Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Есептер шығару -

Есептер шығару

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1910 | Размер: | Автор: гость
. Астана қаласы Жамбыл Жабаев атындағы
№4 мектеп – гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Маменова Торғын Қажетқызы

Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару
Сабақтың мақсаты: Тақырып арқылы сабақта пәнді меңгеру
көрсеткішін көтеру.

Сабақтың міндеттері:
1. Жазбаша көбейту және бөлу тәсілдерін қорытындылау, бекіту. Есептерді әртүрлі тәсілмен шығару, есептеу дағдыларын жетілдіру.
2. Оқушыларда күрделі білім мен білікті, ойлауды дамыту.
3. Жылдамдыққа, қатесіз есептеуге, өзін және өзгені бағалауға, өз бетінше
жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, БИС технологиясы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
• БИС:
Кез келген санды 5, 6, 7, 8, 9 сандарына арттыру;
53, 64, 72, 96, 45, 71, 90, 85, 37, 28.
ІІ. Мақсат қою кезеңі:
- Құрметті, оқушылар! Біз бүгінгі сабағымызда алдымызға қойған мақсатымызға жетуге міндеттіміз:
- Тақырып арқылы сабақта пәнді меңгеру көрсеткішін көтеру!

Үй тапсырмасын тексеру: № 8 (118 бет)
22 575 : 301 + (742 – 28) :7 – 18 = 159
235 * 13 +( 366 – 147) * 103 – 10 125 : 25 * 24 = 15 892
(806 * 450 + 430 * 180) : ( 1310 – 565 020 : 657) = 978
(158 368 : 16 : 101 + 9412 – 2713) * ( 1372 – 63 567 : 63) = 2 467 311

ІІІ. Бекіту кезеңі:
1. Ой қозғау:
Математикалық термин:

Қандай да санды 0-ге көбейтсек, ... (0) шығады.
Қандай да санды 1-ге көбейтсек, . . . (сол санның) өзі шығады.
Көбейткіштердің орнын ауыстырғанмен, . . . (көбейтіндінің мәні өзгермейді)
Қандай да санды 0-ге көбейтсек, . . . (0) шығады.

2.

Жаттықтыру:

Жылдамдық, уақыт, қашықтыққа есептер:

ТКШ АКШ ЖКШ
Бір ауылдан бірдей уақытта бір-бірінен қарама-қарсы бағытта екі жаққа екі салт атты жолға шықты. Біріншісінің жылдамдығы 20 км\сағ, ал екіншісінің жылдамдығы 30 км\сағ. Неше сағаттан кейін олардың арақашықтығы 300 км болады? Бассейн екі құбырдың көмегімен суға толтырылды. Бірінші құбыр суды 20 м3\ сағ жылдамдықпен, ал екінші құбыр 30 м3\ сағ жылдамдықпен толтырады. Неше сағаттан кейін бассейндегі судың көлемі 300 м3 болады? АКШ есебі бойынша теңдеу құрастыр
Жауабы: 300км : (20 км\сағ+30 км\сағ) =6 сағ
(6 сағаттан кейін арақашықтық 300 км болады) Жауабы: 300 м3 : ( 20 м3 + 30 м3 ) = 6 сағ.
( Бассейн 6 сағаттан кейін толады) Жауабы:
(30+20)*Х = 300
50*Х = 300
Х = 300: 50
Х = 6
(30+20) * 6 = 300
300 = 300

Теңдеуді шешу:

ТКШ АКШ ЖКШ
Х + 123 = 544 - 112 Х + 819 = 567000: 420 (823 – 628) * Х=18720: 8
Шешуі:
Х +123 = 432
Х = 432 – 123
Х = 309 Шешуі:
Х + 819 = 1350
Х = 1350 - 819
Х = 531 Шешуі:
195 * Х = 2340
Х = 2340 : 195
Х = 12

Сергіту сәті

Амалдарды орындау:
ТКШ АКШ ЖКШ
60 : 15 х 215 – 298 = (108 + 392) – 225 : 5 = 52 : 13 х 100 + 67 =
Жауабы: 642 Жауабы: 545 Жауабы: 467

Жұптық тапсырма (Бір таңбалы сандардың квадрат мәндерін есептеу)

ТКШ АКШ ЖКШ
92 + 1 000 ( 700 – 82) * 2 72 * 10 + 500
81 +1 000 = 1081 ( 700 – 64) * 2 = 1272 49 * 10 + 500 = 990

Баған түрінде есепте:

ТКШ АКШ ЖКШ
456 * 604 290 034 : 786 1 352 700 : 225
Жауабы: 275 424 Жауабы: 369 Жауабы: 6 012

ІҮ. Үйге тапсырма беру.
№ 6 (120 бет)

Оқушылардың білімін бағалау: 10 -12балл – «5»
7 -9 балл - «4»
5-6 балл – «3»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.