Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ешкім де ешқашан ұмытылмайды -

Ешкім де ешқашан ұмытылмайды

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1591 | Размер: | Автор: Публикатор
. Мақтарал ауданы, Б. Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебі» жом тарих пәні мұғалімі Саметова Бахыткуль Садуақасқызы

Сабақ тақырыбы: Ешкім де ешқашан ұмытылмайды

«Ешкім де ешқашанда ұмытылмайды»
Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды.
Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.
1940 жылдың орта кезеңінде – ақ (18 желтоқсан) Гитлер командованиесі СССР – ге басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрғақтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты (идеясы) қысқа мерзім ішінде (3–4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді.
«Барбаросса» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО – ны «сансыз» көп ұлттың жасанды және «тұрақсыз бірлестігі», өзінше бір «ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат» деп қарастырды. «Россияның кең – байтақ жерін мекендеген халықтар жөніндегі біздің саясатымыз, - деді Гитлер өз сыбайластарына, - алауыздық пен жікке бөлінудің кез келген түріне қолдау көрсету болуға тиіс.
Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық – түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді.
Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер жасап «Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ – Орал, Түркістан сияқты рейх комиссарияттарын құруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының құрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан кіргізілді. Фашистер Кеңес адамдарын қырып – жою жолына осылай түсті.
Тәуелсіздік тұғырына көтеріліп, бейбіт заманда өмір сүріп жатырмыз. Ел тарихсыз, тал тамырсыз болмайды. Ендігі жерде артымызға бұрылып, тарихымызға көз тастайтын болсақ, тарихымыз тереңде жатыр. Керей мен Жәнібектен сусындап, Абылай арқылы біріктік. Патша үкіметінің отарында жүргенде біраз қиыншылқ көргенімізде рас. Иә, бірақ қазақ деген атпен, кеңпейіл қазақ даласында өсіп өндік. Патша үкіметінің құрамына енген сәттен-ақ көп ұлт атанған болатынбыз. Ұйғырлар мен дүнгендерден бастау алып, өзгеде ұлттар қоныстанды.
Германия мен Италия ,КСРО одағына қарасты жерлерге соғыс ашқан болатын. КСРО-да он екі ел болса, сол ұлт өкілдері бір жұдырықтай жұмылып, жау бетін қайтарған болатын. Бұл ұлттардың бірігіп, қанды шайқаста, елін қорғауы - Ұлы Отан соғысы деген атпен тарихта қалды. Ал енді осы соғыста қазақтың кең байтақ даласына өзге ұлт өкілдері ағылып келе бастады. Бұл ұлттардың көкірегінен итеріп, сыртқа тепкен жоқпыз. Өзге ұлт өкілдерімен бірігіп, қазақтың байлыққа толы даласынан мәуелі өнімдер алып, соғыста жүрген әскерлерге жіберіп отырған болатынбыз.
Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жылдар аралығында болып өтті.Сұрапыл соғыс елге көптеп зардабын тигізіп, халықтың тұрмыс-тіршілігін төмендетіп, елге орасан зор зиянын тигізді. Жайлауда ат шаптырып қой бағып жүрген қазаққа бұл үлкен соққы болды.Бұрын соңды қолына қару алып көрмеген,тіпті қарудың не екенін білмейтін азаматтар соғысқа аттанды. Ер азаматтарымыздың барлығы қолына қару алып,түгелдей соғысқа кетті. Ал үйде қалған апаларымызбен,әпкелеріміз,бұрын елде ер азаматтардың атқарып жүрген жұмыстарының барлығын өз мойындарына алды. Майдан қажеттілігі үшін тынбай еңбектеніп, егіс даласында шөп орып, трактор айдап,мал өсіріп,ет,сүт,тері,астық өнімдерін майданға жөнелтіп отырды.Мектепте білім алып жүрген,жас ұл-қыздарымызда балалық шақтың бал дәмін тата алмай,ерте жастан еңбекке араласып ауыр жұмыстар атқарды.
Соғысқа біздің ауылдан Лесов Әбсен қатысқан. Лесов Әбсен 1924жылы 15маусым күні Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Киров ауданында дүниеге келген. 1942жылы Украина фронтында соғысқа қатысқан.
1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат төртте батыс аумаққа Германиялықтар баса көктеп кірді. Осы кезде Ұлы Отан соғысы басталып кетті. Жазықсыз қаншама адамдарды өлтірді.
Ұлы Отан соғысына қазақ жерінен көптеген әскерлер жіберілді. Сол әскерлер қатарында менің үш атам аттанды. Ілес атам, әкемнің екі ағасы Інәй атам мен Әбсен атам. Олар соғыстың аяғына дейін соғысты және жеңіспен оралды. Ол соғыс
Әбсен атам Жапон соғысында да 1 жыл болды. Ол 1946 жылы елге оралды.
Сөйтіп, көптеген аталар елімізді, жерімізді қорғауға өздерінің үлестерін қосты. Мен сол аталарымды мақтан етемін. Және де ешқашан соғыс болмаса екен деймін. «Соғыс» деген сөздің өзі де қорқынышты. Соғыс ол – күйретуші күш.
Әкеміз соғыс жайында түсірілген фильмдерді көріп отырып, «Е-е қарағым соғыстың шындығы бұдан да сорақы , болады ғой. Кинодағысы ақиқаттан алыс жатыр. Екеуара ,бір қару тиіп, серіктесі мерт болғандар ғана мылтықты жеке пайдаланатын. «Катюша » зеңбірегішыққаннан соң ғой, біздіңәскеріміздің бағы жанғаны. Оған дейін қаншама солдаттарымыз баудай түсіп қырылды» дейтін терең күрсініп, - деп еске алады соғыс ардагерінің ұлы Ілесов Жомарт
Әкесінің айтуынша, бір жолы жаудың төбеден тастаған бомбасынан саптағы жауынгерлерден екеуі – ақ тірі қалыпты. Блиндаждың төбесіне бірінен кейін бірі құлаған бомбалардан жүрегі ұшып қорыққан
17 жасар орыс жігіті ақыл- есінен айрылғандай бір орында тұрып алып секіре берсе керек. Сонда жасы үлкен біздің әкеміз оны тасаға тұрғызып, оны тыныштандырып, окопка отырғызып құшағына алып,солай еткенде ғана аман қалатыны туралы ескертіп, қамқорлық танытады.Таңертең окоптан шығып қарағанда жарылмай қалған бомбалардың бүйірінен «Бауырлар, қолымыздан келгені осы болды» деген жазуды оқиды. Сонда ғана әлгі бомбаларды немістерге тұтқынға түскен совет әскерлері жасағанын біледі.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» - демекші осындай үлкен қиыншылықты,бірлесіп, ауызбіршілікпен ,ынтымақтылықтың арқасында мойымай көтердік.Міне, бұл ''Ұлы жеңіс''жолында қаншама арыстай азаматтарымыз құрбан болды.Осыншама қиыншылықтың арқасында біз жеңіске жеттік.
Лесов Абсен атамыздың соғыста жүріп жазған хаттарынан үзінді келтірер болсақ,
Құрметті ата- ана және бауырларым сіздерге сәлем жолдаушы ұлдарыңыз Әбсен !
Сіздерден алған хатты оқып отырып өзімнің амандығымды хабарлаймын
Сіздердің 4- январь 1943 жылы жазған хаттарыңызды , біз майдандағы қазақ жауынгенлері оқып, жаңа күш, қуат алғандай болып қалдық.
Біздің бөлімдегі қазақ жауынгерлері сіздердің хаттарыңызды алысымен жиналып басымызды қосып оқыдық. Адамнан жыртқыш аңға айналған 5-6 жүз метр жерден оқ атып, өзінің өлім сағатында аласұрып тұрған түні еді. Сіздің хатыңызды оқығанда, Қазақстан –туған ел көзалдымызға келіп, елестеп көңілімізді сондай шаттандырды. Елден, Қазақстаннан алған әрбір хат бізге күш қуат бергендей болып отырады.
Біз , майдандағы қазақ жауынгерлері соңғы уақытта газет бетінен қазақстан колхозшыларының хатын оқып, «Қазақстан колхозшысы» атты танк колоннасын жасау үшін 200 жүз миллион сом қаржы жинағаны туралы хабарды естіп, жаудың жеңілетіне, біздің жеңетінімізге сендік!
Біздің беретін антымыз-жауға ақырғы өлім жазасын беру!
Біздің жерімізге фашистер қаншама қайғы-қасірет әкелді, қанша адамдарды бақытсыздыққа ұшыратты, балаларды ата-аналарынан айырды, ата-аналардың мыңдаған батыр ұлдарын әкетті. Ұлдарын аналарынан, әкелерін балаларынан,әйелдерінен айырды. Адам қаны сел боп ақты, бақытсыз жесірлер мен жетімдер көз жасы мен қайғыға тұншықты.
Кеудені кек кернеді! Мен өз жолдастарым жауынгерлерді алға басып жүрдім. Біз фашистерді қуып жеттік, соққының астына алдық... Ұрыстың жетінші күні кешкісін қоян-қолтық ұрыста мен бірнеше фашисті найзамен түйреп өлтіріп,өзім де жарақаттанып, госпитальға жіберілдім.
Қазір мен жазылып шығып өз бөліміме оралдым, қайтып өз қатарластарымның сабына қосылғаныма өте қуаныштымын. Мен госпитальдан келгенімде жолдастарым мені туысындай қарсы алды.
Ауылдас жерлестерге сәлем айтыңыздар!
Менің атымнан олардың еңбек майданында табысқа жетуіне тілектестік білдіріңіздер.

Сәлеметсіздер ма, құрметті жерлестер!
Сіздерге майдандық сәлем жолдап, жұмыстарыңызға табыс тілеймін.
1944ж декабрь күні біз кескілескен қатты ұрыс жүргіздік. Осы ұрыста бізге қарсы жаудың 8 танкісі келе жатты. Мен жау танкілерін қалайда ілгері өткізбеуге бел будым. Танктерді қирататын екі мина алып, ажал машинасына қарай ұмтылдым.Фашистер оқты үсті –үстіне жаудырды бірақ маған оқ тимеді, апарған минам жау танкісінің астына түсіп күл – талқан болды. Сүйікті ана міне сіздің ұлыңыз міне, осындай.
Сау болыңыздар бауырлар! Менімен жиі байланыс жасап тұрыңыздар, Майданда хаттың орны бөлек қой, ол күшіңе күш қосады. Мені танып сұрағандардың бәріне сәлем айтарсыздар.

1946жылы соғыс аяқталғаннан кейін Лесов Әбсен үйіне аяғы жаралы күйінде қайтады.
Ұлы Отан соғысынан келгеннен соң Ленин атындағы колхоздың Октябрдің 40жылдығы учаскесінде осы учаскенің меңгерушісі қызметін атқарды.
Соғыс аяқталғаннан кейін Лесов Абсенге ел тәуелсіздігін алғаннан кейін ТМД үкіметтері басшыларының 1999 жылғы 8 қазандағы Кеңесінің шешімі бойынша Лесов Әбсенге 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55 жылдығы құрметіне «1941-1945 ж соғыс ардагері» деген белгісі тапсырылды
Жеңістің 55 жылдығына орай Л.Әбсенге ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қолы қойылған құттықтау берілді. Құттықтауда былай жазылған: «Қадірменді Лесов Тәуелсіз Қазақстанның және бүкіл ТМД елдерінің мерекесі –Ұлы Отан соғысындағы жеңісіміздің 55 жылдығына орай шын жүректен жолдаған құттықтауымды қабыл алыңыз. Сіздің және сіздердің ұрпақтарыңыздың ұрыс даласы мен еңбек майданындағы ұлылығы халық жадынан ешқашан өшпек емес. Барлық ауыр сындардан сіздер абыроймен, жеңіспен өттіңіздер. Сіздерге біз өмір бойы қарыздармыз. Сізге және сіздің туған-туысқандарыңызға зор денсаулық, игілікпен бақыт тілеймін» делінген.
ҚР Президентінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі №1439 жарлығы бойынша Ілесов Абсенді 1941-1945 ж Жеңістің 60 жылдығына орай Нұрсұлтан Назарбаевтың қолы қойылған құттықтау І. Әбсенге берілді. Ол құттықтауда былай делінген: « Қадірменді І. Әбсен! Сізді 1941-1945 ж Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 60 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Ұлы Жеңіс сарбаздарының қаһармандығы , майдан далаларында сіз көрсеткен ерлік пен қайсарлық халық жадында мәңгілікке қала бермек. Біз фашизмге қарсы қанқұйлы соғыста ізгілікпен бейбітшілік мұраттары үшін елдің барлық халықтары бірлігінің, жеңіске әрқайсысымыздың қосқан жеке үлесімізбен жаппай ұмытылуымыздың арқасында жеңіп шықтық. Сіз сияқты қайсар ұрпақ өкілдері Отанға қалтқысыз қызмет етудің үлгісі бола отырып, өзінің жауынгерлік еңбегімен біздің бүгінгі таңда жасампаз елде өмір сүруімізге, еркін мемлекет пен демократиялық қоғам құруымызға мүмкіндік берді. Сіздің бүгінгі күні де өз үлгіңізбен жас ұрпақ бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімі мен Атамекенді лайықты қорғаудың қасиетті парызын тәрбиелеуді жалғастырып келе жатқаныңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Сізге мықты денсаулық, береке мен бақыт тілеймін. Өзіңізге және жақындарыңызға бейбітшілік пен жарқын күндер серік болсын!»-деп Президент ерекше ықыласын білдіреді.
Жетісай ауданы әкімі М. ҮмбетовЛ. Әбсенге құттыктау қағазын береді. Құттықтауда былай делінген: « Құрметті Л. Әбсен! Сізді және жанұяңызды жақсылықтың лебіндей жыл құсымен бірге келер Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Наурыз мейрамы жанұяңызға жылылық әкелсін, бір-бірімізге деген достық көңілімізді арайландырып, ізгіліктің сәулесін төксін».
1976 жылы 3 наурызда Л. Әбсенге куәлік берілді. Куәлікте былай жазылған: « Удастоверение Л. Әбсен награжден знаком»
« Победитель Социалистического Серевнавания 1975 года» деген жолдар жазылган.
Әкесінің айтуынша ұлы Ілесов Ескендір 1945 жыл соғыс аяқталды.Майдандағы азаматтарымыздың ер жүректігі мен қайсарлығының арқасында біз жеңіске жеттік.Сонымен қатар ұлы жеңіс жолында ақ жаулықты аналарымыздың да қосқан үлесі көп болды.
Соғыстан кейінгі бірінші жыл ауыл шаруашылығы үшін аса қиын болды.Құрғақшылық елдің,әсіресе оның еуропалық бөлігінің ауыл шаруашылық жағдайына өте ауыр тиді.Жағдай жұмысшы күшінің жетіспеушілігінен де ушықты,ауыл шаруашылық машиналардың көп бөлігі соғыс жылдарында істен шықты,ал жаңадан алынатын машиналар саны аз болды.Жер өңдеу мәдениеті төмен болып,қоғамдық мал шаруашылығы нашар дамыды.Республиканың ауыл шаруашылығы бүкіл КСРО-ның ауыл шаруашылығы сияқты халық сұранысын қанағаттандыра алмады.Ауыл еңбекшілері барлық қиыншылықтарға қарамастан елді қолдарынан келгенше азық-түлікпен қамтамасыз ете берді.Соғыс жылдары мал шаруашылығы да едәуір қиындыққа ұшырады.Мал шаруашылығындағы жұмыстың ауыртпалығы мен қиыншылықтарын шопандар көрді.Олар өте ауыр жағдайларда жұмыс істеді ,көптеген өркениет жетістіктерінен қол үзді,соған қарамастан еңбекте үлкен табыстарға қол жеткізді.
Соғыстан кейін ,яғни,1946жылы КСРО-ның бірқатар аудандарын аштық жайлады.Нан,ет өнімдері,сүт өнімдері жетіспеді.Адамдар аштықтан өле бастады.Осы жылы азық-түліктің негізгі түрлері нан мен ұннан жасалатын тағамдарға етке,өнеркәсіп тауарларына деген баға төмендетілді.Алайда тауар жергілікті халықтарды жеткілікті мөлшерде қанағаттандыра алмады.Соғыстан кейінгі жылдарда колхозшылардың еңбегіне ақы өніммен төленді .Колхозшылар да төлқұжат болмады,олардың аты-жөндері селолық кеңестер жасаған тізімдер арқылы жүргізілді.Соғыстан кейінгі жағдай өте нашар болды.Елді аштық жайлады.Жеуге нан табалмай сандалған адамдарда болды .Нан жасайтын ұн болған жоқ,себебі;астық өндіру күрт азайған болатын .Дүкен сөрелерінде азық-түлік мүлдем жоқ болды.50-жылдардың басында колхозшылар жұмысшы мен қызметшілердің жалақысынан төрт есе аз алды.Үкімет жүргізген азық-түлік өнімдерін төмен бағамен сатып алу саясаты ауыл еңбекшілері тұрмыс жағдайларының көтерілуіне қолайлы жағдай жасай алмады .Соғыстан кейінгі жағдай адамзат тарихында бұрын соңды болмаған аса ауыр,қиыншылықтарға толы күндер болды.Соғыс кезінде бар күш-қайратын жұмсап тер төккен ағайынға ’’жығылғанға жұдырық’’-демекші халықты жаппай жайлаған жұт ауыр тиді.Киерге киім,жеуге нан таппай,ашыққан жұрт әбден сандалды.Үкімет қанша жоспар,қанша реформалар жүргізседе ,елдегі жағдай түзулене қойған жоқ.Арыстандай азаматтарымыз соғыста Отанын қорғау үшін мерт болып,сонымен қоса ,тірі келгендері аштыққа ұшырады.Енді ,жергілікті халықтың бір Аллаға сиынудан басқа шарасы қалмады. Ауыл шаруашылығы ауыр жағдайының себептеріне талдау жүргізген ел басшылығы шаруашылық пен партия органдарын бұрынғы колхоз,совхоздарға қатысты бұра тартушылықтарды жоюға міндеттеді.Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық жағынан жабдықталуын шұғыл жақсарту мақсатында мемлекет қосымша қаражат бөлді .Ауыл шаруашылығы мамандарын дайындау және қайта даярлау жүйесі жолға қойылды.Өнім өндіруді арттыру үшін ұсақ колхоздар ірі колхоздарға біріктірілді.Қабылданған іс-шаралар ауыл шаруашылығының жағдайын біршама жақсартты.Егін ,мал өнімдерін көп өндіру үшін қосымша жалақы төленді.Бұл жылдары мал шаруашылығыда біршама жетістіктерге жетті .
1951-1952жылдары республикада мал басының шығыны көп болды.
Мал шаруашылығының жағдайы ауыр күйінде қала берді.Үкімет мал шаруашылығын өте мардымсыз қаржыландырды мал азығы жетіспеді,бақташылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына жете көңіл бөлінбеді.Мал шаруашылығындағы жұмыстың ауыртпалығы мен қиыншылықтарын шопандар ғана көрді.Соғыстан кейінгі жылдар қанша қиын болсада, біз ол қиындыққа мойымадық .Біз соғысты да,аштықты
да,үкіметтің қатаң тәртібінде көрдік,бірақ,''Қазақ''-деген ұлт болғанымыз үшін бәрін де жеңіп, қиындыққа төзе білдік.Біз-’’Қазақпыз’’,''Қазақ''-деген халық батыр халық,біз өзіміздің ержүрек,батыр халық екенімізді тағы бір рет дәлелдедік.

Бұл-''Ұлы Жеңістің'' қандай еңбекпен ,қандай қиыншылықпен келгенін қазіргі өсіп келе жатқан жас ұрпақ ұмытпауы қажет.Осы тәуелсіздік жолында құрбан болған аға-әпкелеріміздің есімдері ел есінде мәңгі сақталады.Тәуелсіздіктің,бейбітшіліктің қадірін қалай келгенін еш уақытта ұмытпайық Ағайын…..
Қазақстанда бүгінгі күнде ауылдар мен қалаларды Кеңес Одағы Батырларына Даңқ монументтеріне,Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіштер жасалды.Бүгінгі таңда күштеп қоныс аударғандардың ішінде тәрбиеленген халықтар қазақ халқына ерекше көзқарас білдіріп,рахметтерін айтты.Олар қоныс аударған кезде қазақ халқы ерекше мейіріммен қарап,жылы қабылдап,өздеріндегі нанымен бөліскенін және баспаналарын құруға көмектескенін айтады.Қазақ халқы кез келген қиындыққа шыдай білетін,барлық ауыртпалықты көтере білетін ең қонақжай,бауырмал және мейірімді ел.Мен қазақ жауынгерлері мен батырлар,соғысқа қатысқан аталарымызға басымды иемін.Өйткені, біз үшін,келешек,болашақ жастары бейбітшілік,тыныштық заманда өмір сүрсін деп,ата-бабаларымыздың ұзақ жыл бойы жаулардан қорғап қалған жерлерді аман сақтап,тәуелсіз,бейбіт елде өмір сүрулері үшін аянбай шайқасып,ерлік көрсетті.Біз соғысқа қатысқан аталарымыз әпкелеріміз бен мақтануымыз қажет.Себебі,өз бастарын қатерге тігіп,кеудесін атылған оққа жауып,жанын пида етті,Қазіргі кезде Қазақстан бүкіл әлем мойындаған,тәуелсіз,зайырлы мемлекет.

Ұлы Отан соғысына биыл 70 жыл толып отыр. Қазақстан халқы жетпіс жыл бұрын басынан кешкен ауыртпалықты ешқашан ұмыта алмайды.
Бұл соғыста КСРО жеңіске жеткен соң, өзге ұлт өкілдеріне жәрдем қолын созғандар мемлекет сыйлығымен марапатталды Тіпті соғыс бітіп, барлығы өз елдеріне тарап жатқанда кейбір ұлттар елімізде қалып қойып отырды. Иә, осындай қазақтың кеңпейіл даласынан ешкімнің де кетпесі анық.
Ұшса құстың қанаты талатын қазақтың кең байтақ даласында қазіргі таңда 130-дан астам ұлт өкілдерімен бейбітте, бекем өмір сүріп отыр. Ал енді сол елдермен еліміз шегаралас, малдарымыз қоралас жатқан елдерге айналдық. Міне осындай бейбітшілікке біраз тер төккен болатынбыз. Ендігі жерде Ұлы Жеңістің 70 жылдығын көп ұлтты ел болып тойлаудамыз. Бұлардың барлығы бабаларымыздың қонақжайлылығы, дархандығы, батырлығының арқасында келіп отырған дүние.
Бабаларымыздың төккен тері, аққан қаны, бүгінгі таңда бекер кеткен емес. Бұрынғы қазақ хандығы қазіргі Қазақстан Республикасына көтеріліп отыр. Ал енді алға қойған мақсатымыз үлкен. Бұл мақсат жолында аянбай еңбек етіп жүрміз.
Бабаларының болашаққа салып берген дара жолын ұрпақтары мәңгі естен шығармаймыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.