Меню
Назад » » »
Етістік
загрузка...

загрузка...
Байкөбекова Ләззат Жолдасқызы,
«Созақ» жалпы орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Етістік


Сабақтың мақсаты: Оқушылар етістіктің сөз таптар арасындағы алатын орны туралы өзіндік пікір қалыптасады және оны өзара ықпалдасу әрекеті арқылы меңгереді.
Алғышарттары: а/Етістік туралы мәліметтерді өз қажетіне пайдалана білді.
ә/ Оқушы кез- келген шағын топтарда жұмыс жасай алады
б/ Тақырыпты талқылап, өздерінің практикасында пайдаланады,ой елегінен өткізу арқылы алғашқы анықтаманы пайдалану алмастыру арқылы білімдерін толықтырады .
Әдіс тәсілі: АКТ. Сыни тұрғыдан ойлау. Диалогты оқу мен оқытуға ықпалдасу іс әрекеті.Аквариум
Сабақтың көрнекі құралы: Аудио, тірек сызба, суреттер, кеспе әріптер,презентация, видео жазба.
Уақытты меңгеру I Проблеманы айқындау кезеңі (14мин)
II Проблема шешу кезеңі (13мин)
III Проблеманың шешімін қолдану(18мин)
I Проблеманы айқындау кезеңі (14мин)
I.Ұйымдастыру кезеңіа) Топқа бөлеміз:.
Бір шумақ өлеңді әнімен нақышына келтіріп орындау арқылы топқа бөлеміз, ол балаларға таныс әндерден алдық.
б) Сыныпта жағымды атмосфера қалыптастырамыз.
Бірігіп жұмыс жасаудың бастапқысы болады. Барлық оқушы бір уақытта бір қолын жұмырықтап жұмып, бір мезгілде ашады . бірнеше рет қайталаймыз.
Ойсергек : «Өзін –өзі бағалау» / 2- мин/
Тақтаға он басқышты баспалдақтың суретін саламыз, оларды нумерациялау төменнен жоғарыға қарай қойылады. Балалар басқыштардың бірін таңдау керек. Өзін – өзі бағалау деңгейін анықтау
1-4 басқыштар таңдағандар, өзін – өзі тым жоғары бағалайтындар
5-10 басқыштар таңдағандар, өзін – өзі нақты ралистік тұрғыдан бағалайтындар
Ой қозғау : / 2-мин/
Сұрақ 1.Балалар қазір қандай қалпақ киеміз?
2. Қазір қандай жыл мезгілі?
3.Қандай ай?
4.Қыс мезгілінде қандай қызықты жағдай, қандай қиындық кездесті?
Жеке жұмыс : Барынша қысқа жауап аламыз, бала өз ойларын қағаз бетіне түсіреді. Әңгімеден зат есімді білдіретін сөздерді тауып астын сыздырамын және өз пікірін дәлелдеп білдіреді.
Қайталау арқылы өткен материалды қайта есімізге түсіре отырып белсене игереміз. Толықтырамыз, маңыздылығын қажеттілігін ой елегінен өткізу, жүйелеу арқылы шешім қабылдаймыз.Сұрақтарға жауап береміз
Топтық жұмыс: Ал, балалар,бірлесіп жұмыс жасалық!
1.«Сөз таптары» туралы не білеміз?
2.Соны еске түсіру мүмкін бе?
3.Сөз таптарынан бірінші танысқан бөлімі қандай?
4.Зат есім туралы не білеміз?
5.Ортаға салып еске түсіріп, сызбасын сызайық

/бос таблицалар келесі
сабаққа ізденіс жұмысы болып
тапсырма беріледі/
Проблема шешу кезеңі 13мин)

Жеке жұмыс : Осы заттың атын білдіретін сөздерін 1 минутта неше сөз жаза алатынымызды байқап көреміз бе?,. Келісесіздер ме? Онда кеттік.

1 – тапсырмаМысалы: Кім? Айдар Не? алма
Әр топтан ең көп жазған оқушы оқып берді.
2- тапсырма Осы сөздердің ішінен өздеріңе ұнаған сөздеріңнен заттың іс- қимылын білдіретін сөйлем құрастыра аламыз ба?
Мысалы: Айдар ауланың қарын тазалады.
/ Кім? / тазалады.
Айдар ( не істеді?) тазалады.
Балалар/ не істеді?/ деген сұрақ зат есімнің сұрағы ма?
Сұрақ:
1.Етістік дегеніміз не?
2.Зат есімнен қандай айырмашылғы бар?
3.Айырмашылығын қалай дәлелдейміз?
Топтық жұмыс:


Тұлғасына қарай Негізгі етістік Туынды етістік
Заттың қимылын білдіретін төл етістік. Сөздің түбірі етістік болады. Түбір етістікке және басқа сөз таптарына жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістік.

Құрамына қарай Дара етістік Күрделі етістік
Бір ғана түбірден тұрады. Кемінде екі,үш сөздің тіркесу арқылы жасалады.

Жариялау:Әр топтың көшбасшысы сызба кестені қорғап, дәлелдеп өз ойын жүйелеп айтып береді.

Сергіту жаттығуы: «Әзілдесіп алайық!» Алдын дайындалған видео сюжетті тамашалау.

III Проблеманың шешімін қолдану:(18мин)

Бастапқы әңгімеге қайта келеміз.Балалар әңгімеден зат есімдерді анықтадық, енді етістіктерді тауып астын сызып,сұрағын қоямыз.
Жұмыстарыңа табыс ,сәттілік тілеймін!

1-тапсырма:Зат есім,етістік арасындағы айырмашылығы мен ұқсатығын анықтау үшін пікірталас ұйымдастырамын.

2- тапсырма:Әр топқа кеспе әріптер тастаймыз. Таңдап алған әріптерге 4 сөзден етістікке мысал келтіру мүмкін бе?
Е Қ Т А Б К
Екті қуанды тарады аунады Берді келеді
Ерді Қорықты Тасыды Асырды Болды Кетті
Емізді қарасты талқылады айдады Берді көрді
еріді бүктеді

Топтық жұмыс: Плакаттар тақтаға ілінеді.
«Кім жылдам» ойынын ойнайық.
Сіздер етістікті білдіретін сөздерді айтып көріңіздер:
Мен жазайынБаспаКеле жатырАйқайлау т.с.






Кері байланыс:Осы сұрақтар төңірегінде хат жазамыз досымызға
1. Топ жұмысының қандай жағымды жақтарына назар аударыңыз
2. Бірлесе жұмыс жасау тиімді болды ма?
3. Топ жұмысын кім басқаруға ұмтылады

Бағалау:
Орындаған тапсырмаларымыз Мұғалім берген ұпай Оқушы жинаған ұпай Баға
Топтастыру
Сөздік жұмыс
Талдау
Кім жылдам
Хат
23 – 25 ұпай - 5
18 – 20 ұпай – 4
10 – 17 ұпай - 3

Үйге тапсырма: 7 – жаттығу.
Назарларыңызға рахмет! Сабағымыз аяқталды. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Етістік можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 298 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar