Меню
Назад » » »
Ертегілер еліне саяхат!!!
загрузка...

загрузка...
Сабақтың тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат!!!
Сабақтың мақсаты: Ертегілер туралы білімдерін күшейту.
Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізу.
Оқушының сөздік қорын дамыту, сөз өнеріне деген құрмет.
Оқушыларды еңбекке, татулыққа, достыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: сұраққа жауап беру, «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлердің рөлін сомдау.
Қажетті нәрселер: Ортада үстел үстінде ыдыстар, қатық, сыпырғыш, инеағаш, маскалар, ағаш, тауық маскасы, тышқан киімі, шелек, мысық киімі, сиыр киімі, мейіз, тары,қайшы.
Ұйымдастыру кезеңі: Ал оқушылар, бүгінгі күн ерекше күн, себебі, біздің сабағымызға оқушылар көптеген апайлар қонаққа келді. Қане, сол қонақтармен сәлемдесейікші:
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Оқушылар біздің бүгінгі сабағымыз өзгеше болады. «Ертегілер еліне саяхатқа» барамыз. Бүгін ертегіні оқып, түсініп, біліп қана қоймай ертегі кейіпкерлерінің рөлінде өзіміз ойнап көрсетеміз.
Сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме? Иә. Қандай ертегілерді білесіңдер. «Бауырсақ»«Шалқан», «Жеті лақ», «Ешкі мен түлкі», өте жақсы. Оқушылар мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақты шешкеннен кейін ғана қай ертегіге саяхат жасайтынымызды білеміз.
Жұмбақ:
Өзі жап - жас мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар.
Тастамайды жылы үйде,
Түкті тоны шұп - шұбар. Мысық
Оқушылар қандай ертегіде мысық басты кейіпкер болады? Оқушылар жауабы: «Мақта қыз бен мысық»


Бұл ертегі Ыбырай Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісі.
Иә, дұрыс таптыңдар жарайсыңдар. Залда «Ерте, ерте, ертеде» өлеңі орындалады.
Ішке ертекші ата келеді. Оқушылармен амандасып алып, әжей ертегіні айта бастайды.
Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі құйрығы келтеде,
Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті.
Мақта қыз үстел үстін реттейді. Ыдыстарды жиыстырған кезде мейіз тауып алады. Мақта қыз (Мысығын шақырады)
- Мияуым менің, қайдасың?
- Тарғылым менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін (мысық келмейді)
- Келмесең, келмей –ақ қой, өз обалың өзіңе,- деп (мейізді қыз жеп қояды) Осы кезде үй артынан «мяу» деген дыбыс шығады.
Мақта қыз ыңылдап ән салады, мысық шығады.
Мақта қыз – Светлана
Мысығым-ау, мысығым,
Тарғылы жақсы түсінің.
Таңертең де, кеште де,
Бетін жуған пысығым.
Піш - піш десем, келе ғой,
Айтқаныма көне ғой.
Шақырғанда піш-піш деп,
«Мяу! -деп дыбыс бере ғой.
Әже : Сол кезде мысық шығып Мақта қызға өлең айтып береді.
Мысық-Адема:
Менің атым мысық,
Екі көзім қысық.
Тышқан аулап отырамын
Сүт-көжемді ішіп –дейді
Мысық: Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?
Мақта қыз: Айтпаймын!
Мысық: Ендеше, мен сенің қатығыңды төгемін.
Мақта қыз: Ой,ой. Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын! (құйрығын кесіп алады)
Мысық: Берші, құйрығымды!
Мақта қыз: Бермеймін! Қатығымды қайтарып бер!
Әжей: Сөйтіп, мысық сиырға келеді.
Сиыр - Ділшат:
Менің атым сиыр,
Өрісім алыс қиыр.
Етім үшін, сүтім үшін,
Адамдар маған үйір - дейді.
Мысық: Мяу, сиыр, сиыр, сен маған қатық берші!
Сиыр: Сен маған жапырақ әкел, менің қарным ашып тұр.
Әжей: Сөйтіп, мысық ағашқа барады.
Ағаш - Даниал:
Мен жасыл ағашпын,
Күтсеңдер гүл ашам,
Жолыңа нұр шашам,
Жапырағым азық,
Бұтағым қазық.
Саяма сағаларсың,
Салқындап дем аларсың.
Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші!
Ағаш: Маған су әкеліп бер мен шөлдедім, мен саған жапырақ беремін.
Әжей: Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.
Қыздар: Алина,Ангелина
Су - тіршілік негізі,
Онсыз өмір сүрмейсің.
Тазалықтың негізі,
Су деп және білгейсің –деп әндетіп жүреді.
Мысық: Мяу, қыздар маған су беріңдерші.
Қыздар: Сен бізге дүкеннен сағыз әкеліп бер.
Әжей: Сөйтіп, мысық дүкеншіге келеді.
Мысық: Мяу, дүкенші, дүкенші маған сағыз берші.
Дүкенші - Ділшат : Маған жұмыртқа әкеліп бер, мен саған сағыз берем.
Әжей: Мысық әбден шаршады жұмыртқа іздеп тауыққа барады.
Тауық - Таңатар:
Мен ақ тауықпын,
Өзім қақсауықпын.
Күніне бір жұмыртқа табам,
Осыған жетеді шамам - деп әндетеді.
Мысық: Мяу, тауық, тауық маған жұмыртқа берші.
Тауық: Сен менің балапандарыма дән әкеліп бер, біз ашпыз.
Әжей: Мысық ойға батып, басын ұстап не істерін білмей отырып қалады. Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып, інді қаза бастайды.
Тышқан – Даниал
Мен тышқанмын,
Өзім дән екпеймін.
Егістен ұзап кетпеймін,
Айналам толы ән,
Қоймам толы дән,
Дәнді тастап кетпеймін - деп ән салып жүрген тышқанды мысық бас салып ұстап алады.

- Айт, үйіңде не бар? Жаныңның барында айт, тез, әйтпесе, қазір жеп қоямын.
Тышқан: Біз саған бір билеп береміз.
Мысық: Мақта қызбен қосылып « Саржайлау» биін билеп береді.
• АӘжей : Тышқан мысыққа рахмет айтып, бір қап тары береді, мысық дәнді тауыққа береді, мысық жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші мысыққа сағыз береді, сағызды
мысық қыздарға береді, қуанған қыздар мысыққа су береді, суды мысық ағашқа құяды, шөлі қанған ағаш мысыққа жапырақ береді. Жапырақты мысық сиырға береді,
сиыр оған қатық береді, қатықты мысық Мақта қызға берді.
Мысық: Мақта қыз, қатығың міне мен енді бұзық болмаймын, айтқаныңды тыңдаймын,- деп қатықты қызға берді.
Әжей: Сөйтіп Мақта қыз қатығын ,мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату-тәтті өмір сүрген екен. Достық туралы тақпақ, мақал айту. Сергіту сәті:
Мұрны пұшық
Көзі қысық
Өзі пысық
(1. бала тақтаға шығып маска киіп көрсетеді. Балалар қимылмен орындайды.)
Бұл не?
Бұл мысық. Ооқушылар ертегі сендерге ұнады ма? Оқушылар жауабы: Ұнады. Несімен ұнады.
Оқушылар жауабы: Мақта қыз бен мысық достасып ертегі соңы жақсы болды.Оқушылар менің ертегімді тыңдай отырып ертегі кейіпкерлерін оқасы жок сомдағандарың үшін көп-көп рахмет!
• ЕЕртегі кейіпкерлері дайындаған тапсырмаларды орындау:
• ММақтақыздың тапсырмасы

Анаграмма
Сырты қандай қатты , Іші толған шәрбат,
Дәні сондай тәтті. Дәмі қандай әйбат.
Шағып қара таңдап, Үзесің бірден жүзін,
Оның аты - Оның аты -

Кіп кішкентай болса да, Жағасында бұлақ Жағасында бұлақ
Ағаштын басын иеді. Жайылып жүр .....
Жемістерін айырып, Бата алмас түлкі,
Танисыңба ...... ? Үсті тікен ....

• VМысықтың тапсырмасы
1. Кез келген санды 0-ге көбейткенде не шығады?
2. Табиғаттың перзенті кім?
3. Қазақ тілінде сөз таптары нешеу?
4. 1 сағатта неше минут бар?
5. Тіктөртбұрыштың бір бұрышын кесіп алсаң, қанша бұрыш қалады?
6. Қыс айларын ата.
7. Елтаңбаның авторлары (Шота Аман Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков)
8. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ата. ( бастауыш пен баяндауыш )
9. Бөлу амалының атауларын ата. ( бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні )
• : Сиырдың тапсырмасы:
• Викториналық сұрақтар (сандардан тұратын жұмбақтар):
• 1.Қабат –қабат қаптама
• Ақылын болса аттама
• (кітап)
• 2.Жоқ өзінде бас та,қас та, мойында,
• Ұзындығы жазулы тұр бойында.
• (сызығыш )
• 3.Бес ін, бес іннің айызы бір ін
• (қолғап )
• 4.Аяғы біреу,қолы жоқ, шиыр шиыр жолы көп
• (қалам )
• 5.Елу тісті, екі қолды
• (екі кісілік ара )
• 6.Мектептен келе жатқан бес балаға,
• Қарсы жолда тағы төрт бала жолықты.
• Мектепке неше бала барды?
• (бес бала )
• 7. Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді (Жұлдыздар)

• 8. Балалар суға салған жіп
Тереңнен іліп алар жүк
• (Қармақ)

• 9. Шөміші жоқ теңізді сапырады
Кебісі жоқ егінді жапырады.
• (Дауыл)

• 10. Бұрап қойған сағаттай,
Айғайлайды таң атпай
• (Әтеш)

• МАғаштың тапсырмасы:
Мақалыды жалғастыру.
1. Оқу білім бұлағы..... (білім өмір шырағы)
2. Жаңбыр бір жауса,.... (терек екі жауады)
3. Өнерлінің қолы алтын,.... (өлеңшінің сөзі алтын)
4. Еңбек етсен ерінбей,... (тояды қарның тіленбей)
5. Отан - қуат... (Отбасы - шуақ)
6. Ұланы бар елдің... (ұраны бар)
7. Болат қайнауда шынығады... (батыр майданда шынығады)
8. Білген кісі тауып айтады,... (білмеген кісі қауып айтады)
9. Мың малын болғанша,... (бір балан ғалым болсын)
• М
• ДДүкеншінің тапсырмасы:

Ұйқасын тап.
С –дан бастасаң, Б –дан бастасаң,
Баяулап есетін жел. Аң таяқ батпайтын.
Қ –дан бастасаң, Т –дан бастасаң,
Бекінетін жер. Ыдыс ,сусын сақтайтын.
(самал-қамал) (борсық – торсық)

Қ-дан бастасаң, Ж –дан бастасаң,
Суға толы іші. Тыныс белгісі.
Д –дан бастасаң, Б –дан бастасаң,
Тілі мүкіс кісі. Жайқалған жер жемісі.
(құды-дұдық) (жақша-бақша)

Қыздардың тапсырмасы:

Көрермендерге мақалдың бір жолын айтады, олар екінші жолын табады, көп тапқаны жеңімпаз атанып, сыйлықтар алады.
1. Ер жігіт ел үшін туады... (ел үшін өледі)
2. Әдепті бала – арлы бала,... (әдепсіз бала сорлы бала)
3. Білекті бірді жығады,... (білімді мыңды жығады)
4. Атаңның баласы болма,.. (адамның баласы бол)
5. Әдептілік белгісі... (иіліп сәлем бергені)
6. Қыз өссе елдің көркі,... (гүл өссе жердің көркі)
7. Жері байдың... (елі бай)
8. Жақсыдан үйрен,....(жаманнан жирен)
9. Ердің атын... (еңбек шығарады)
• ҚТауықтың тапсырмасы:
• ССурет құрау Тышқанның тапсырмасы: Өз өнерін көрсету Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Ертегілер еліне саяхат!!! можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 496 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar