Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Етістік. -

Етістік.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1011 | Размер: | Автор: гость
. Абдукаримова Мария Зикирбековна ,
Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
Кентау қаласы. ОҚО
Сабақтың тақырыбы: Етістік. 151 бет
Сыныбы
Пәні
Күні 2 «ә»сынып 27.02.2015
Қазақ тілі Семинар сабақ
27.02.2015 ж
Сабақтың тақырыбы Етістік. 151 бет
Сабақтың мақсаты • Оқушыларға сөйлем ішінен етістікті табуды,оның басқа сөзбен байланысын анықтауды,сұрақ қоюды үйрету.
• Сөз таптарын ажырата білуге үйрету.Сөздік қорын байыту, тіл байлығын арттыру.
• Сөйлемдерді әдемі,сауатты ,көркем жазуға,оқу –құралдарын таза ұстауға тәрбиелеу.
Нәтижесінде Етістіктің ережесін меңгереді :
Атқаратын қызметін біледі және
Етістікке тиісті сұрақтарды қоя біледі
Сөз таптарын ажырата біледі.
Ресурстар Ереже жазылған плакат , интерактивті тақта,суреттер,жауап парақтары,тапсырмалар
Сілтеме «Сын тұрғысынан ойлау». «Диалог арқылы оқыту». «Оқу және оқыту үшін бағалау». «Жақын арада даму аймағы». «АКТ»
Сабақтың түрі «Бестігіміз аналарға» шығармашылық сабақ.
Үйге тапсырма Етістік. 153 бет. 5-жаттығу.

Ойлауды Блум бойынша жіктеу Мұғалімнің іс--әрекеті Оқушының іс- әрекеті Бағалау Уақыты
Білу Оқушылармен амандасу.
Сабаққа дайындығын қадағалау
1.Психологиялық ахуал туғызу.
Топқа бөлу:1-топ «Көктем»
2-топ «Шуақ»
3-топ «Нөсер»
Психологиялық дайындық.
Сабағымызды әдемі өлеңмен бастайық
Үй тапсырмасын тексеру:5-жаттығу.151 б.1-2 оқушы оқып шығады..
Сұрақ: Етістік дегеніміз не?
Қазақ тілі өз тілім – анам тілі
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым дара тілім.

Міне,балалар,кемеңгер ғұлама ақындарымыздың тілі - туған тіліміз,қазақ тілі сабағы.
.Амандасты,сәлемдесті.
Көгереді,көктеді;
Әңгімеледі,баяндады;
Мұздады,тоңды;
Қарады,көрді;


Жеке оқушыларды
формативті бағалау 1 мин

3 мин
Түсіну 2.Ой қозғау. «Уақыт шеңбері» ойыны арқылы сөзжұмбақ шешу.

Міне бүгінгі сабақтың тақырыбын айқындап алдық.Яғни етістікті жан-жақты пысықтаймыз.

Әр топ бірнеше етістік келтірейік 1.Мал өнімі: ет. 2.Жыл мезгілі: көктем
3.Сүттен жасалатын тағам: ірімшік.
4.Уақыт бірлігі: сағат. 5.Әкенің әкесі:
Ата. 6.Ауруды емдеуші: дәрігер.
7.Бақыт құсы: Көгершін.
Етістік деген сөз шығады.
Ойнады; жүгірді, күлді,терді,оқыды.
Сұрақ қой: Не істеді? Қайтті? Не қылды? Формативті бағалау 7 мин
Қолдану 1-жаттығу.Жұмбақты жатқа жазу.Етістікті тап.
Бір оқушы тақтаға жатқа жазып,етістікті тауып,сызады.
Құстан аумайды,
Көкте зулайды. (ұшақ)
Жеке жауап берген оқушылар бағаланады. 10 мин
Талдау Көктем тобына:2-жаттығу 151 –бет
Шуақ тобына:3-жаттығу 151-бет.
Нөсер тобына:4-жаттығу 152-бет.
Әр топ өздеріне берілген тапсырмааларды орындайды.
Бір-бір оқушыдан шығып оқып, түсіндіреді Топтық бағалау 7 мин
Жинақтау Тапсырма:
Көктем: Ана жайлы не айта аламыз.Ана сөзін айтқанда қандай сөздер ойымызға оралады.(Ана сөзіне ассоциация жазу)
Шуақ: Ішіне,сыртына: ішкі шеңберге жалқы есім,сырқы шеңберге жалпы есімдерді жаз.
Нөсер: Өлең құрау
Анамызды сыйлаймыз,
___________ тыңдаймыз.
_______________________ ,
___________ боламыз.






1-топ
Қоғайды асырайды
жылытады қуантады
көмектеседі күтіп-баптайды
амандығымызды тәрбиелейді
тілейді

2-топ

3-топ
Анамызды сыйлаймыз,
___________ тыңдаймыз.
_______________________ ,
___________ боламыз.

Формативті бағалау 10 мин
Бағалау Қорытынды:Қарлы кесек ойыны.
Оқушы қолындағы бағалау парақшаны жинап алу Берілген сұраққа жауап алу.
Формативті бағалау 10 мин
Кері байланыс  Не білем?
 Не білдім?
 Нені білмедім?Рефлекция
Оқушылар не түйгендері туралы ойларын жазып іледі.
Айдахар суреттелген плакат арқылы
пікірлерін білдіреді


2 мин
Үйге  5-жаттығу. 153 бет Пысықтау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.