Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ертегілер мазмұнына иллюстрация жасау. -

Ертегілер мазмұнына иллюстрация жасау.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3003 | Размер: | Автор: гость
. Атырау қаласы, үш тілде оқытатын дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
№30 мектеп-гимназиясының бейнелеу өнері
және сызу пәнінің мұғалімі Кубашева Жаудир Курмангазиевна

Ертегілер мазмұнына иллюстрация жасау.

Сабақтың мақсаты. Білімділігі: Ертегілер әлемі туралы танымын кеңейту, іздену, зерттеу қабілеттерін дамыту.Ертегі мазмұнымен қызықтыру нәтижесінде оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Дамытушылығы: Сурет салудың түрлі жолдарын пайдалана білуге, сурет мазмұнын шебер жеткізе білу қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Ертегі кейіпкерлерінің бейнесі арқылы оқушыларды жақсы қасиетке бейімдеу.
Түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: Топпен жұмыс,сын тұрғысынан ойлау әдістері.
Көрнекілігі: Суреттер, видео ертегі,түрлі бояулар, қылқалам т.б
Күтілетін нәтиже: Сабақ барысында оқушылар ынталары мен қызығушылықтарын қалыптастыру, өзбетінше бейнелеу іскерлігін меңгеру, сурет салуына, шығармашылық белсенділігіне әсер ету арқылы әр оқушы танып-білуге және шығармашылыққа қажетті затты санасына жеткізу. Өзбеттерімен сурет салуға, сурет тақырыбына байланысты образдарды тұрғызуға, қимыл-қозғалыстарды бейнелеуге түр-түсін беруге бейімдеу.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру:/ топқа бөлу/
II.Ұй тапсырмасы /сұрақ-жауап/
Жаңа сабақ: Видео «Ер Төстік» ертегісі
Ертегілерден біздің бабаларымыздың тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін көреміз. Ертегілерде жауыздық пен әділдік, қастық пен достық, жамандық пен жақсылық күресіп, ақыры соңғылары жеңіп шығады. Халық қиялының нәтижесінде ғылым мен техника ғарыштап өсіп, аспанға ұшатын, айға қонатын корабльдер, теңіз астында бірнеше ай жүзетін сүңгуір қайықтар, жер шарының әр түпкірінен хабар алатын телетайп, телеграф, телевизорлар, жер астындағы метролар т.б ойлап табылды. Бұл- халықтың ой-қиялының іске асуы, адамның ақыл-ойының керемет күші. Ертегіні балалар есі кіргеннен бастап, есейгенге дейін оқып, үнемі қызықтаумен болады. Ертегі баланы еркін ойлауға, армандап қиялдауға, шындықты танып білуге жетелейді. Ертегі қиялдан туған туынды немесе шығарма. Ауыз әдебиетінің ерте заманнан келе жатқан көне де мол мұрасы. Қай ертегіні таңдасақ та ертегінің бәрі /ерте-ерте ертеде, ешкі жүні келтеде/деп басталады. Ертегілер неше топқа бөлінеді. Интерактивті тақтаға топтастыру жазып қойылады. Үш топқа қиял-ғажайып, тұрмыс-салт, хайуанаттар. Мына ертегіні тыңдап көрелікші.
Мағынаны тану: Үш топқа үш тапсырма беріледі.
1. Қиял-ғажайып ертегілері.
2. Тұрмыс-салт ертегілері.
3. Хайуанаттар туралы ертегілер.
4. Түрлі ертегілердің суреттерінен слайдтар көрсету. Әр топ өздеріне берілген тапсырмалар бойынша ертегілер құрастырып қорғайды.
Ой толғаныс: /Ойлан-жұптас-талқыла/
Әр топқа түрлі суреттер беріп осылардан ертегілер құру тапсырылады. Осыған байланысты мақал-мәтел айту.
Үш топқа әр түрлі кейіпкердің суреттерін интерактивті тақтаға жазып, бұлар қандай ертегілерде кездеседі? Тақтаға суреттерді рет-ретімен қойып ертегі құрастыр.
Топтама жасау.
Шығармашылық жұмыс:
1.Кескіндеме бойынша ертегіні бейнелеу.
2. Мүсіндеу арқылы ертегіні бейнелеу.
3. Графика бойынша ертегіні бейнелеу.
Әр топтан баяндаушы шығып қорғайды, әр топ бірін-бірі бағалайды.
Үйге тапсырма:
/Өзің ұнататын ертегі кейіпкерлерін салып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.