде»
Мақсаты: Балаларға сұраққа толық сөйлем құрап, жауап беруге үйрету, ой-өрісін дамыту, түрі мен түстерін айыра білуге үйрету. Құрал-жабдықтарды құрастыра отырып, саусақ моторикасын жетілдіру. Баланың ойлау қабілетін дамыту үшін түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, өз күшіне сенімділігін арттыру. Бір-біріне деген достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: дидактикалық ойындар, суреттер, тасбақа, дидактикалық үстел, панно, дидактикалық қолтырауын.
Билингвалды компонент: гүл-цветы, жаңбыр-дождь, саңырауқұлақ-грибы.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:

Балалар ертегілер еліне саяхатқа шығады.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы біз ертегілер еліне келдік. Мұнда не болған? Ертегілер елінде бір жағдай болған сияқты.
Балалар: Барлық жер шашылып жатыр.
Тәрбиеші: Бұл елде жаңбыр, жел, дауыл болып барлығы шашылып қалыпты. Мұнда қарайықшы мына жерде көңілсіз гүл өсіп тұр екен.
Тәрбиеші мен балалар жақындап гүлдің қасына барады.
Тәрбиеші: Балалар гүлге көңіл аударайықшы. Ол жылап, көңілі бұзылып тұр.
Балалар: Гүл өте көңілсіз, көзінен жасы ағып тұр.
Тәрбиеші: Гүлге қандай көмек берсек екен?! Мүмкүн әдемі гүлдерге арналған тақпақтар айтып берерміз. Кәне, кім гүл туралы тақпақ біледі?
Балалар тақпақтарын айтады.
1-бала: Күн шығады күлімдеп
Тарап одан жылылық.
Гүл өседі үлбіреп,
Сонда бар ғой сұлулық.

2-бала: Гүлдер, гүлдер, гу-гулеп,
Нұрға бөлеп өңірді.
Ой мен қырда би билеп,
Көтеріңдер көңілді.

3-бала: Гүлдер толып кетіпті,
Қырқаларға, қырларға.
Қарай бергім келеді,
Гүлдер толған қырларға.

Тәрбиеші: Балалар, жақындап тыңдайықшы, мына гүл бірдеңе айтқысы келіп тұр.
Балалар: Апай ол бізге: «Басым ауырып тұр »,-дейді.
Балалар: «Маған көмек керек»-деп тұр.
Балалар: «Мен шаршап тұрмын»-дейді.
Балалар бір-бірден тыңдап өз пікірлерін айтады.
Тәрбиеші: Балалар, гүлдің күлтешелерін жел ұшырып алып кетіпті. Гүл бізден көмек сұрап тұр. Біз көмек береміз бе?
Балалар: Иә, көмек береміз.
Тәрбиеші: Жақсы саяхатымызды жалғастырайық. Гүлдің күлтешелерін Ертегілер елінен іздейік.
Тәрбиеші мен балалар әрі қарай саяхаттарын жалғастырады.

Тәрбиеші: Балалар, мына жерге көңіл аударайық. Мұнда қыз бен бала тұр екен. Бұл жерде не болған?
Балалар: Құмырадағы гүлдер шашылып қалыпты. Пішіндері түсіп, бұлттарының баулары шешілген. Күннің түсі өзгеріп кетіпті.
Тәрбиеші: Гүлдердің түсі қандай?
Балалар: Қызыл, жасыл, сары, көк.
Тәрбиеші: Мына жерде қандай пішіндер бар?
Балалар: Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.
Тәрбиеші: Бұлттарының баулары шешіліп қалыпты, түсі қандай?
Балалар: Сары, жасыл, ақ.
Тәрбиеші: Жақсы балалар. Сендер бәрін біледі екенсіңдер. Енді барлығының өз орындарын тауып, орналастырайық.
Сол кезде бір бала күлтешені табады.
Балалар: Апай, мына жерде құмыраның ішінде бір күлтеше бар екен.
Тәрбиеші: Жарайды, бір күлтешені таптық. Енді әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.
Тәрбиеші: Балалар,мұнда ертегілер елінің кейіпкерлері бар екен. Кәне, оларды атайықшы.
Балалар: Бақа, тасбақа, қолтырауын.
Тәрбиеші: Бақа бізге қарап көмек сұрап тұр. Етегіндегі түрлі- түсті әшекейлері түсіп қалыпты. Өзі қадайын десе түстерін білмей тұр.
Бір бала бақаның етегіндегі әшекейлерін қадайды.

Тәрбиеші: Балалар, қалғандарымыз шеңбер құрып отырамыз.
Тәрбиеші: Балалар, мұнда әр түрлі гүлдер бар екен, түстерін айтып түймеге қадайықшы, саңырауқұлақ та бар екен.
Балалар түсі мен пішінін айтады.
Тәрбиеші: Мұнда қандай түс? Мұнда қандай пішін? Мына бұлттың түсі қандай? Құрттың неше бөлігі бар? Гүлдердің түстері қандай?
Балалар тасбақаның үстінен бір күлтеше тауып алады. Әрі қарай саяхаттарын жалғастырады.
Тәрбиеші құлап жатқан түймедақты тауып алады.
Түймедақ: Мен-Түймедақпын. Мені жел құлатып кетті. Маған көмек керек. Бау-бақшаларымның іші шашылып қалыпты. Міне, енді жеміс-жидектер мен көкөністерді айыра алмай отырмын.
Балалар Түймедақтың бау-бақшасына көмектеседі.
Тәрбиеші: Балалар, ал енді саяхатымызды жалғастырамыз.
Балалар саяхатты жалғастырады.

Тәрбиеші: Балалар, қоңырау гүлдің бақшасы да, гүлдері де шашылып қалыпты. Қоңырау гүл де көңілсіз отыр. Көйлегіндегі гүлдерді біз түстерін тауып қадап берейік.
Балалар жердегі гүлдерді жинайды.

Тәрбиеші:Балалар, қараңдаршы, Қоңырау гүл сендерге рақмет айтып жатыр. Бір күлтешені сендерге сыйлап тұр.
Балалар тағы бір күлтешені алады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар саусақтарың шаршап қалған шығар қолдарымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Балалар қызғалдақ гүлдің қасына келеді. Шеңбер құрып қызғалдақты айналып тұрады.

Тәрбиеші: Балалар, қызғалдақ-көктем гүлі. Ол осы уақытқа дейін неге ашылмай тұр екен?
Балалар: Бұл гүл де ренжіп тұрған шығар?!
Тәрбиеші: Жоқ балалар, бұл гүл сендерден жылы лебіз күтіп тұр. Кәне, біз жылы лебіздер білеміз бе? Сол лебіздерімізді осы гүлімізге айтайықшы.
Балалар: - Аспаннан нұр жаусын!
-Денсаулығымыз зор болсын!
-Балабақшамыз көркейе берсін?
Тәрбиеші: Балалар қызғалдақ гүліміз сонда да ашылмай тұр, мүмкін жалғыз өзі болғасын ашылмай тұрған шығар?! Қазір біз гүлдерді түстері бойынша құрастырып берейік. Сонда мүмкін біздің гүліміз ашылар.
Қызғалдақ гүл ашылмайды. Балалар барлығы гүлдің қасына келіп, оған үрлейді. Қызғалдақ гүл ашылады. Қызғалдақ өз рақметін айтып, балалармен ойын жүргізеді.
Ойын: «Гүліңді тап»
Ойынның шарты: Әр бала өз көбелектерін алып, түсіне сәйкес гүлдерге қондырады.
Ойын соңында Қызғалдақ гүлі балаларға сыйлық ретінде бір күлтешені береді. Балалар қоштасып кетеді.
Тәрбиеші: Балалар, менің қолымда бес күлтеше бар, біз оларды көмек беру арқылы таптық, ал енді оларды жылап тұрған гүлге апарып берейік.
Гүл қуанып, күліп тұрады. Рақметін айтып, балаларға сыйлығын береді.
Тәрбиеші: Сонымен балалар, қайда бардық?
Балалар: Ертегілер еліне саяхатқа бардық.
Тәрбиеші: Ертегілер елінен біз кімді көрдік?
Балалар: Тасбақа, қолтырауын, бақа, түймедақ, гүл, қоңырау, қызғалдақ гүлдерін.
Тәрбиеші: Жақсы балалар.Сендер бүгін Ертегілер елінің тұрғындарына көп көмек көрсеттіңдер, рақмет сендерге. Енді біз тобымызға қайта оралайық.

Күтілетін нәтиже:
Орындайды: өздеріне берілген тапсырманы мұқият орындауға тырысады.
Түсінеді: гүлдерді бостан- босқа жұлуға болмайтындығын, табиғатқа қамқорлықпен қарау керектігін.
Қолданады: табиғаттың бізге берер пайдасын, өз ойларын дұрыс жеткізе алу керектігін.

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №2 балабақшасы» МКҚК
Тәрбиеші: Әшірәлиева Айгүл Сұлтанқызы
Тобы: ортаңғы топ

Білім беру саласы: Таным, шығармашылық, қатынас.
Бөлімдері: Қарапайым математика, музыка, тіл дамыту, құрастыру.
Тақырыбы: «Қызықты математика»
Мақсаты:
Білімділік: Геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту. Апта күндерін атауды білу, білімге деген құштарлығын арттыру.
Дамытушылық: 5 көлемінде сандық есептеу дағдысын дамыту, сандарды тура және кері санауға, сандар көршісін атауды, кеңістікті бағдарлау оң, сол, алда, арт жақта ұғымдарын дамыту. Санамақ айту арқылы сөздік қорларын молайту, ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды тапқырлыққа тәрбиелеу.Табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас арқылы татулыққа, бірлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: шаттық шеңбері, сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, дамытушы ойындар, санамақ, сергіту жаттығулары, көркем сөз айту.
Заттық дамыту ортасы: геометриялық пішіндер, суреттер, доп, Сайқымазақ, күшік, сандар.
Билингвалды сыңары: көктем-весна, сандар-цифры.
Алдын ала жасалған жұмыс: санамақтар жаттау.

Оқу іс-әрекетінің
кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру,
бағдар беру
Балалар, бүгін біздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізге қонақтар келіпті. Қонақтармен амандасып, шаттық шеңберімізді жасайық.
Кәне,кәне тұрайық
Үлкен шенбер құрайық.
Шаттық шеңбері:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті
Төріме міне еніпті.
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой.
Ал,кәнеки бәріміз
Сәлем дейік үлкенге.
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Балалардың үлкендермен амандасуы.

Балалар шеңберге тұрады.

Шаттық шеңберін қимыл жасап көрсетеді.

Ұйымдаса іздену


Балалар, бүгін біз қарапайым математика оқу іс-әрекетінде бір жыл бойы алған білімдерімізді қайталап, еске түсіреміз.
Сұрақ-жауап
-Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?
-Ал қазір жылдың қай мезгілі?
-Ал, көктем мезгілін орыс тілінде қалай атаймыз?
-Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Қазір көктем мезгілінің қай айы?
-Көктем мезгілі туралы тақпақты кім айтып береді?

-Балалар, бір аптада неше күн бар?
Кәнеки, балалар,жалпылама апта күндерін атап өтейікші.
Маған апта туралы санамақты кім айтып береді?

-Балалар, біздің жан-жағымызды не қоршап тұр?
-Табиғат нешеге бөлінеді?
-Өлі табиғатқа нелер жатады?
-Тірі табиғатқа нелер жатады?
-Жоғары қарасақ нені көреміз?
-Ал, төмен қарасақ нені көреміз?
-Олай болса балалар,сергіту сәтін орындап жіберейік.
Сергіту сәті:

-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, мұқият тыңдаңдар.
Жұмбақ: Туысқан бес кісі
Бірінен-бірі кіші.
Бәрінің аты бір
Ең кішісі шеткісі. Ол не?
-Ал, енді саусақ жаттығуын орындап жіберейік.
Саусақ жаттығуы:

-Ал, енді балалар, біз сендермен санап көрелік.
-Ал, енді кері санайық.
-Балалар, енді орыс тілінде санап көрелік.
-Ал, енді кері санайық.
Тақтамен жұмыс:
-Талда неше алма бар?
-Екі алма пісіп жерге түсті, неше алма талда қалды.
-Сендер санды біледі екенсіңдер. Мен сендерге жұмбақ есеп жасырайын.
Жұмбақ есеп:
Далада тұр екі ешкі
Қорада тұр екі ешкі
Болады барлығынеше ешкі?
Тосын сәт:
Музыка әуенімен Сайқымазақ кіреді.
Сайқымазақ балалармен амандасып, балалардың білімдерін тексереді.
-Балалар, қазір сендермен ойын ойнаймыз.
Дид.ойын: «Қандай сан қалып қойды?»
Ойын шарты: балалар көзін жұмады, сол кезде тәрбиеші бір санды алып қояды. Балалар көзін ашып, қай сан жоқ екенін табуы керек.
-Келесі ойынымыз доппен.
Ойын: «Келесі санды тап»
Ойын шарты: допты балаларға лақтырып, кез келген санды атайды. Бала аталған санның соңын айтуы керек.
Суретпен жұмыс:
-Балалар, мына суретте күн қайда орналасқан?
-Гүл қайда өсіп тұр?
-Күшік қайда отыр?
-Ал, енді алдымыздағы қиылған пішіндерден не құрастыруға болады екен, соны көрейік.

Сайқымазақ: Балалар, мен шаршадым, сендермен сергіту сәтін жасап алайын.
Сергітусәті:

Сайқымазақ балаларды мадақтап, қоштасып кетеді.
Қимылды ойын: «Теңіз толқиды»

Ән: «Ағайынды бәріміз»

4 мезгіл бар.
Көктем мезгілі.
Весна
3 ай, наурыз, сәуір, мамыр.
Сәуір айы.
Айлана: Көктем, көктем деп,
Күндер келіп жеткенде.
Ұршығын алып иіріп,
Әжем отыр шуақта.
Бір аптада жеті күн бар.
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Апта деген ағайдың,
Жеті бірдей ұлы бар.
Біріншісі-дүйсенбі
Дүйсенбіде доп ойнадық қорада.
Екіншісі-сейсенбі
Серуен құрдық далада.
Үшіншісі-сәрсенбі
Сурет салдық сәнді етіп.
Төртіншісі-бейсенбі
Би биледік әндетіп.
Бесіншісі-жұма
Жұма күні жидек тердік қыратта.
Алтыншысы- сенбі
Сенбі күні кино көрдік клубта.
Жетіншісі-жексенбі
Жексенбіде үйде болдық демалдық.
Осылайша өте шықты бір апта.
Табиғат.
Екіге, тірі және өлі табиғат.
Жер, су, ай, жұлдыз, күн, ауа.
Өсімдік, жануар, адамдар.
Аспанды.
Жерді.

Армысыз Аспан Ата
Армысыз Жер Ана
Бәріміз тату болайық,
Орнымызға барайық.
Аяқты нық басайық,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.

Бес саусақ.

Бас бармақ-әкем,
Балан үйрек-шешем,
Ортан терек-ағам,
Шылдыр шүмек-әпкем
Кішкентай бөбек-мен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
0,1,2,3,4,5
5,4,3,2,1,0.
0,1,2,3,4,5
5,4,3,2,1,0.

5 алма.
3 алма.

4 ешкі.

Сайқымазақтың тапсырмаларын орындайды.

Балалар ойынға қызыға қатысады.

Аспанда, жоғарыда.
Төменде.
Оң жақ төменде.
Қиылған пішіндерден аюдың, қоянның, көп қабатты үйдің суретін құрастырып шығады.

Аяқпенен топ-топ
Алақанмен лоп-лоп,
Бір оңға, бір солға
Айналайық кел мұнда.
Қолымызды бір сілтеп,
Басымызды шайқайық.
Бір оңға, бір солға
Ойнайықта кел мұнда.
Секіреміз жоғары,
Қиын емес секіру.
Сайқымазақпен қоштасады.
Ойынға белсенділік танытып қатысады.
Әнді орындайды.

Тұжырымды
нәтиже


-Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма?
-Бізге қонаққа кім келді?
-Біз нешеге дейін санадық?
-Бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне белсенді қатысып, сұрақтарға жауап берген балаларды мақтап, мадақтау.


Ұнады.

Сайқымазақ.
5-ке дейін санадық.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.