Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Есеп. Қанша  қысқа? -

Есеп. Қанша қысқа?

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1051 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: Есеп. Қанша қысқа?
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін жүйелеу. Қанша ұзын, қысқа ұғымдарын қалыптастыру.
2. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын молайту, сөйлеу мәдениетін дамыту.
3. Алға қойған мақсаттарына жетуге, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу, өтіп жатқан Ақ олимпиада Сочи – 2014 спорттық жарысқа қатысушыларға қолдау көрсету.
Типі: жаңа сабақ
Түрі: ойын сабақ
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүиетану, музыка
Көрнекілігі: суретті сызбалар, есеп құрауға сурет, геометриялық фигуралар сызбасы, санамақ, ойын, математикалық жұмбақ, музыкалық би.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру
- Бүгін сіздермен қызықты саяхатқа шығамыз. Бізбен бірге ең мықты, тапқыр, алғыр математиктер барады. Сендердің араларыңда сондай оқушылар бар ма? Мынау тапсырмаларды орындау барысында қашан, қай жерге, баратынымызды анықтайық.

1 2 3 4 5 6 7 8 9
С О Ч И – 2 0 1 4
А) Қайталау сұрақтары
1. Кез-келген саяхатқа шығар алдында ауа-райын білу өте қажет. Бүгін термометр +5 жылылықты көрсетті. Осындай 2 термометр қанша градусты көрсетеді?
2. Кесінді дегеніміз не?
3. Сәуле дегеніміз не?
4. Бұрыш дегеніміз не?
5. Қосу амалының мүшелерінің ата.
6. 5 санының құрамы
7. Азайту амалының мүшелерін ата.
8. 6-ны қосу кестесі
9. Бес саусақтың әрқайсысының өз атаулары бар. соны білеміз бе?
Бас бармағым – атам, үйдің данасы,
Балаң үйрек – әжем, ошақ анасы.
Ортан терек – әкем, отау панасы,
Шылдыр шүмек – шешем, шаңырақ ажары
Титтей бөбек – мен, бәрінің базары.

1-сурет. «Коньки тебу спорты»

Ә) Үй тапсырмасын тексеру
129-бет. №4
4-2=2 6-3=3 8-4=4 10-5=5
9-6=3 10-6=4 8-6=2 7-6=1
Cұрақтар: 1. Қанша артық, қанша кем ұғымы неге қатысты айтылады?
2. Қанша арзан, қанша қымбат ұғымы неге байланысты айтылады?
3. қанша ұзын, қанша қысқа ұғымын қалай түсінесіңдер?
II. Жаңа сабақ. Күннің жады, тақырыбы. Есеп. Қанша қысқа?
2-сурет. «Мәнерлеп сырғанау» көркем жазу минуты
1, 2, 3, 4, 5.
Математикалық диктант
2+4= 8-3= 6+3=
1. Тақтада көрнекілікпен жұмыс
Сары жолақша – 9см
Қызыл жолақша – 4см ?см қысқа
Шешуі: 9см-4см=5см
Жауабы : 5см қысқа
2. Оқулықпен жұмыс
№1 Есептерді салыстыру және шығару
Қызыл лента – 10см Барлығы – 10см
Көк лента – 5см ?см қысқа Қиып алды – 5см
Шешуі: 10см-5см=5см Қалды - ?
Жауабы: 5см қысқа Шешуі: 10см – 5см=5см
Жауабы: 5см қалды.
III. Сергіту сәті
3-сурет. «Биатлон»
«Өз орныңды тап» ойыны 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10. Санамақ айту
Музыка әуеніне би жаттығулары
IY. 4-сурет. «Тау шаңғысы спорты»
№2 Өздік жұмыс. Мәні 4-ке тең болатын қосындылар жаз.
0+4=4 1+3=4 2+2=4
№3 6,6,0 сандарымен тура теңдіктер құр.
6+0=6 6-0=6 6-6=0

Y. 5-сурет. «Фристайл» (сноуборд )
«Кел, ойнайық!»
Әр араға өз гүлін табуға көмектес.
Суретке қарап, есеп құрастыр, оны шығар.
Құман – 10тг ? тг қымбат
Стакан – 6тг
Шешуі: 10-6=4
Жауабы: 4тг қымбат
YI. 6-сурет. «Трамплиннен шаңғымен секіру»
Геометриялық сызба суреттен неше шаршы бар екенін табу.



Шаршы қандай фигура?
- 4 қабырғасы бар, 4 кесіндіден тұрады.
- 4 бұрышы болады.
- 4 қабырғасы тең болады.
- Ол төртбұрыш.
Не үйрендік? Қай жол ұзын? Қай жол қысқа?

кірпі шөп

бақа
Жауап: Бақаның жолы ұзын. Кірпінің жолы қысқа.
Сұрақ: Бақаның жолы неше см ұзын? Кірпінің жолы неше см қысқа?
Жауап: Бақаның жолы 2см ұзын, кірпінің жолы 2см қысқа.
YII. Қорытындылау. Бағалау. (медалдармен марапаттау)
Үйге тапсырма: 130-бет. №4 тапсырма.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.