Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ессіз құмарлық – денсаулықтың жауы. -

Ессіз құмарлық – денсаулықтың жауы.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1750 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: Ессіз құмарлық – денсаулықтың жауы.
Сабақтың мақсаты:
1. Білім беру мақсаты: Темекі, ішімдік, олардың химиялық құрамы, ағзаға тигізетін әсері және одан туындайтын ауру түрлері туралы білімдерін толықтыру.
2.Дамыту мақсаты: Білім алушылардың ізденіп, мәліметтер жинауға және ғылыми шығармашылық қабілеттерін, сөз байлығын дамыту.
3.Тәрбиелік мақсаты: Салауатты өмір сүруге, жаман әдеттен жиренуге, азаматтық жауапкершілік сезімдерін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайдтар, буклеттер, рефераттар, кейіпкерлік киімдері.
Сабақтың барысы:
1. Адам ағзасы, адам өмірі, қоғамның бүгінгі проблемасын оқушыға мәселе етіп ұсыну.
2.Адамдағы құмарлық сезімнің күшеюі. Құмартқыш заттар туралы не білеміз? Темекі, ішімдік заттар туралы оқушылардың ізденіс жұмыстарын тыңдау.
3.Конференцияға қатысушыларға ( жазушы, медбике, демограф) сөз беріледі.
4.Құмартқыштарға оқушы көзқарасы. «Жан мен тәнді улама» деген Тоқтардың өз өлеңі.
5.Құмартқыштар туралы халық даналығы мақал – мәтелдер, қанатты сөздер, өлеңдер оқу (жазушы Т.Қосановтың өлеңі).
6.Оқушылар құрастырған көрініс бойынша «Темекі қоғам дерті» бала тәрбиесі ерте отбасынан басталатынын түйіндеу.
7.Қоғамдағы орын алған кемшіліктерге арақ, темекі жарнамалары туралы оқушылардың ойларын тыңдау.
8.Бүгінгі күннің өзекті мәселесі «Салауаттылық – заман талабы» бағытында айтылған адам денсаулығына басты назар аударып, оқушылар өз ойларын қорытындылайды.
1 - Бастаушы: Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Ессіз құмарлық – денсаулық кепілі» деп аталатын конференцияға хош келдіңіздер! Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында дайындалған конференцияның құрметті қонақтарын ортаға шақырамыз. 1- ші қонағымыз жазушы Әнуарды, социолог маман Гаухарды, медбике Айдананы, тарихшы Даниярды, демограф Алиханды ортаға шақырайық.

«Алғашқы байлық – денсаулық» деген халық мақалы бекер айтылмаған. Адам баласы ерте заманнан – ақ денсаулық үшін күрес жүргізіп келеді. «Жаман әдет – жұқпалы аурудай», сол жаман әдет – қылықтарды бойымызға жұқтырмау үшін күресе білуіміз керек. Үнді халқының тамаша бір мақалы бар «Жақсы мен жаманның айырмасы сиыр мен жыланның айырмасындай, бірі шөпті сүтке айналдырса, ал екіншісі – шөпті уға айналдырады» деген. Осы мақалда келтірілген мысалдың растығына көз жеткізу үшін темекі, ішімдік олардың химиялық құрамы, ағзаға тигізетін әсері және олардан туындайтын аурулар туралы білеміз.
Ал енді балалар біз осы темекі мен арақтың шығу тарихы және оның химиялық құрамы туралы жинаған деректерімізді ортаға салып айтайық.
Еркебұлан.Темекінің әу бастағы отаны Америка екені баршамызға белгілі. Темекі алқа тұқымдастарына жататын хош иісті өсімдік. Еуропаға ең алғаш Х.Колумб әкелген. Темекінің хош иісіне байланысты ең алғаш сәндік өсімдік ретінде аулаларда , саябақтарда өсірілді. Бұл күндері темекі жыл сайын сан мыңдаған адам өмірін мерзімінен бұрын қиып түсетін аса қауіпті дертке айналды. Темекінің бір талында ккккккем дегенде 1мг никотин, 1,5 мг аммиак, 15 мг шайыр, 20 мг көміртегі оксидтері, эфир майы, саниль қышқылы, азот болады.
Қарлығаш. Адам алғаш рет темекі тартқанда одан уланады, басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол аяғы дірілдейді. Никотин тыныс алу жолдарының сілемейлі қабықшасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Сөйтіп қорғаныштық қасиеті нашарлайды да, оған микробтар енеді. Сондықтан темекі шегетіндер көбінесе суық тиіп, т.б. ауруларға тап болады. Никотин қан тамырларын тарылтады. Бұл ауа тамыр ауруларына, өкпе, рак ауруларына шалдықтырады. Өкпедегі рак ауруларымен ауырған адамдардың 97 % - ы шылым шегетіндер.
Кәсіп.Темекі түтінінде радиоактивті заттар да болады. Күніне бір қорап темекі тартқан адам мөлшерден артық 3,5 сәулеленуге ұшырайды. Әрбір темекіде 15 – ке жуық әр түрлі концерогендік заттар кездеседі. Күніне бір қорап темекі тартқан адам жылына өкпесіне 1 литр қара май жинайды. Үнемі темекі тартқан адамның ағзасы үнемі никотинді қажет етіп тұрады.
Санжар.Адамдар ерте кезде ішімдіктің дәмін әр түрлі жеміс шырындарынан, ашыған балдан татса керек. Арақ Ресейге 16 ғасырда әкелінген, 1649 жылдан 1795 жылға дейін халыққа тек қазыналық арақтар сатылған. ХІХ ғасырдың аяғында патша үкіметі ішімдік сатуды мемлекет қарауына алған. Ресейде алкогализм жаппай ауруға айналды. Бала үшін әсіресе шешесінің маскүнем болуынан ауыр азап жоқ. Маскүнемдікке салыну ең алдымен адамдардың өмір сүретін ортасына, жанұясына байланысты болады.
Абзал. Өкпенің қатерлі ісігімен ауыратындардың 80 %- ы темекі шегетіндер, ұйқы безінің қатерлі ісігімен , асқазан жарасы, жүрек қан тамыр аурулары жиі таралған. Темекі тартатындардың 70 % - ға жуығы түрлі себептермен өлім- жітімге бейім болады. Темекі тартатын әйелдер салмағы жетімсіз нәресте туады.
Есіңізде сақтаңыз!
• Темекіде 0,8% – 4% - ға дейін никотин болады.
• Салмағы 16 – 20 кг итке 1 тамшы никотин берсе,сеспей қатады.
• Жылқыны сеспей қатыру үшін 7 – 8 тамшы никотин жеткілікті.
• Егер адам күніне бір қорап темекі тартса, бір жылда оның өкпесіне 1 литр шайыр жиналады.
• Темекі тартқаннан кейін адамның ең алдымен ауыратын мүшесі –
• жүрек.
Абылайхан
Күрк – күрк көк жөтел, Жүректің ұстап талмасы,
Күркілдеген не жөтел. Мишықтың құрғап кеткені.
Жасыңнан шексең темекі, Мүгедек, ауру, каллекі
Түбіңе сенің сол жетер. Өмірге қатер төнеді,
Түтінмен ыстап өкпені, Салауатты өмір сүрейік,
Никотин уын төккені. Шекпеңіз дейміз темекі!
Нариман.Егер тартылған темекі мен тартылмаған темекінің филтрін ашып қарасақ, тартылмаған темекінің филтрі аппақ, ал тартылған темекінің филтрі сарғыш болады. Оны қолмен ұстасақ, қолға жұққанын байқаймыз. Бұл біздің ағзамызға зиянды екенін және осыдан тістің кіреуксі сарғайып кететіні белгілі.
Тәжірибе. Бөтелке алынады, оның аузына мақта салынып,ауызы жабылады да, бөтелкенің қақпағына тесік жасалып, темекі орналастырылады. Темекі тартылады.
Сұрақ. – Темекіші бөтелкені кімге ұқсатамыз?
Жауап. – Адамға.
Сұрақ. – Салынған мақта не?
Жауап. – Өкпе.
Сұрақ. – Не байқадыңыздар?
Жауап. – Мақтаның сарғайып, қолға сап – сары болып жұққанын, иісінің жаманын, ішке түтіннің кеткенін байқадық.
-Түтін өкпедегі газ алмасу жолдарын бекітеді, сары түс – шайыр, сонымен қатар онда никотин бар. Никотиннің бар екенін білу үшін жапырақты сүртсек, қарайып қалады.
Кәсіп.Алкоголь – этил спирті, барлық ішімдіктердің құрамында болады. Оны ішкен кезде аз уақытқа адамның көңіл күйі көтеріледі. Сондықтан да бір – екі рет ішіп көрген соң, әр түрлі себептерді сылтауратып, адамның оны тағы ішкісі келіп тұрады. Осылайша бірте – бірте оған құмарлық пайда бола бастайды. Әсіресе бұған ересек адамдармен салыстырғанда жас адамдар тез еліктегіш келеді.
Фатима.Арақ – шарап ішкісі келгендерге, әрине себеп көп. Біреу – «тәбетін ашуға», екіншісі – «тезірек ұйықтауға», үшіншісі – «көңіл күйін көтеру үшін», төртіншісі - «батылдырақ болу үшін». Осының барлығы маскүнемдікке салынудың басты жолдары.
Еркебұлан.
Тоңсаң мені іш, жылынасың Ретсі ыржыңдап күлесің
Қайғырсаң іш, бір пәлеге ұрынасың! Ар ұяттан айырыласың,
Ұялшақсың ба, іш, батыл боласың Оны да өзің білесің!
Біле тұра ішесің, Түрмеге де түсерсің.
Өз кебісіңді өзің пішесің. Мен болдым ғой жексұрын жауыз да
Ұрлықты да жасайсың, Арақ өзі құйылмайды ауызға
15 тәулік айықтырғышқа қонасың Әділетін айтыңдаршы ағайын,
Ішсең қисаңдап жүресің, Кім кінәлі, арақ па, әлде ауыз ба?
Қарлығаш. Арақ адам баласына еш абырой әпермейді. Тарихта қаншама мемлекеттер араққорлыққа қарсы күрес ашқан, оны түп тамырымен жою жолдарын қарастырған, бірақ араққорлықты жоя алмаған. 1929 жылы болған АҚШ конгресінде араққа салынған және арақтан түзелмес деп табылғандарды өлім жазасына кесуге дейін үкім шығарған. Алкоголь ішімдіктерін жиі қабылдау нәтижесінде тән түгелдей уланып, адам «алкоголизм» ауруына шалдығады. Мұндай адамның зейіні ішімдікке үнемі ауып, өзін – өзі бақылай алмайды.
Ал енді қонаққа келген меймандарға сөз берейік.
Тарихшы: – Адам баласы өте ертеден – ақ арақтың зиянын білген және түрлі жолдармен тосқауыл қоюға тырысқан. Мұсылмандарға мұсылмандықтың бір парызы – ішкіліктен аулақ болу деп уағыздаған. Көне Қытайда спирт ішімдіктерін татып алмау туралы жарлық шығарған. Ал көне Спартада құлдарды спирт ішімдіктерімен әбден ішкізіп мас қылып, жас спартандарға мас адамның қандай болатыны, нені бүлдіретінін тәжірибе жүзінде көрсетіп, мас болудан жастарды жирендіріп отырған.
Темекі тартуға сонау ежелгі Мысыр адамдары әдеттенген. Бұған Мысырда перғауындар мүрделерін қазу кезінде саз балшықтан жасалған темекі түтікшелерінің табылуы себепші болды. Алғашқы кезде темекіні адамның жүйкесі шаршағанда тартатын бірден – бір ем деп есептеді. Тіпті Францияның елшісі Жан Нико өз елінің королевасына темекінің ұнтағын жіберіп, оны емге пайдалануға кеңес берген. Темекінің құрамындағы никотин де сол Жан Никоның атынан алынған. Ресейде ХYІІ ғасырда темекі тартуға тыйым салынып, оны тартқан адамдар аяусыз жазаланғаны тарихтан белгілі. Алайда Петр І патшаның тұсында темекі тарту орыс жұртшылығы арасында кең тарады. Өйткені Петр І нағыз темекі тартқыш болған. Уақыт өте темекі көптеген ауруларды: көкжөтел, туберкулез, тамақ ауруларын тудыратыны анықталды.
Медбике: Алкоголь – өте жылдам әсер ететін улы зат. Алкоголь қарынның сілекей қабықшасын және ас қорыту мүшелерін тітіркендіреді. Алкоголь бауырдың, бүйректің жұмысына қауіпті. Алкоголь зәр шығару жүйесінің барлық бөлігінің жұмысын бұзады. Мишық жұмысының бұзылуынан адамның жүрісі, іс – қимылы өзгереді. Оның тыныс алуы баяулайды, тіпті тынысы тоқтап, ұйқы алдында қорылдайды, жүректің жұмысы әлсірейді.
Социолог: - Маскүнемдік ауруы – адамның өзіне және жанындағыларға байқалмай пайда болатын созылмалы дерт. Күнделікті аз – аздан арақ іше берген 5 -10 жылда созылмалы маскүнемге ұшырайды. Жасөспірімдер үлкендерге қарағанда 8 есе тез маскүнемдікке ұшырайды екен. Алкоголдің өте қауіптілігі сол – ұрпаққа зиянын тигізеді. Қазіргі кезде дүние жүзінде 100 млн. ақыл – есі кем балалар бар. Зерттеу бойынша 215 маскүнем ата- анадан 37 – сі шала туылатын бала, 16- сы өлі туатын бала, 38 – сі психикасы дұрыс қалыптаспаған балалар дүниеге келеді.
Жазушы: - Қазақ халқының осы уақытқа дейін көп жауы болды. Отарлық саясат, Кеңес үкіметі тұсындағы шаш ал десе бас алатын ұр да жық саясат, халықты аштыққа ұшырату, репрессия, жерді де, елді тоздырған тың көтеру саясаты, Арал – Балқаш опаты, Қазақстандағы ядролық сынақтардың бәрінен қазақ азса да, тозса да, ұрпағын тәрбиелей білген. Сол апаттардың бәрінен қауіпті, үлкен бір жау бар. Ол –ішімдік. Мұсылман халықтарының ішінде жаман қасиеттерімен алға шыққан тек қазақ халқы болды. Соның бірі – маскүнемдік. Жас жігіттеріміздің мас болып жүруі біздің халықта ешқандай келешектің жоқ екенін көрсетеді. Қалада да, ауылда да жігіт ағаларының көбі адамдық кейіптен айырылған. Тегін берсе ішпейтін ішімдікті соңғы ақшасына алып ішетін де, мейрамхана мен кафелерде қызара бөртіп, айғайлап отыратын қазақ жігіттері мен қыздары. Олай болса, арақ атамыздың асы болған жоқ екен, біз де аулақ болуымыз қажет.
Демограф: - Шет елдердегі қазақтар мен мұсылман мемлекеттері жақсы өсіп – өркендеп отыр. Мысалы, өзбек ағайындары бізден әлдеқайда аз еді ...Сан жағынынан бізді қуып жетіп , басып озды. Олардың саны 25 млн – нан асты. Өзбек халқы дастарқанында арақ көрсетпейді, тойларында арақ қоймайды. Ақсақалдарын тыңдайды. Ең кедей өзбектің өзі бай қазақтан жақсы тұрады.Соңғы онжылдықта қазақ халқы 30 пайыз ғана көбейіпті. Басқа мұсылман халықтары 50 пайызға көбейіп жатқан жоқ па? Әрине, бұл ойланатын жағдай? Арттарына мәңгі бақи өлмейтұғын мұра қалдырып кеткен Әл – Фараби мен Қорқытты, Бұхар жыраудай, Шоқан мен Абайдай, Ахмет Байтұрсынов пен Мұхтар Әуезовтей асылдардың шыққанын ойласаң, шабытыңа шабыт, жігеріңе жігер қосылып, мерейің арта түскендей болады. Осылардың қайсысы арақты татып көріп еді. Ешқашан арақ татып көрмеген қазақ халқының санасы мен зерделілігі сондай, бүгінде халқымыз үш данамыз деп таныған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің кенен ойлары, көсемдік парасаты бізге ауызша таралып, сақталған. Ғасырлар бойы таза ұстап келе жатқан қанымыз бұзыла ма? Бұзылса не бұзады? Асыл тегіміз аза ма? Азса не аздырады?
«Жан мен тәнді улама» Тоқтар өз өлеңін оқиды.
Көрініс «Темекі қоғам дерті».
Бата
Көп ішетін қазақтан сақта Арақтан азбайық
Ішкіш деген мазақтан сақта Темекіден тозбайық
Ішуден болатын апаттан сақта Осы бір сұмдықты
Ішкіштің үйіндегі тозақтан сақта. Баланың баласына
Құя жүр санасына Әумин.
Қорытынды: ХХІ ғасыр даму ғасыры. Адамға денсаулық бір – ақ рет беріледі. Ол өзінен өзі жақсармайды. Оны үнемі күте білуіміз керек. Ол үшін адам санасына «денсаулық», «әдемілік» ұғымдарын сіңіре білуіміз керек. Ендеше зиянды әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, салауатты өмір сүрейік!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.