Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Есептерді салыстыру. -

Есептерді салыстыру.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1210 | Размер: | Автор: гость
. Бәйдібек ауданы, «Бөген» жалпы орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі Құдияр Салтанат

1-сынып. Математика

Сабақтың тақырыбы: Есептерді салыстыру.
Сабақтың мақсаты:
а/.білімділік: Есеп түрлері жайлы оқушылардың білімдерін
жетілдіру.«қанша қымбат?» , «қанша арзан?»
ұғымдарымен таныстыру.
б/ тәрбиелік: Экономикалық тәрбие негіздеріне қалыптастыру.
Ұжыммен , топпен жұмыс істеуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, кітаптар, портфель, маркер, үлестірмелі материалдар.
Сабақта пайдаланған технология түрі: Дидактикалық білімдерді ірілендіру (ДБІ).
Сабақтың өту әдісі: Түсіндіру, сұрақ- жауап, топпен жұмыс.
Сабақтың барысы: І. Психологиялық дайындық.
Оқушыларды ұйымдастырып, көңілдендіріп алу үшін мына өлең шумағын үш рет айтқызу: Жай, жылдам, өте жылдам.
Қане қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.

ІІ. Қызығушылықты ояту. Алты оқушыға карточка таратылады.

Н 9-4
Ы 2+7
С 3+4
Д 10-6
А 6+4
? 6-6

Оқушы өрнектің мәнін тауып кестеге санға сәйкес әріпті жазады.

7

10 5 4 9 0
с а
н
д
ы
қ

ІІІ. Мағынаны тану: Плакаттармен жұмыс.







Үш плакаттағы суреттерді салыстыру. Бір-бірінен қандай айырмашылықтары, ұқсастықтары бар екенін сұраймын.
«Тең », « бірдей », « әртүрлі », « артық », « кем» ұғымдарын нақтылай түсу.

VІ. Есеп шығару. Көрнекіліктің көмегімен есептерді салыстыру.
Үстел үстінде 5 кітап, қолыма портфель аламын. Есепті айтамын. «Үстел үстінде
5 кітап жатыр, ал портфельдегі кітаптардың 3-і артық..Портфельде неше кітап бар?» Не белгілі? Не білесіз? деп сұраймын. Жауаптар аламын.
1 оқушы тақтаға шығып, шешуін және жауабын жазады.
Шешуі: 5+3=8 8-3=5
Жауабы: 8 кітап 5 кітап

Енді осы есепті түрлендіремін: «Портфельде 8 кітап бар. Ал үстел үстіндегі кітаптардың 3-і кем. Үстел үстінде неше кітап бар? (шешуі жауабы жазылады)
Сосын екі есепті салыстырамыз. Шешуін, қандай амалдармен шығарғанымызды, жауабын салыстырамыз.

V. Оқулықпен жұмыс. 1-есепті 1 оқушыға оқытамын. « Қымбат» сөзін
« артық » сөзімен алмастыруға , « арзан » ұғымын «кем» ұғымымен ауыстыруға болама,
болмай ма? деп оқушылардан сұраймын. Есепті бір оқушы тақтаға шығарады. Екінші бағандағы есепті де шығарамыз.
Шешуі: 7-4=3 7+3=10
Жауабы: 3 теңге қымбат 10 теңге.
Есептің шартын, сұрағын, шешуін және жауабын салыстыру:
2-мысалды 1 оқушыға оқытамын.
Тақтаға үш оқушы шығады.
теңдік теңсіздік санды өрнек
4=4 6<8 5+4
2=2 9>5 8-3

VI. Сергіту сәті:
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір
Сағатқа қарап-ап
Жаттығу аңай-ақ..

VII. Топпен жұмыс: Оқушыларды үш топқа бөліп, І топ «Теңдіктер»,
ІІ топ «Теңсіздіктер» , ал ІІІ топ «санды өрнектер» жазуды тапсырдым.
Дайын болған тапсырманы әр топ басшысы өзі қорғайды.

VIIІ. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға арналған
3-мысалды шығарамыз.
Дәптерде өз беттерінше орындайды.
5-4 4+5 4+4 4-4
5+4 5+5 5-5

Тақтаға оқушылар шығып жазады, мәндерін табады, салыстырады.
5-4=1 4+5=9 5+4=9
IХ. Шығармашылық тапсырманы орындату.
Айжан Маржан Әсем
(плакаттағы суретті пайдалану)

Х. Ой қорыту. Оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.