Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
. Құлджанова Сандуғаш,
Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі. ОҚО, Ордабасы ауданы
Сабақтың тақырыбы: Етістік

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушылардың етістік туралы алған білімдерін пысықтау, қорытындылау.
Сөйлемдерден етістікті табуға, етістіктің түрлерін ажырата білуге, дара етістікті күрделі етістікке айналдыруға арналған тапсырмаларды орындау;
2.Дамытушылық: Оқушылардың зейінін, шығармашылық белсенділігін, білім, білік дағдыларын қалыптастыру;
3.Тәрбиелік: Оқытудың өмірмен байланысын нығайту, шыдамдылыққа, сауаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Кіріктірілген модуль:
Сын тұрғысынан ойлау, Оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау, ақпараттық коммуникативті технологияны пайдалану, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер.

Күтілетін нәтиже:
Оқушылар етістіктен алған білімдерін пысықтай отырып, сөйлемдерден етістікті табады. Дара етістікті күрделі етістіктен ажырата біледі.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, флипчарт, суреттер, маркерлер, оқулық.
Сабақтың жоспары:
1. Білу кезеңі - «Ыстық орындық» әдісі
2. Түсіну кезеңі - «Ойлан тап» әдісі
3. Қолдану кезең - «Айналмалы бекет» әдісі
4. Талдау кезеңі - «жүзім кластері» әдісі
5. Жинақтау кезеңі - «Кафель» әдісі
6. Бағалау кезеңі - «Қорытынды сұрақ»

І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Амандасу, оқушылардың назарын бүгінгі сабаққа аудару.
Жылулық атмосферасын қалыптастыру.
Оқушылар ортаға дөңгеленіп тұрып, сағат тілінің бағытымен бір-біріне бүгінгі күнге сәттілік тілеп, жүрек жарды жылы сөздерін айтады.
Нақыл сөздер жазылған стикерлер бойынша топқа бөлінеді.

Қайырлы күн достар,
Қайырлы күн болсын.
Сейсенбінің күні
Сәттілікке толсын.
Сабақтан алған бағамыз,
Кілең бестік болсын.

«Білу» әр топтан кезекпен «Ыстық орындық» әдісі арқылы сұраққа жауап беріп, мысал келтіреді.

Зат есім туралы не білеміз?
1-топ: Сөз таптарын атаңыз.
Зат есім дегеніміз не?
Қандай сұрақтарға жауап береді?

2-топ: Адамға қатысты сөздерге қандай
сұрақтар қойылады?
Жалқы есім дегеніміз не?
Зат есімнің жекеше түрі дегеніміз не?

3-топ: Жануарлар мен заттарға қатысты сөздерге
қандай сұрақтар қойылады?
Жалпы есім дегеніміз не?
Зат есімнің көпше түрі дегеніміз не?

Қызығушылықты ояту. «Жұмбақ шешу»

Жазда қыдырады,
Қыста тынығады.

Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.


ІІІ. Жаңа сабақ. «Ой шақыру»

2. «Түсіну»
«Мақта қыз бен мысық» ертегісін елестетіңдер, ойларыңа не келеді? Қандай іс-әрекеттерге барады? Интерактивті тақтадан түрткі болу сұрақтары.

Не істеді? Қайтті? Сұрақтары арқылы тапсырманы талқылайды

«Қолдану». «Айналмалы бекет» әдісі арқылы
356-жаттығудағы көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазып шығады.

Тоғайда түрлі аңдар...
Терең шатқалға қояндар...
Қызыл түлкілер тоғайда...
Тиіндер ағаштан-ағашқа...

Жүреді, жасырынады,болады,секіреді

«Талдау». 358-жаттығу «жүзім кластері» әдісі арқылы сұрақ қоя отырып, талдау жасайды.
Үлгі: Жинайды үй, көрпе, ... т,б.
Айтты сабақ, ән,ертегі ...т.б.

Көгершін, жасыл, жинады, айтты, алыс, сөйлесті, ертең, байлады.

Сергіту сәті
Біздер санай білеміз,
Білмегенге күлеміз.
Біреу, екеу, үш, төрт деп,
Бес, алты деп жүреміз.

«Жинақтау». 357 -жаттығуды “Кафель” әдісі арқылы сөйлем құрайды
М: Гүлге көбелек қонды,
Жапалақтап қар жауды.
Балнұр шелекпен су тасыды,
Өзенде қайықпен жүзді.
Қонды, жауды, тасыды, жүзді

«Бағалау».
Сабаққа жақсы қатынасқан оқушыларды бағалау, мадақтау. Жұлдызша, смайлик арқылы бағалау.

“БББ” Стикер арқылы сабақта не біледі, не білді, не білгісі келеді, жазады...



Үйге:
359-жаттығу,
“Білім керек бәріне” әңгіме құрау. 131-бет .
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.