Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
. Аккулиева Жанна,
№116 Дина Нұрпейісова
атындағы жалпы орта
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
Шымкент қаласы

Етістік

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Етістікті сөз табы ретінде таныту. Оқушыларға
заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздердің етістік деп аталатынын
және оған қойылатын сұрақтарды білдіру. Өздік жұмыс істеуге, ізденуге
үйрету.
Дамытушылығы: Етістіктің өзге сөздермен байланысын дұрыс таба білуге, сөздік қорын байытып, байланыстырып сөйлеуін, ойлау жүйесін дамыту, шығармашылық қабілетін жетілдіру.
Тәрбиелігі: Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, жылдам ойлауға, зеректікке, ізденімпаздыққа, сауаттылыққа, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ (экологиялық ертегі сабақ)
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, салыстыру, әңгімелеу, сұрақ жауап,
терме диктант.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, тірек-сызба, топтық
тапсырмалар, суреттер, семантикалық карта, дидактикалық ойындар,
сөзжұмбақ, үлестірме материалдары, Венн диаграммасы, тест.
Жаңа технология: Сын тұрғысынан ойлау
Пән аралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені.
Болашағым, бақытым дара тілім.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Ерте-ерте ертеде жапан түзде сылдыраған бұлақ басында әдемі жалғыз терек өмір сүріпті. 20 жасында ер жетіп, 30-да бұғанасы қатып, бекіп, 40-та кемеліне келіп, 50-ден асқан соң қартая бастапты. Кейбір бұтақтары сынып, қотыр қабығының әр жеріне құрт түсіпті. Құрт көбейіп оның әр жерін тесіпті. Тұла бойы қақсап ауырған соң амал бар ма?
- Ух, жаным-ай, жаным? Енді не қыламын құрт ауруына шалдықтым. Тесіп жеп барады, бұтақтарым сырқырайды, жапырақтарым сыздайды, жәрдем ете көріңдер - деп Терек күні-түні зарлай береді. Оның даусын естіп, бір күні Ақ көгершін ұшып келеді.
- Терек ата, ауруыңыз жаман екен. Мен дәрігердің кім екенін білмеймін, дегенмен іздеп көрейін – деп ұша жөнеледі.
- Балалар, Көгершінмен бірге Теректің ауруын емдейтін дәрігер іздеп жолға шығайық.

Өткенді пысықтау.
- Ол үшін мына тапсырмаларды орындайық.
1-тапсырма: 3 топқа тапсырма.
Лездеме сұрақтар.
1. Заттық атын білдіретін сөз табы? (Зат есім)
2. Кітап, дәптер сөздеріне қойылатын сұрақ? (Не?)
3. Жылқышы, күйші сөздеріне қойылатын сұрақ? (Кім?)
4. Ақсу, Шымкент, Мойнақ қандай зат есімдер (Жалқы)
5. Өзен, мектеп, тау қандай зат есімдер (Жалпы)

Семантикалық карта.
Зат есім
Мысалдар Жалқы есім Жалпы есім Жекеше түрі Көпше түрі
Маржан
Дәптер
Ақтөс
Көлдер
Астана

1 деңгей. «Сөз ойла, тез ойла» ойыны.
-лар, -лер, -тар, -тер, -дар, -дер

- Біз Теректі емдейтін дәрігер іздеп келе жатырмыз. Алғашқы тапсырманы орындадық. Әрі қарай аттанайық.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Мағынаны тану
Көгершін ұшып келе жатып, бір төбенің басында отырған Сауысқанды көреді де, оған келіп болған жайды баяндайды. «Терекке жақсылық жасай гөр» деп өтінеді. Сауысқан: - Әркімнің өз жұмысы бар ғой, менің көмектесуге уақытым жоқ – дейді.
Сауысқанның уақыты жоқ болса, онда біз көмектесейік, мына сөзжұмбақты шешейік. 2-тапсырма

е т і с т і к
1 2 3 4 5 6 7

1. 50 мен 40-тың қосындысы?
2. Үшбұрыштың неше қабырғасы бар?
3. 70+8 қосындысы?
4. Тік төртбұрыштың периметрі дегеніміз не?
5. 1 сағатта неше минут бар?
6. 1дм неше см бар?
7. 50 мен 30-дың айырмасы?

- Қандай сөз шықты? Етістік
Сөз таптары деген атайдың 4 ұлы болыпты. Олар: зат есім, сан есім, сын есім, етістік.
- Балалар, біз бүгін атайдың Етістік деген ұлымен жақын танысамыз.

Ойын: «Үндемес»
Бір оқушы шығып өзіне берілген сөздерді қимылмен көрсетіп түсіндіреді. Қалған топ мүшелері оның қандай сөз екенін табады. Оларға сұрақ қояды.
Суретпен жұмыс.
Іс-қимылды білдіретін суреттер тарқатып, қимыл атауларын айтқызады. Ол сөздер қандай сұраққа жауап береді?

Зат атауларын олардың қимылын білдіретін сөздерімен сәйкестендір.

Ой қозғау.
Оқушылардың өздеріне етістіктің ережесін шығару.
Ақ көгершін одан әрі ұшып кетеді. Қалың тоғайдың маңында жүрген Қырғауылды көреді. Оған мән-жайды айтады. Ол да Көгершіннің ұсынысына өзінің көмектесе алмайтынын айтады. Қырғауыл үшін біз көмектесейік. Ол үшін, балалар мына жұмбақтарды шешейік. (355-жаттығу)

3-тапсырма. Жұмбақтың шешуін тап.
1. Жазда қыдырады, қыста тынығады (Су)

2. Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (Күн)

Етістіктерді тауып, сұрақ қою. Су, күн туралы не білеміз?
1. Сусыз тіршілік жоқ.
2. Күн мемлекеттік нышанымыз тудың ортасында орналасқан.
- Күннен адамға қатысты қандай қасиеттерді алуға болады? (мейірімділік, жылылық)
- Балалар, құстар да балалары жаман тірлік істесе ренжиді екен. Сендер де нашар баға алсаңдар, аналарың ренжиді. Сондықтан жақсы баға алуға тырысайық. Көгершін одан әрі ұшып кетеді, қалың тоғайдың ішінен құй-құлжыта ән салған бұлбұлдың үнін естиді. Ол бұлбұлға келіп, Теректі емдей гөр деп жалынады.
Кешір Көгершін. Маған ренжіме. Менің де өз кәсібім бар ғой. Менің әнімді ормандағы аңдар, құстар түгілі адамдар да жақсы көреді. Мен үшін адамдардан көмек сұра.

- Кәне, Бұлбұлдың бұл тілегін қабылдап, тапсырмасын орындайық.

4-тапсырма. Күннің жадын жазу. Сынып жұмысы.
356-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.

Сергіту сәті. Ән тыңдау. «Ақ көгершін» халық әні.
Үлестірме материалдармен жұмыс.
Көгершін ілгері қарай ұшып кетеді. Айдын көлде сыланып ұшып жүрген аққуға келеді. Оған да Теректі емдей көр деп өтініш айтады. Сонда Аққу:
- Мен қасиетті де киелі құспын. Мен бұл жерден кете алмаймын. Маған көп құстар келеді, ақыл-кеңес сұрайды. Мен саған ақыл айтайын. Сен осы тоғайда үйсіз-күйсіз, жұмыссыз жүрген құстар бар, солардың біреуін тауып, өтініп көр. Мүмкін солардың біреуі ілесіп, теректі емдеп қалар.
- Аққу бізге де ақыл-кеңес айтты. Енді соны тыңдайық.
«Сен білесің бе?»
1. Құстар еш уақытта өз ұяларында ұйықтамайды. Ұяларында олар тек жұмыртқа басарда ғана отырады.
2. Жаз ішінде үш рет балапан өргізетін таңсәріде жырлайтын қай құс? (бозторғай)
357-жаттығу. Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлем құра.
Жүзді, жауды, тасыды, қонды.
Көгершін аққудың ақылын тыңдап, ормандағы жүрген құстардың ішінен бір құсқа кез болады. Ол құс көгершіннің тілегін орындап, онымен бірге Терекке келіп, оның құрт ауруын емдеп жазған екен.

Терме диктант. Берілген сөздердің ішінен етістікті тауып, теріп жаз.

Проблемалық сұрақ:
- Ол қандай құс деп ойлайсыздар?
- Тоқылдақ.
- Олай болса, бүгінгі ертегімізге қандай тақырып қоюға болады?
«Тоқылдақ – орман дәрігері». Содан бері әлгі Терек жайқалып өсіп тұр екен. Тоқылдақ ағашты құрттан, шіруден сақтайды екен. Ал жасыл өсімдіктерді, ағаштарды күтсек біздің денсаулығымызға пайдалы екенін білесіңдер.
Табиғатты аялау бүкіл адамзаттың міндеті, оған сендердің де үлестерің болу керек. Ағаш егу, айналаны таза ұстау, құстарға қамқорлық жасау барлығымыздың міндетіміз.
Шығармашылық жұмыс.
Берілген тірек сөздерді пайдаланып, өлең құрастыр.
............................... торғайды,
............................... қорғайды.
............................... ойнаймыз,
............................... ойлаймыз.
Сабақты қорыту. Венн диаграммасы

Тест тапсырмалары.
1. Етістіктің сұрағын табыңыз.
А) кім? не? Ә) не істеді? не қылды? қайтті? Б) қандай? қай?
2. Етістіктер қатарын тап.
А) ана, бала, әке. Ә) ақ, қалың, биік. Б) оқыды, жазды, жина.
3. Етістік нені білдіреді?
А) заттың қимылын, іс – әрекетін Ә) заттың санын, сынын
Б) заттың мөлшерін, көлемін.
Сабақты қорыту. Бағалау.
Үйге тапсырма: 359-жаттығу. 131 бет Ереже жаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.